Қазіргі тынысым

Дүйсенбі күннен бастап тістерімді тазартуға барып жүрмін. Неге бұрыннан бармадым екен деп ойланып қалдым. Өйткені тазалаудан кейін тістерің ағарып, және де тістің қызыл еттіне де үлкен маңызы бар екен. Көп тазартпаған ет парадантозға ұшырауы мүмкін. Сондықтан бұл процедураны кем дегенде жылына бір рет барып тазарту абзал. Мұндай процедура орташа 8000 тг тұрады (бәлкім басқа жерлерде арзан, не қымбатырақ).

Сериалдардан қазір «Cinderella’s sister», орысша аударғандағы нұсқасы «Сестра Золушки» дорамасын және «Молодожены» деген ТВ-шоу қарап жүрмін. «Молодожены» жайлы кейінірек толық айтармын. Дорама болса әлі толық аударылып бітпеген. Сондықтан, «Вконтактідегі» аударып жатқан фан-саб группаның парақшасына қайта-қайта тексеріп күтіп жүрмін. ))

Осы кезде ағылшын тіліне шорқақтығым сыр білдірді. Бір дораманың аудармасын 15 күндей күтесің, кейде одан да көп. Сол уақытта сен ағылшын субтитрлармен көріп тастауға мүмкіндігін болар еді. Аударма программасымен көруге тырыстым, бірақ бәрібір әсер ондай емес, аударып, көріп шаршап кетесің, және де көп жерін ұқпай қаласың.

Осы дорамада алдында айтып кеткен «Жүрегімде қалған күз» сериалында түскен Moon Geun Young басты рөлде ойнайды. Рөлі ерекше, бұрындары көрермендер оның тек жағымды рөлдерде көріп келсе, осы дорамада ол мінезі түсініксіз, қырсық, бірбеткей қыздың рөлін сомдайды. Әр картина сайын оның өзгеру қалпын көріп тамашалауға болады.

Әлбетте махаббатсыз дорама бос демекші, оның ғашығының рөлін Chun Jung Myung ойнайды. Маған осы жұп өте ұнайды, жарасымды жұп. Интернетте осы жұптың жанкүйерлері көп екен. Тіпті кейбір екеуі түскен фотолардан подборка жасап, бәлкім өмірде де бір-біріне ғашық шығар деген болжамдар жасап жатыр, алайда бұның түбі бәрібір белгісіз.

Ал Золушканың рөліндегі Seo Woo деген актриса жақсы ойнайды, бірақ маған түрі онша ұнамайды. Түріне қарасам, қанша мүмкін болса, сонша пластиканы жасатқан сияқты.

Бұл сериалдың рейтінгі мықты болғанының тағы бір себебі Кореяда танымал топтардың бірі 2РМ тобының әншісі Taecyeon ойнауында. Ол да басты кейіпкерлердің бірін сомдайды.

Сериал қазірде 2010 жылдың ең әдемі картинасы саналып келеді. Енді басып озар тағы сериалдар түсірілмесе бәлкім жыл соңында жақсы жүлделер алар. Егер жүйкеңіз күтуге бейім адам болсаңыз, не ағылшын тілін білетін болсаңыз, көруге кеңес беремін. Сериал 20 эпизодтан тұрады, әзірге 14 аударылған.

2 thoughts on “Қазіргі тынысым

  1. Pingback: “Қазақ” – десе, сенерсің… | Корей толқыны

  2. Pingback: Іздегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар… | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s