X-files

«Алып ғимараттарды алыстан жақсы көреміз, жақындай берген сайын толығымен көру мүмкіншілігі азаяды.
Саяхаттап жүргенде сол саяхаттың маңыздылығын түсіну қиын.
Өмір сүріп жатып, өмірдің мәнін түсіну қиын.
Сол сияқты сені жақсы көретін адамдар жаныңда болған кезде оларды бағалауға ұмтылмаймыз.
Мен оған рахметімді айтуым керек қой, ия, сіздер қалай ойлайсыздар?»

Бұл жақында болып өткен «Женщины солнца» немесе «Женщины озаренные солнцем» корей сериалынан алынған үзінді. Сериалдағы актерлардың шеберлігін атап айтпасқа болмайды. Әр кейіпкердің өзіндік түсініксіз мінездерін жеткізе алған актерлер, Голливудтың хас шеберлерін темекі шектіріп қоятын тәрізді.

Сериалдың толық мазмұнын айтып, мыжымай-ақ қояйын. Жалпы айтайын дегенім, ең соңғы эпизоды жайлы. Соңы түсініксіз біткен соң, гуглды аралап, сериал жайлы мәліметтер іздедім. Ең соңғы минуттарында әпкесі сіңлісінің иығында жатып өліп кеткендей болады. Алайда тез-тез кадрлар кеткенде өлді ма, өлмеді ма белгісіз болып қалады.

Сол ізденісім кішкене көңілімді қалдырды. Сериалды түсірген режиссерлардың айтуынша Шин Та Ён сол сіңлісіне иығын қойып жатып, қайтыс болады екен. Ал сүйіктісі Гонг-Конгқа барар жолда ұшақ апатына ұшырайды. Сөйтіп, ең соңғы эпизодта олар жұмақта ма, басқада ма қыдырып жүргенді білдіреді. Міне, корей сериалдары осындай трагедиялық соңынан алыстамағанға ұқсайды.

Маған Са Ульдің гитарада ойнаған өлеңі қатты ұнап қалды. Youtube-тен видеоны іздеп, әннің атын біліп, көшіріп алам деп ойлағам. Сөйтсем, бұл «Pokarekare ana» деген сонау 1917 жылдары I Дүние Жүзілік соғыс кезінде Жаңа Зеландияның маори тілінде жазылған фальклорлық ән екен. Кейін кәрістер өз тілдеріне аударып жазып алған. Тіптен осы өлең Жаңа Зеландияның махаббат гиміні іспеттес.

Маған корей сериалдарындағы саундтректерге, жалпы музыкадағы бейжай қарамайтындықтары өте ұнайды. Мысалы, қарап тұрсақ, осы сериал болмаса мен Бірінші Дүние жүзілік соғыс жайлы да ойламайтын едім, ал сол кезде де адамдар сүйген ғой, күткен, сағынған деген сияқты… Ал осындай әдемі өңдеуден кейін ол өлеңдер жаңа леппен бізге таныла түседі. Ал маори тілі жайлы осы кезге дейін дым білмеген екем…

Міне, осындай қызықтар. Ал әзірге LeeHaNa – Pokarekare ana [Woman In The Sun] әнінен үзінді және орысша аудармасы.


Морские волны разбились о ветер и дождь.
Если будет тихо,
быть может, ты придёшь сегодня,
придёшь из-за моря.
И хотя свет звёзд мерцает,
ночное небо так красиво.
Твои глаза наполнились любовью
и стали ещё красивее.
Только тебя
я буду ждать.
Я буду вечно ждать мою любовь.
Только тебя,
я буду ждать.
Я буду вечно ждать…

3 thoughts on “X-files

  1. Мынау казір қайтадан болып жатыр ғой.. Қызыық..
    Маған да бұ өлең ұнады.Тура мен сияқты іздепсіз. мен бұнын кәрісшесін де таптым..
    1)비 바람이 치던 바다
    잔잔해져 오면
    오늘 그대 오시려나
    저 바다 건너서
    저 하늘에 반짝이는
    별빛도 아름답지만
    사랑스런 그대 눈은
    더욱 아름다워라
    그대만을
    기다리리
    내 사랑 영원히
    기다리리
    그대만을
    기다리리
    내 사랑 영원히
    기다리리

    비 바람이 치던 바다
    잔잔해져 오면
    오늘 그대 오시려나
    저 바다 건너서
    저 하늘에 반짝이는
    별빛도 아름답지만
    사랑스런 그대 눈은
    더욱 아름다워라
    그대만을
    기다리리
    내 사랑 영원히
    기다리리
    그대만을 그대만을
    기다리리 기다리리
    내 사랑 영원히
    기다리리…
    (Red를 기다리며..사랑합니다..)

    Са Уольге келетін болсақ, маған ұнады, мінезі ашық,маладес қыз..
    Та Енды да түсінуге болады, бірақ оның жасағаны иттік қо )

  2. Та Ен соңында өлмейді ғой, тірі қалады. мына жақта тек теңіз жағасында өлең айтып отыр. Ол тірі қалады🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s