Ақпарат

Корейлердің бір-бірлерін атауы бөлік бір әңгіме. Бұрын, «Жүрегімде қалған күз» сериалын қарап отырып, қарындасы ағасына «Упааа» деген сияқты атайтын, ал бізге оны жігіттің атын атап аударатын. Сол кезде ойланатынмын, неге олай аударады екен деп. Бертін келе түсінгенім бойынша, көбіне кәрістер бір-бірінің атын атамауға тырысады екен. Өйткені, толық атын атау біраз дөрекі көрінеді.

Сол себептен қыздар ағасын, жігітін, немесе жақын тартқан адамын (бұл жерде жігітті) «Уппа» деп атайды. Көбінесе субтитрларда «Оппа» деп жазылады. Бірақ мен «уппаа» деп естимін. Негізі корейлердің тілі біраз сақаулау сияқты ма, сол себепті кириллицаға ыңғайланып алынады.

Әпкесін, және де сол сияқты жақын тартқан құрбысын «Онни» дейді. Менің Кореядағы құрбым айтады, «Онни» деп қалсам, бәрі жалт қарайды деп ))

Жігіттер өзінен біраз үлкен, не жасты жігітті «Хён» деп атайды. Жалпы дорамада екі жігіт сөйлесе қалса, «Хёнға» көшіп кетеді. Бәлкім ары қарай проблема болмасын дейтін шығар. )))) Және де “A.N.Jell: Ты прекрасен!” деген дораманы қараған болсаңыздар «Хён-ним» дегенді де көп естисіздер, бұл кішкене жақындатып, сыйлап айтатыны болса керек.

Інісі – әпкесін, не әпкедей көретін адамын «Нуна» дейді.

Және де дорама көргіштер «Сонбэ» деген сөздің қолданысын байқаған болар. «Сонбэ» деп көбіне өзімен жасты, не үлкен жұмыстас, не бір салада қызметтестерді атайды.

Өзінен біраз үлкен ағаны «Ачжошши», ал үлкен апайды «Ачжума» дейді. Осыдан біраз бұрын «Город влюбленных» дорамасында, жасы 30-дан асқан, бірақ тұрмысқа шықпаған қызды «Ачжума» деп айтқаны үшін ренжитін эпизоды бар. )

Корей тілін үйретіп кетті ма деп ойлап қалмаңыздар. Бұл сөздер субитрлар жүргенде аударылмай, тура осындай қалпында жазыла береді. Сол себептен егер субтитрлармен қарайтын болсаңыздар, біле жүріңіздер деген мақсатпен жазып отырмын.

Және де тағы бір сөз көп аударылмайды: «Айгууу» деген. Осы сөзді кәрістер көп қолданады. Бұны кейде «О, Құдайым-ай» деп те аударып жатады. Бірақ нақты аудармасы жоқ сөз. Тек өздеріне ғана түсінікті.

18 thoughts on “Ақпарат

  1. Кәріс тілінде екі “о” әрпі бар ғой, бірі у-ға жақын, бірі кәдімгі о қателеспесем. Сол “оппа”-да “у”-ға жақын о әрпі жазылады.

    Сосын есімдеріне “сси”ды жалғап айтады екен. Мысалы: Хван Тхе Генсси, Джу Юринсси деген сиякты. Типа”господин Хван Тхе Ген” н/е “госпожа Джу Ю Рин” . Бірақ бізде “сси” болып жазылғанымен оқылымы басқаша “ш”-ға жақын.

  2. Ия, жалпы байқағаным сақауланып сөйлейтін сияқты, яғни мұрынмен айтылатын сөздер көп. “Кешір” деген сөзді “Бианео” деп естіп жүрсем, негізі “Миаңнео” деген сияқты айтылады екен.

  3. кәріс тілін үйренуге құмартып жүрмін, әттең жұмыстан қолым босамайды әйтпесе Розыбакиев-Абайдағы Кәріс орталығынан шықпай қоюшы едім.

  4. 🙂 Raidyn aitkany durys, oppa dep jazylgany men aityluy kadimgi uppa. Latynshaga biraz teristeu tusiredi keide..
    Sosyn aga – hyong degendegi ng arpi, kazaktyn ” ң ” arpimen birdei aitylady.

    Jalpy kop narse bilip alypsyn. Nagyz fanatik ekensin!!

  5. Мен де бір сөзін қосып қояйыншы. Бірақ сол сөздің мағынасын білмейді екенмін. Сериалдарда қатты ашуланғанда, ренжігенде бір-біріне “ашш”, (әлде “ащщ”) дегенге ұқсас бір сөзді қолданады. Мұнысы боқтық па, кім білсін?
    «Сонбэ» дегенге антоним “хонбэ” деген сөздері де бар. Мұнысы әріптес, қызметтес, бір мектепте, университте оқитындар өздерінен кішілерге қараты айтады.

  6. Айгууууу сөзін менде жақсы көрем)))
    сонымен қатар кумао,камса(х)амнида деген сөздерді біздің телеарналардан көрермендер жиі естиді,алғыс айту мағынасында қолданылады.Омма,Аппа немесе Омоним,Абоджим апа,әке деген сөздері.Жас қыздарға Агасси деп айтады немесе Агащи деп естілуі мүмкін.
    Корей тілінің грамматикасында өте көп жалғаулар бар,және адамдар сол жалғауларды күнделікті пайдаланады,олар туралы үлкен үлкен кітаптар жазылған,олардың барлығын жаттауға уақыт болса ғой шіркін))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s