Кішкене Жапония

Жапондардың дорамасын көп қарай бермеймін. Білмеймін неге екенін. Көбінесе, жасанды сценалар қойып жіберетінінен ба… Очм, бір көрініс жасайды, енді өмірде анадай жасау нереально. Сондықтан, бірден сериал көріп отырғаның есіңе түсіп кетеді. Мысалы, соңғы шыққан «Семь обличий Ямато Надешико» анимесінің дорама түрін тіптен қарай алмадым. Өйткені, сол мультфильмнен түк алыстамаған әсер қалдырды. Кино емес, фэнтези мультик қарап жатқандайсың. Сосын, «Дорогие мои, ученики!» дорамасы да. Балалар кейде тым қатал, жалпы ондай балалар бар ма деген ой келеді. Бірақ енді сонау қиырдағы Жапония болған соң, бар болса, бар шығар деп те ойлап қоясың. Алайда мен үшін нереальный заттар.

Әлбетте, көруге тұрарлық дорамалары да аз емес. Мысалы, маған стюардессалар жайлы «Прошу внимания!» деген дорама қатты ұнады. Басты рөлдерде Жапонияда өте танымал актерлер Уэто Айя (Ueto Aya) мен Нишикидо Рё (Nishikido Ryo) ойнайды.

Маған жалпы идеясы қатты ұнады. Сериал қарап отырып, көптеген қыздар стюардесса болуды мақсат еткен болар. Өйткені, дорама өте позитивті, әрі тәрбиелік жағынан да жақсы қарастырылған.

Сюжет бойынша кілең ұлдардың арасында өскен рокерша қыз, сүйгені стюардессаларды көріп, осындай формадағы қыздар өте әдемі болады деген репликасы үшін, сюардесса боламын деп бел буады. Алайда, бір қарағаннан стюардесса болу оңай көрінгенмен, мақсатқа жету жолында біраз қиындықтарды бастан кешіреді. Және де сүйгенімен де кейін айрылысып кетеді. Сол себепті сол шешімнен бастап, оның өмірі 180 градусқа өзгереді деседе болады. Басында жүрген қыздан қалай стюардесса шығу мүмкін дегенге ешкім сенбейді, шынын айтқанда маған да қатты қызық болды. Енді соңы осы үміттерді ақтап шығады. Бәрі де актердің шеберлігінде деп білемін.

Дораманың 11 эпизодтан тұратын бөлімі және 2 фильмі шыққан. Бірақ соңғы фильмде Нишикидо Рё эпизодта көрінбейді, тек сыртта жүргендігі жайлы ғана айтылады. Сол себептен екі ғашықтың темасы ашылмай қалды (((

Маған өте қатты ұнаған пара еді. Енді тағы жалғасын түсіре ме, ол белгісіз. Бір қызығы, осы дораманы көріп біткенде құрбым қыз босанып, атын Айя қойыпты. Сол кезде осы актриса есіме түсіп, осы жақында Уэто Айя деген актрисаны ұнатып едім, қызық болды деп күлдім. Шынымен сондай керемет актриса, түрі де, өзі де, миниатюрная сондай. Жапонияда жарнамаға түсуден бірінші орын алатын көрінеді. Өзі менімен жасты екен тағы ))

Сонымен қатар, дорамада “стюардесса” емес, “бортпроводница” деген дұрыс деп айтып жатады. Жалпы екіншісі көп қолданылады. Бізде қалай екені белгісіз, көбіне “стюардесса” дегенді көп естимін.

Жапониялық «Мой любимец» атты дорама да қатты ұнаған. Енді ол туралы кейінірек жазармын. )

4 thoughts on “Кішкене Жапония

  1. ондайларды адаптация дұрыс жасалмаған дейді
    ямато надешико дорама емес лайв экшн шығар
    көбісі режиссерге байланысты
    өзім ганз және хаяте но готоку күтудемін. олар да манга бойынша, әйтпесе қарамайтын едім

  2. Pingback: Корей телесериалдарындағы 10 үздік жұп | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s