Неге «дорама»?

Осы Азиялық сериалдар жайында сөз қозғалғанда көбі дорама сөзін қолданады. Өзім де басында түсінбей жүрдім неге дорама деп, бірақ сериалдармен қызығып кеткенде өзің де дорама деп айтып жүргеніңді байқамай қалады екенсің. «Гуглить» етіп көріп, түсінгенім бойынша бұл Жапондық аниме, мангалардың экранизацияланған түрі. Былайынша айтқанда тірі адамдарға айналдыру. Бірақ қазіргі кезде аниме-мангалардың желісімен емес, еркін сценарийлермен де түсіретін дорамалар да өте көп. Дорама сөзі тек жапон сериалдарына ғана емес, жалпы азиялық сериалдарға қолданылып кеткен. Бір ерекшелігі сериал саны өте көп емес. Ары кетсе 20-дан сәл асатын шығар. Ал жапон дорамалары тіптен 10-12 сериядан аспайды. Және де дорамаларда «серия» емес, көбіне «эпизод», не бөлім сөзі қолданылады.

Дорама көрермендерінің аудиториясы көбіне жастар. Өйткені актерлерден көбіне жастарды таңдайды, және де сол елде танымал өнер жұлдыздарын шақыруға тырысады. Бұның әлбетте рейтингке үлкен әсері бар. Көбінесе дораманы тек сол әнші үшін, не актер үшін қарайтындар өте көп. Көрермендердің басым бөлігі нәзік жанды арулар, бірақ дорама сүйгіш жігіттер де аз емес. Ол көбіне тематикасына байланысты болса керек. Жапон дорамаларында медицина, спорт, музыка тематикасындағы дорамалар да баршылық.

5 thoughts on “Неге «дорама»?

  1. мангаға не анимеге негізделген дорамалар оригиналдан қысқа не мүлдем басқа болады.
    Сосын дубляжбен қарау деген жаман әдет бар, дорама мен анимені оригинальді дыбыстаумен қарау керек

  2. “Дорама” деген сөз “драма” деген сөзден шыққан ғой. Жапондарға ағылшын сөздерін, әсіресе екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді айту қиынға келеді. Сондықтан олар “дорама” деп атайды. Корейлер болса, “дырама” дейді. Олар екі дауыссыз қатар келген кірме сөздерде, арасына “Ы” әрпін қыстырады. Ал орысшаға аударған кезде сол жапонша “дорама” деген қалпымен аударылды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s