Музыкаға да көңіл бөлсек…

Алдында Қалдықыз Ким Хён Чжун түскен бір клип жайлы айтып еді ғой. Сол клипті осында жариялап отырмын. Gummy деген R&B стилінде ән айтатын әншінің «As a man» деген өлеңінің бейнеклипінде Ким Хён Чжун, корейлік актриса Чун Рё Вонмен (Jung Ryeo Won) бірге түскен. Чун Рё Вонды «Меня зовут Ким Сам Сун» дорамасында көргенмін.

Gummy деген әншінің k-pop стилінде ғана емес, рок, блюз, соломен айтатын өлеңдері көп. Осы жылы тұңғыш “Loveless” атты мини-альбомы жарық көрген. Орысша Гамми емес, Коми деп айтылады деп жазылыпты бір жерде. 1981 жылғы әнші. Бірнеше клиптерін қарадым, даусы керемет екен. Ең танымал өлеңдерінің ішінде Big Bang тобымен бірге айтқан “I’m sorry” әні мен осы «As A Man» өлеңі ғой деймін.

Негізі Ким Хён Чжун даәнші екенін білесіздер ғой. «SS501» тобында ән айтатын. Бірақ осы жылы ол контракты ары қарай жалғастыруға қол қоюдан бас тартыпты. Ендігәрі актерлік және соло карьерасымен айналыспақшы екенін айтқан. Сонымен қатар, «SS501» тобының тағы бір мүшесі кететінін айтқан. Бір күні осы топ жайлы толыққанды жазармын. Әзірге Комидің «Еркексің ғой» әнін тамашалаңыздар. (Қазақшаға әлі де құлақ үйренбей жатыр )))

Видео орысша аудармамен берілген. Орысшаға аударған Satin_007 және raima деген керемет адамдарға алғысымызды білдірейік.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s