Үздік актер!

Осында кіріп шығатындардың көбі корей сериалдары мен онда ойнайтын актерлер жайлы жақсы біледі. Аттарын жаттау қиын демеңдер, қалаған кезде бәрін жаттап алуға болады.🙂 Ал енді осы уақытқа дейін сіздің жүрегіңізді жаулап, төрінен орын алған актерлер тізімін жасасақ? Сізге кім ұнайды? Дәл сол актер ойнаған корей дорамасын көретін кездеріңіз бола ма? Алдымен өзіме ұнайтын корей актерлерінің тізімін бере кетейін, олар:

Чжан Хек

Image

Continue reading

Құбыжық

Автор: MissK
Аудармашы: Сымбат Әділбек
Кейіпкерлер: Йесон/Энни,Кюхен
Рейтинг: PG-13

1 бөлім. Бастама
Жауапсыз махаббат-жүрек ойлап тапқан ең ақымақ нәрсе.
– Сәлем!-тұтқада құрбымның даусы естілді.
– Саған да сәлем!-түсініксіздікпен жауап бердім.
– Жұма ма?
– Дәл солай!
– Тағы сонда барамысың?Сен бос қиялыңмен емес, дұрыс өмір сүруді үйренсеңші.Жасың болса жиырмаға келді,әлі ешкіммен жүрген емессің.Шынайы өмірге қайтып келсеңші.
-Тағы бітпейтін ақылың ба?Сен шаршамадың ба?Сен таң атпай мазаны алатын сағат сияқтысың.Жұманың кешінде маған тек сен ғана қоңырау шаласың. Continue reading

Корей клиптері қазақша субтитрлармен

Image

Көбіміз k-pop әндерін сүйіп тыңдайтынымыз анық. Осы блогқа бас сұққан екенсіз, яғни сізге де корей сериалдары, поп өнері қызықтыратын шығар. Осы күні көптеген корей клиптерін орысша субтитрлармен көріп жүрміз. Орысша субтитрлерді жасауға болады екен, неге қазақшасын да жасамасқа деген сұрақпен біз корей сериалдарын, клиптерін аударумен жұмыс бастадық. Massaget.kz сайтында сіздер корей клиптерін қазақша субтитрлармен көре аласыздар. Сонымен қатар, өздеріңізге ұнаған клиптерді де қазақшаға аударуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бірге атсалысайық, достар!

КОРЕЙ КЛИПТЕРІ ҚАЗАҚША СУБТИТРЛАРМЕН

Қандай тілегіңіз бар?..

Осы уақытқа дейін Қазақстан телеарналары біраз корей сериалдарын көрсетті. Бұрынырақта көрген сериалдарды сағынышпен еске алып отырамыз. Қазіргілер де артық болмаса – кем емес. Сіздерге сұрақ, жалпы қай сериалдарды қайтадан көргіңіз келеді? Тек қазақ тілінде. Немесе болашақта қазақ тілінде қай сериалдарды ұсынасыз? Егер мүмкіндік туып жатса қазақ тіліне аудару ойда бар. Сондықтан өз ойларыңызды білдірсеңіздер. Алдын-ала рахмет!

Сарбаздарда не жаңалық?

Біздің елге танымал төртеу: Ли Мин Хо (Lee Min Ho), Ким Хёң Чжун (Kim Hyun-joong), Ким Бом (Kim Bom) мен Ким Чжун (Kim Joong) жайлы жаңалықтарға арнағалы отырмын.

Таяуда ғана қыз іздеп жүрген Ли Мин Хо соңғы сериалда бірге түскен Пак Мин Ён-мен (Park Min Young) кездесіп жүр деген хабар тарады. Бұны олардың агенттіктері де растапты. Бұрыннан таныс болғандарына қарамастан, екеудің сезімі соңғы «Қала тыңшысы» дорамасында өрбіген ұқсайды. Қазір бұл жұп ең ыстық жұп саналуда. Ғашықтарға тек бақыт тілейміз! )

Continue reading

Бақытнұр Бәйтелұлы: “Корей жастары өте арманшыл келеді”

Оңтүстік Корей тұрғыны Бақытнұр қандасымызбен сұхбатты жалғастырамыз. Сұхбаттың бірінші бөлімін мына жерден оқи аласыздар. Бақытнұр сұрақтарға жауап бергеніне көп болды. Бірақ дәл сол кездері уордпресс ашылмай, кейін ашылған соң қаңырап қалмасын деп оқырмандарды қайта жинастырдым. Енді кезегі келген сияқты. Әдеттегідей, көп сұрақтар Эльвира ханымдікі. ) Осы сұхбат барысында Кореяның тұрмысы жайлы көптеген мағлұматтар аласыздар деген ойдамын.

Әйгілі “Winter sonata” дорамасы түсірілген парк. Бақытнұрдың жеке фотоальбомынан

Отбасыңа байланысты:
Жұбайың Кореяға сенен кешірек барғанын білеміз. Шет елге тез үйренісе алды ма?

Тіл білмегесін корей тіл курстарына барды. Осында әрбір Университеттің жанында шетелдіктерге арналған корей тілінің курстары бар. Курстар 6 кезеңнен тұрады. 3-кезеңін бітірген кісі едәуір сөйлеп кетеді. 4-5-кезеңін бітірсе ТОПИК атты корей тілінің емтиханның тапсыру арқылы университет, магистратураға түсіп кетеді.
Жұбайым корей тілінің 3-ші кезеңін бітірген. Жап-жақсы түсініп, сойлеседі. Ауа-райы, суы, тамағына да үйреніп кетті.

Қызың әлі кішкентай, дегенмен оның келешегін қазірден жоспарлап жатқан боларсыңдар. Сол жақтан балабақша/мектеп ізейсіңдер ме әлде оған дейін елге қайтуды жоспарлап жүрсіңдер ме?
Әзірге жоспарымыз жоқ. Барлығы уақыт өте келе өз орнымен болады деп үміттенеміз.

Қазақстанда ата-аналар балаларын әсіресе балабақшаларға бір жыл бұрын жаздырып қояды. Кореяда бала-бақшаға сұраныс біздікіндей жоғары ма? Мектеп пен бала-бақша ақысы қандай?
Бала-бақша өте көп, сосын барлығы ақылы. Бағалары әртүрлі. Орташа бала бақшаның ақысы айына 500 доллардан көбірек. Бірақ корейлер үшін мемлекеттен 50%-ға дейін жеңілдіктер береді. Қосымша ата-анасының жұмыс орнынан да жеңілдіктер болуы мүмкін. Жеке меншік мектептерден басқа барлық мектептер тегін.

Continue reading

“Көркем жігіттің” махаббаты + “A.N.Jell – Still as ever” аударма

Алдында «Ел Арна» каналын қосып қалсам, күтпеген жерден «A.N.Jell: Ты прекрасен!» сериалына тап болдым. Бұрыннан осы сериалды неге көрсетпейді екен деген ой болушы еді. Ал, енді міне. Канал басшылығы көрермендердің ықыласына әбден бөленейін деген болар.

Continue reading