“Махаббат жасқа қарамайды”

Байқадыңыздар ма, корей дорамаларында актерлердің сол уақытта ойнап жатқан кейіпкерлерінің жастарымен көбіне сәйкес келмейді. Жалпы сәйкес келсе де өте жас көрінеді.

Мысалы, бәрімізге танымал «Жігіттің сарбаздары» сериалында ең басты рөлде ойнаған актерлер бір-бірімен жасты емес. Мысалы, Ку Чен Пе болып ойнаған Ли Мин Хо 1987 жылғы, Чи Ху, а ля Ким Хён Чжун – 1986 жылғы, бәріне ұнайтын И Чжон, яғни Ким Бом – 1989 жылғы болса төртінші дос болып ойнайтын Ким Чжун тіптен 1984 жылғы. Ким Чжун, ең басты рөлде Чан Диді ойнаған Ким Хё Сонмен жасты.

Қарап отырсаңыздар, барлығының жас аралықтары бірталай алшақ. Ал Чан Дидің құрбысы болып ойнайтын Га Ыль болса тіптен одан 5 жас кіші, яғни 1989 жылғы. Сонда, тек Ким Бом мен Ким Со Ён ғана өз жастарындағы кейіпкерлерді ойнаған тәрізді. Қалғандары тіптен сондай жап-жас көрінеді. Ол ол ма, ана Чан Диге тиісіп, өмірін «травить» етіп жүретін үштіктегі бір қыз тіптен 1980 жылғы екен, және де Чи Ху ғашық болған Со Хён, актриса Хан Ча Ён да 1980 жылғы.

Қазіргі көріп жатқан сериалым «Сестра Золушкида» да Мун Гын Ён 1986 жылғы, бірақ 26 жасар қыздың рөлін ойнап жүр. Ал оның жұбы Чун Чжун Мённің түріне қарап, тіптен 1980 жылғы деп айтпас едім, өзі 25-26-дағы жігіт сияқты.

Естеріңізде болса, бізде болған «Жаратқан ием, армысың!» да осыны байқағам, актер Ю Гун жап-жас болып, 27 жасар жігіттің рөлінде ойнайды. Оның жанында актриса біраз үлкен көрінеді, алайда Ю Гуннен 3 жас кіші.

Және мұндай мысалдар көп. Корейліктердің осыншама жас көрінетінің бір сыры пластикада ма деп ойлаймын. Сонымен қатар генетикалық тұрғыдан да әсері бар шығар.

Тағы бір айта кететін жәйт, Ahn Suk Hwan деген актер бар (суретте). Осы актер әркез жасты да, кәріні де, ағаны да, атаны да, әкені де ойнай береді. Шынымды айтсам осы актерді көрсем құсқым келетін дәрежеге жеттім. Гриммасаны жаға бермей, біраз да болса демалса жақсы болар еді.

10 thoughts on ““Махаббат жасқа қарамайды”

  1. хахахаха Ahn Suk Hwan туралы айтасың ау:)))))))
    қайта әр сериалда әртүрлі персонаж ойнағаны қызық маған:)))))
    ДжанДидің әкесі боп ойнағаны ол бар, одан бұрын меніің көргенім ана My Girl-дағы жігіттің дядясы болатын біраз қиялы персонажы ұнайтын:))))

  2. ал жас ееркшелігі туралы айтсам, маған сол Джан Ди дым ұнамаған, сол Джан Ди ұнамағын үшін видимо сериалға көзқарас не то болды менше, әйтпесе жапондыққа қарағанда масштабы мықты болып еді.
    Гу Джюнның қасында ДжанДи жасы үлкен көрінді маған, сосын не по теме гримасаларына үйрене алмай қойдым, тек 10 сериядан кейін біраз үйрендім..Бірақ сонда да.. бяяқ
    жапондық Нарумия Хироки есіме түсіп кетті, скоро 28-ге келед десе де, өткенде мектеп оқушысын ойнап шықты:))))

  3. Вот, Жанна, жапондарда да сондай. Бәрі кішкентай түрлері.🙂
    Соны айтам, маған да Чан Ди ұнамады. Түрін бірнәрсе етіп, сериалды құртқан сол актриса меніңше. Әйтпесе қалған 4-ке айтар лаж жоқ.

  4. Ал өзбектердің киноларында жігіт актер тапшы болғандықтан ба неге екенін түсіне алмадым әлі, 1979 (Шахзода) жылғы қыз бен 1983 (Ұлықбек) жылғы жігітті ғашықтар етіп түсіре береді киноға🙂
    “Зумрат ва Киммат” (қазіргі заманның Золушкісі жайлы) деген кинода Шахзода (1979) Дильноза Кубаеваның (1984) өгей сіңлісі болып ойнайды.
    “Шабнам” фильмінде Ұлықбек (1983) Гүлчехрамен (1981) ғашықтар болады🙂
    Айта берсем көп, просты в тему екен🙂

  5. Маған да “жігіттің сабаздары” ұнады. Біз сиякты жастарға “супер” сериал ғой. Расында да, Чан Ди онша икемді емес осы рөльге.

  6. Pingback: Плэйбой-детективтер )) | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s