“Жүрегімде қалған күз”

Менің ең алғаш көрген сериалым. Мен қатарлы қыздардың көбісінің корея сериалдармен ауруы осы сериалдан басталған шығар. Сіздерде қалай екенін қайдам, мен осы сериалдың әрбір сериясына жылағаным есімде. Көзімнен парша-парша жас аққанын әлі де ұмыта алар емеспін. )) Ешкім көрмесін деп, теледидардың алдына барып отырып алатынмын, бәріне арқамды көрсетіп, өйткені көзім жасқа толып кеткен. ))

Міне, одан бері қаншама жылдар өтті. Қазір енді кейбір сериалдарға кішкене жүрегім шымырлап, көзге жас келетіні болмаса ондай ағыл-тегіл жылау жоқ. Бәлкім мен басқа жанрдағы сериалдарды көп көремін бе…

Басты рөлдердегі актрисаларға да, актерлерге де «крышам» кетті. Менің ғана емес, көптеген қыздарымыз басты рөлді сомдаған Song Hye Kyo-ға ұқсағысы келіп, ұлдарымыз болса актрисаның әдемілігін айтып тамсанумен болды. Және де басты рөлдегі актер Song Seung Hun қазіргі уақытта Кореяда үлкен сұранысқа ие актер. Сырттағы көрермендер оның «East of Eden» дорамасындағы басты рөлінен танып жатса, біз оны бұрыннан танитынымызбен мақтана аламыз. Ал Won Bin болса Корея да ғана емес, бүкіл әлемге танылған «38-параллель» фильмінде ойнап, актерлік өміріне үлкен жол ашты.

Бастыр рөлде Ын Со-ның кішкентай кезін сомдаған Moon Geun Young да қазір бағы ашылған актрисалардың қатарына жатады. Қазіргі уақытта осы актриса түскен «Cinderella’s sister» дорамасын қарап жүрмін. Өте талантты актриса.

Интернетте ностальгия сезімге бөлінгісі келетіндер осы сериалды көп іздейді. Әлбетте дыбысталған нұсқасы жоқ. Бірақ орысша субтитрлармен аталмыш сайттардан қарауға болады.

Бұйырса, болашақта осы сериалдың актерлеры жайында толығырақ жазатын боламын.

5 thoughts on ““Жүрегімде қалған күз”

  1. Бұл сериалдың алғашқы 1 сериасына ғана жыламағанмын, одан кейінгісі түсінікті шығар. Үндемей, көзден аққан жасты сүртумен өтетін сериалдың аяғына дейін уақыт.
    Жас кезін сомдаған актрисаның “Моя маленькая невеста” деген киносын көргенмін комедиялық жанрдағы керемет кино😛
    Ал Won Bin менің “алғашқы” махаббатым ғо🙂

  2. Сол, сын Хонның Ын со өлердегі әрекетін ұға алмадым, бәрі жанталасып клиникада жүргенде ол үйде тамақ ішіп отырады ғой. Өмірде шын ғашықтар қосылмайды деген рас екен.

  3. Анар, просто ол өлгенін көргісі келмеді. Яғни, қабіріне қалай қараймын деп ойлады. Сосын ол өзі де машинаның астына түсіп өледі ғой.
    Көбіне қатты жақсы көрген адамдар ғашығының қабіріне бара алмай қалатын сияқты. Өйткені оның өлімін қабылдау қиын. Міне, сериалда осыны көрсеткен.

  4. Бізді қойшы, жасы 50-ке кеп қалған жездемді жылатқан сериал ғой бұл…
    Әшейінде бізге (бірнеше студент, арамызда абитуриент те бар) кекесінмен қарайтын, тіпті күліп те алатын жездем бір күні бізбен отырып әлгі сериалды тамашалады. Сериал бітпестен сыртқа шығып кетті, кейін біліп жүрміз ғой көңілінің босағанын:-)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s