Өткенге – болашаққа

Қазір «Ел Арна» «Женщина солнца» сериалын қайта қойып жатыр. Осы сериалдағы Шин Та Ённың жігіті болып ойнайтын актер сіздерге таныс емес пе? Осы актерді көре салаған кезде, қай сериалда ойнағанын есіме түсіре алмай-ақ қойдым. Кейін гуглить етіп қарасам, бұл бұрыыын бізде болған «Все о Еве» сериалында ойнаған актер екен. Осыны біліп, тіптен қуанып кеттім. Өйткені, «Все о Еве» сериалымен менің бойжеткен-балалық шағым да еске түсіп кетті. Естеріңізде болса, сериал кедей және бай екі құрбы қыз туралы болатын. Кедей қыз (Kim So Yeon), бай құрбысының (Chae Rim) бақытты екенін қызғанып, кейін бай қыз Америкаға оқуға кеткенде жігітін өзіне қаратып алады. Дәл осы жігіттің рөлінде, және қазір Шин Та Ённің жігіті болып ойнап жүрген актер – Han Jae Suk.

Мен «Все о Еве» сериалын сол жылдары тамсана қарадым. Ең басты таң қалдырғаны – актерлік шеберлік. Сол кездері актриса Ким Со Ённің (Kim So Yeon) екі жүзді қыздың образын керемет сомдауына айтар лаж қалмайтын. Оның біреуге күліп, біреуге аяғынан шалып жатқанын қарап, тіптен солардың арасына кіріп кетіп, жігітіне «Сенің қызың зұлым, көзіңді аш» – деп айтқым келіп кететін еді ))

Ал, актриса Чае Рим (Chae Rim) әркез менің жадымда бейнесі жарқын, күлкісі әдемі актрисалар қатарында қалмақ. Жігітін тартып алғанына қарамастан, құрбысына кек сақтамай, достық пейілмен махаббатын басуға ұмтылады. Әлі есімде, қатты қиналып кетеді де, сол кезде досы оны бір шалғай жаққа апарып, айқайлап алуын сұрайды. Ол айқайлап, жылап тұрып, жігітін жүрегінен босатуға тырысады. Кейін бір кездері маған да сондай бір ойлар келетін. Айқайлап алсам ба деген ))) Бірақ шалғай жаққа қайда шығу керек екенін білмедім.

Тағы да осы сериалда басты кейіпкерлердің бірін сомдаған Jang Dong-gun болатын. Ол осы Чае Римнің досы болып ойнайды. «38-параллель» фильмін қарағандар болса, Вон Бинмен қатар, ағасы болып ойнайтын осы – Чан Дон-Гун. Шынымды айтсам, бұл фильмнен мен оны танымадым. Және дорама-уикиді ақтарып отырып, байқадым. )) Әлбетте қаншама жыл өтіп кетті.

Қарап отырсаңыздар, осы төрттіктегі барлық актерлер қазір де жақсы көтерілген. Мысалы, Ким Со Ённің соңғы ойнаған дорамасы «Очеровательный прокурор», және де алдыңғы ойнаған «Айрис» дорамасы да осал емес. «Айристі» қарап отырып, Со Ённің ойынынан ләззат алдым. Түрі де, өзі де, маған сондай жақын көрінді, біртүрлі сағынып қалсам керек. )))

Ал Чае Риммен әлі де бір дораманы қарай алмай жүрмін. Соңғы бір ақпараттарда оның тұрмысқа шығып, бір вьетнамдық па баланы асырап алғаны жайлы оқығам. Оның басты кейіпкер болып ойнаған «Весна О Даль Чжи» дорамасын бастап, бірақ ары қарай тартпай қойды. Сонда да әлі де актерлік өнерден алыстамағаны қуантады.

Ал Хан Чже Сок қазір сіздердің назарларыңызда. «Все о Еве» сериалында оның тағдыры өте ауыр болады, аяғында корейлік жанрда ана өмірге аттандырып жібереді. Тағы да сол жас пен өкінішке толы сериал. Жақында Мегаторрентстен көшіріп алған едім, қайта көруге әлі тартпай жүр. Бір күні сол естен кетпес дораманы қайта қарап, бұрынғы балалық сезімді қайта жаңғыртамын деген ойдамын, Инш!😉

6 thoughts on “Өткенге – болашаққа

  1. хахаха дораманың әсері деген осы ғой:))) ана айдалаға барып айқайлағым келді дегеніңе айтам:))))
    Айтпақшы Айрис Жапониядакөрсетіліп бітті, или же келесі апта біте ма, сондай бірдемке, рейтингі қаншалықты болғанын білмедім, бірақ та кешкі сағат 9-да голден таймда жүргені енді, Ли Бен Хоға деген сұраныстың көрсеткіші:). Дәл сол кезде менің сүйікті бағдарламам болғандықтан қарамадым, жәй арасында сығалап көргенім болмаса:))). Бірақ тегі осы ЛиБенХоға сондай бір драматичный рольдар керемет келеді екен, ана ALL-Inдеде бір лезвиенің қырындағы өмір еді, мына Айрис те де сол:).

  2. Pingback: Ким Со Юн (Kim So Yeon) | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s