Song Hye Kyo (Сон Хе Кё)

Кореяның халық сүйіктісі Сон Хе Кё біздің елімізде де жақсы танымал. Әсіресе «Ыстық ұя» сериалынан кейін бұл актрисаның суретін көрген –  тура танитын күйге түсті. Бұл бекер емес, өйткені осы актрисамен бізде 4 дораманың көрсетілімі болған.

Кәрстердің жыл санағы бойынша Сон Хе Кё 1981 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Жалпы кәрістер көбіне екі туылған күнді тойлайды. Бірін ай жыл санағымен санаса, бірін ортақ жыл санағымен санайды. Сол себептен, бір жас қосып айта ма, сондай ерекшеліктері бар. Сонымен, жалпы жыл санақ бойынша оның туылған күнін 26 ақпан 1982 жыл.

Ең алғаш Сон Хе Кё телеарнаға 1996 жылы «Бақытты күн» дорамасында ойнап шығады. Және де сол жылы, мектеп оқушыларына арналған киімдердің көрсетілімін ұйымдастыратын компанияның ең үздік моделі деген гран-приді ұтып алады. Кейін бірнеше жарнамаларда, теле-шоуларда көрініп жүреді. Ең үлкен танымалдылыққа ол «Жүрегімде қалған күз» сериалынан кейін ие болды. Сонымен қатар, Кореяда ғана емес Азияның көптеген елдерінде көрсетілген «Нар тәуекел» («All In») дорамасындағы рөлі оның актрисалық өміріне үлкен жол ашты. Бұл сериалда ол танымал актер Lee Byeong Heon-мен ойнайды. Сериал барысында бұл жұп өмірде де кездесе бастайды, алайда қарым-қатынастары ұзаққа созылмайды.

Меніңше, Сон Хе Кёнің үздік рөлдерінің бірі ол «Ыстық ұя» («Full House») дорамасындағы образы. Бұл сериалдағы да жұбы болған Rain Кореяда танымал әнші, актер, жалпы халық сүйіктісі.

Сон Хе Кё тек дорамаларда ғана емес, сонымен қатар кино-фильмдерге де көп түседі. Голливудтық туындылардан режиссер Джон Вудің «1949», және американдық индо-триллер жанрындағы «Фетиш» фильмінде ойнаған.

«Мир, в котором они живут» («The World That They Live In») дорамасынан кейін актер Hyun Bin-мен кездеседі деген Корея баспасөзінде қауесет жүр.

Сон Хе Кё көптеген қоғамдық істерге белсене араласып тұрады, қоршаған ортаны қорғау және сақтау бағдарламаларымен Азиялық пандаларды қорғау бірлестігінің елшісі.

8 thoughts on “Song Hye Kyo (Сон Хе Кё)

  1. “Жүрегімде қалған күзге” әбден жылап, бұл қыз мені күлдіре алмайды деп ойлағанмын. “Ыстық ұяны” көргенде ол ой өзгерді, жұбы да тым жақсы актер. Екеуі төбелесіп, не болмаса ұрысып жатқан жерін ерекше зейінмен көруші едім :))) Ұрысқанда да майын тамызады ғо шіркіндер, ұрыс пен төбелестің мұншалық қызық екенін солар ғана түсінетін шығар. Біз болсақ жылап шыға келеміз :)))

  2. кәрістер, жаңа жыл болған кезде (мысалы 2011) жасын қоса береді.
    Қазақта, тек туылған күні болған кезде ғана жас қосады ғой..со сияқты..:)

  3. Pingback: Сон Хе Гё – табиғи сұлулық! | Корей толқыны

  4. Pingback: Жұлдыздар – әскерде! | Корей толқыны

  5. Pingback: Lee Byung Hun (Ли Бён Хон) | Корей толқыны

  6. Pingback: “Ыстық ұя”. Қосымша. | Корей толқыны

  7. “All in”-дағы рөлінен кейін, “Ыстық ұядағы” рөлі мүлде ұнамады. Жалпы осы акртриса туралы пікіріме де теріс әсер етті. “Нар тәуекелде” сабырлы, ақылды болса, ал “Ыстық ұяда” “шііби” десе шіби.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s