Оппа-оппа, Америка, Европа :)

Корейлердің бір-бірлерін атауы бөлік бір әңгіме. Бұрын, «Жүрегімде қалған күз» сериалын қарап отырып, қарындасы ағасына «Упааа» деген сияқты атайтын, ал бізге оны жігіттің атын атап аударатын. Сол кезде ойланатынмын, неге олай аударады екен деп. Бертін келе түсінгенім бойынша, көбіне кәрістер бір-бірінің атын атамауға тырысады екен. Өйткені, толық атын атау біраз дөрекі көрінеді.

Сол себептен қыздар ағасын, жігітін, немесе жақын тартқан адамын (бұл жерде жігітті) «Уппа» деп атайды. Көбінесе субтитрларда «Оппа» деп жазылады. Бірақ мен «уппаа» деп естимін. Негізі корейлердің тілі біраз сақаулау сияқты ма, сол себепті кириллицаға ыңғайланып алынады.

Әпкесін, және де сол сияқты жақын тартқан құрбысын «Онни» дейді. Менің Кореядағы құрбым айтады, «Онни» деп қалсам, бәрі жалт қарайды деп ))

Жігіттер өзінен біраз үлкен, не жасты жігітті «Хён» деп атайды. Жалпы дорамада екі жігіт сөйлесе қалса, «Хёнға» көшіп кетеді. Бәлкім ары қарай проблема болмасын дейтін шығар. )))) Және де «A.N.Jell: Ты прекрасен!» деген дораманы қараған болсаңыздар «Хён-ним» дегенді де көп естисіздер, бұл кішкене жақындатып, сыйлап айтатыны болса керек.

Інісі – әпкесін, не әпкедей көретін адамын «Нуна» дейді.

Және де дорама көргіштер «Сонбэ» деген сөздің қолданысын байқаған болар. «Сонбэ» деп көбіне өзімен жасты, не үлкен жұмыстас, не бір салада қызметтестерді атайды.

Өзінен біраз үлкен ағаны «Ачжошши», ал үлкен апайды «Ачжума» дейді. Осыдан біраз бұрын «Город влюбленных» дорамасында, жасы 30-дан асқан, бірақ тұрмысқа шықпаған қызды «Ачжума» деп айтқаны үшін ренжитін эпизоды бар. )

Корей тілін үйретіп кетті ма деп ойлап қалмаңыздар. Бұл сөздер субитрлар жүргенде аударылмай, тура осындай қалпында жазыла береді. Сол себептен егер субтитрлармен қарайтын болсаңыздар, біле жүріңіздер деген мақсатпен жазып отырмын.

Және де тағы бір сөз көп аударылмайды: «Айгууу» деген. Осы сөзді кәрістер көп қолданады. Бұны кейде «О, Құдайым-ай» деп те аударып жатады. Бірақ нақты аудармасы жоқ сөз. Тек өздеріне ғана түсінікті.

8 thoughts on “Оппа-оппа, Америка, Европа :)

  1. Хюң-дегенді ұмытыпсың:)
    Жігіттер өзінен жасы сәл үлкен жігіттерді атайды, кейде жастары қатар болса да..
    иә адам атын атамайды ғо кәрістер, менімен оқитын кәрістер арасында жасы ең кіші қыз басқаларына уппа, онни дейтін.
    Айгууу деген менің жақсы көретін сөзім:))))
    бұрын жатақханада тұрғанда бір қытай балаға қатысты көп қолданылатын еді неудачный қалжың айтқанда:))))

  2. 🙂 Сонбэ сөзін Ф4-да көп қолданған еді, титрда оны дұрыс аудармайды да, сол күйі жұмбақ болып қалған еді, жұмбақтың шешімі табылды. Рахмет Зере!

  3. Сонбэ дегенді жапонша сенпай дейді. сол оқуда не жұмыста өзінен бұрын ерте кірген адамға қатысты қолданады. негізі жасқа қатыссыз қолданылуы керек, осы жерде алдымен келген адамда білімі көбірек адам ретіндегі сыйластық білдірген атау. Қазір сол жаңадан мастерге түсіп жатқандардың кейбірлеріне типа «сенпай» боп жүрм:)))))

  4. Негізі кәріс тілі біздің қазақ тіліне көп ұқсайды. Айгуууу деген сөз біздің ойбуууу деген сөзге сәйкес келеді көбіне )))

  5. Ал оппа сөзі – аға дап аударылады. Оны қыз балалар ағасын айтқанда қолданады. Және де неге екенін білмеймін, кәріс қыздар жігіттерін де оппа дейді.

Пікір қалдыру