«Жас жұбайлар» реалити-шоу

«Жігіттің сарбаздарын» жазып, блогтың рейтінгісін көтермесе болмайтын сияқты.)) Алдында Көк базар жақтан өтіп бара жатсам, осы сериалдың плакаттарын іліп тастапты, бәрін 200 теңгеден сатып жатыр. Суретке түсіріп алу керек еді, кейін ойға түсті.

Негізі сериал жайлы емес, сол жердегі актер Ким Хён Чжун жайлы сөз қозғағым келеді. Сериалды көрген кезде ол маған онша ұнамаған болатын. Біртүрлі қызға ұқсайды, сосын біраз әлжуаз көрінді )) Кейін «Жас жұбайлар» («We’ve got married» «Молодожены») Реалити-шоуда көріп, қазір ұнатып жүрмін. Көрген сайын оның приколдарына жатып қаламын. Шынымен өте прикольщик жігіт екен. Шығармайтын нәрсесі, айтпайтыны жоқ. Манганы жақсы көреді екен, қайда жүрсе бір қора манга кітаптарын өзімен бірге алып жүреді. Бұл реалити-шоуда көрерменге ойнаса да, көбіне өз болмысында жүреді ғой. Сол себептен өмірдегі Ким Хён Чжун маған көбірек ұнайды екен. Және де бұл шоуда ол біраз денелі, келбетті көрінеді.

Бір байқағаным, шоуға қатысатын әртістердің өздері Ким Хён Чжунді «Idol» деп көргісі келіп, сөйлескісі келетіндерін айтып қалады. Сонымен қатар шоудың кейбір эпизодтарында SS501 тобының барлық мүшелерінің көруге мүмкіндік бар. Олар “хёндарын” қолдауға, көмектесуге келеді.

Реалити-шоу жайлы айтар болсам, өмірімде ең ұнаған шоулардың бірі. Көрген сайын күлкіден үстел астында жатамын ))) Өте позитивный шоу. Сюжеті «Дом-2»-ға келеді. Бірақ салыстыруға дым келмейді. Біріншіден бұл шоуға көбіне ел алдында жүрген танымалдылар қатысады. Екіншіден, анау құрыған реалити-шоудағы сияқты қырғын-төбелес, ашық-шашық, боқтау деген жоқ. Бәрі сыпайы, тіпті бетінен сүюге ұялып жүреді ғой. Сөйтіп, қатысатын танымал адамдарды бір күнде үйлендіреді де бір үйге тұрғызады. Кейін миссия беріп отырады. Олар соны орындап, жаңа үйленген отбасын көрсетеді.

Бұл жақта енді тек ойнайды деп айту қиын, өйткені реал өмірде де ғашық болып қалғандарын байқауға болады. Корейлердің сезімталдығын еске алсақ, бұл өте мүмкін нәрсе. Ким Хён Чжунді айтар болсам, оның жұбы өзінен 6 жас үлкен Хван Бо деген әнші. Енді Хван Бо ғашық болмаса, Ким Хён Чжуннан мұны байқамайсың, бірақ үлгілі отағасын ойнап жүр.

Маған ұнайтын жұп Солби мен Энди. Біріншісі әнші, екіншісі де «Shinhva» тобының әншісі. Солби Эндиді өмірде де ұнатып қалғанын бірден-ақ байқауға болады. Бірақ Энди өте жабық адам сияқты. Бұлар шоуда ұзақ болмайды екен, сонда да өмірде жұп болса керемет болар еді.

Тағы бір жұп: Ин Ён мен Краун Джей. Бұлар шоуға алғаш келгенде екеуі де ерке, қырсық, әрі капризный болатын еді. Басқа жұптарға қарап, әрі бір-бірінің мінездеріне қарап, қазір жақсы өзгеріп келеді. Тіптен аз ұрсысатын да болды, соңғы кездері бір-бірін сыйлап, жақсы үйлесім тауып жүр.

Ең романтикалық жұп болып саналатын Алекс пен Шин Э. Алекс өте дарында әнші екен, және де өте-өте романтичный жігіт. Жүрегі де, жүзі де жылы. Шин Э де жақсы, бірақ біраз Алекске сай емес сияқты. Алекс Шин Э-ні ұнатады, бірақ Шин Э көп тормозить етеді. Басында жақсы бір жұп шығар ма деген ойда болып едім, кейін келе бұл ойымнан айнып қалдым. Романтиканың барлық түрін көрсеткенімен, бұны түсінер Шин Э жоқ. Алайда талай корей жігіттеріне үлгі болды Алекс.

Бұл реалити-шоудың қазір 21 сериясы аударылған. Ал жалпы саны белгісіз. Өйткені шоу 2008 жылдан бері түсіріліп келеді, әлі күнге дейін болып жатыр. Неше түрлі әртістер, әншілер қатысады.

Онлайн көру

9 thoughts on “«Жас жұбайлар» реалити-шоу

  1. Ким Хён Чжун осы жігіттің ше бір клипін көрдім ТВ-дан, бір қыз екеуі бір пәтерге таласып қалады ма, сосын ақыры бірге тұрады ма сондай🙂

  2. Ким Хён Чжунды мен де аса ұнатпағам дорамадан. ол жерде ГуДжуПены ойнаған жігіт ұнады.
    ой жігіттер сарбаздары деп аударған ба не?? мен өткенде сол жапондық ХанаДан туралы жазайын дегем, қазақша қалай деп аударды десем, ешкім білмид, содан ешкім білмей ақыр аяғында жазуға деген желание пропало:))))
    Ал мыналардың ішінен Шин Ены таниды екенмін. Қыздарды мүлдем танымайды екем. Бәрінен Хван Бо керемет сүйкімді қыз екен:)
    Ал Шинваның бір-екі клибын көргенмен ішінде кімдер бар дегенге мән бермеппін. Маған ол«Shinhva» ға қарағанда Super Junior көбірек ұнайды:). Ал Эндиге сәттілік:)

  3. Көшірем міндетті түрде бұл шоуды, тек көруге уақыт табылса ендігісі, ана сенің айтқан Still Want To Marry ұнады ғой маған, хаха
    менің стилімдегі сериал екен не болса да:)))))
    қып-қызыл боп киініп-ап тауда жүргендері енді, ужыс жерде домалап күлдім ғой:)))

  4. Жанна, айттым ғой ұнайды деп.🙂 Күшті позитивный сериал, тағы бірнеше жақсы сөздері бар ішінде.

    Хван Бо суретке осылай сүйкімді болып түседі ғой дим. Өмірде біраз даусы грубый, кішкене ұл сияқты қыз. Хен Чжун прикол айтса жерге жатып күледі ғой, полды ұрғылап. Қызық… )))

  5. Pingback: Гүл құмырасымен жеткізілген сезім | Корей толқыны

  6. Pingback: Ұлдар кімге ғашық, не, қыздар қандай болуы керек? | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s