Ойлануға дәрумендер

Бүгін таңертең жұмысқа келе жатып, бүгінгі тақырыбымды Жапонияға арнаймын деген ой болған. Жұмысқа келе, бір псих ағаймен ұрсысып қалып, барлық ойлаған ойларым күл талқан болып кетті. Енді жапондық дорамалар жайлы ойымды дым жинақтай алмай қойдым. Көңіл күй де жеңіл желпі жазуға келмей қалды.

Алдыңғы күннен бастап «Thank you» атты корей сериалын көріп бастадым. ВИЧ-ке шалдыққан қызы бар жалғыз басты ана және сүйіктісінен айрылған дәрігер жігіт жайлы. Екіншісі сүйіктісінің өмірін сақтап қала алмағандықтан, қайғырып дәрігерлік саламен қош айтысуға бел буады. Сөйтіп, шешесінің сауда үйін кеңейту бойынша алдында айтып кеткен анасы мен қызының үйіне тап болады. Осылай оқиғаның шиеленісі басталады.

Дорамадағы кішкене қыз сондай тәтті, кішкентай болып сондай керемет актриса.

Былайынша дораманың драмасы болайын деп тұрған сияқты. Бірінші сериядан бастап қолға орамал алуға керек болды. Жоқ, ағыл тегіл жылау емес, кейбір адамдардың өмірі мен тынысын көріп, аяйсын. Сөздеріне жүрегің жылайды. Жалпы корейліктердің жан-жақтылығына таң қаламын. Небір мінездерді көрсетеді, барлық заттарды қамтуға тырысады. Көп нәрсені түсінесің, талдайсың, ойланасың. Былайша айтқанда «Пища для разума» )

Сол, әзірге демалыс. 30-ы да демаламыз. Ол кезде бұйырса осы дораманы қарармын. Бітірген соң, сіздермен ойыммен бөлісермін.

4 thoughts on “Ойлануға дәрумендер

  1. Pingback: Таңғажайып өмір | Корей толқыны

  2. K-Pro TV каналынан көрдім бұл сериалды. ӨТЕ ұнады! Ыстық ұядан кейін орын алды менің жеке кішігірім рейтингімде. Сезімтал жандар бұл дораманы көрер алдында қасына бір қап (ор.упаковка) қағаз майлықтан (ор. салфетки) алып отырғаны жақсы. Әр сериясы жылатытын болады. Айтпад демеңіз! Киноға көп жылай бермейтін менің өзімде кем дегенде жарты упаковка кеткен шығар. Өте сапалы, өмірлік дорама! Өте ұнады.

  3. Pingback: “Бұл сериал бұрынғы сериалдан өзгерек…” | MASSAGET WORLD

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s