Өткен махаббатым

Блог бастағаннан бері неге Чжан Гын Сок (Jang Geun Seok) жайлы жазбадым екен деп ойланамын. Өйткені, осы актер ойнаған «A.N.Jell: Ты прекрасен» дорамасын көргеннен кейін мен осы дорамаманиямен ауыра бастадым )) Маған осы актердің харизмасынан болар, қатты оған ғашық болдым. Барлық жерде осы актерді айттым, сериалды көріңдер деп кеңес бердім. Тіпті ол ойнаған бірнеше сериалды да қарап тастадым. Кейін «Хон Гиль Дондағы» рөлі тіптен жақсы екен деп ойлап жүрдім. Інілерім: «Мынау не қыз ба?» деген репликаларына кәдімгідей жынданатынмын ))) Очм, 1 айдай ауырдым ғой деймін. Ол актер ғана емес, әнші болған соң бүткіл әндерін соткаға жазып алып, тыңдадым. Суреттерінің бір 1500-ға жуық коллекциясы бар шығар (ұялған смайлик).

Алайда бертін келе, басқа дорамаларды көре бастаған сайын, ақырындап Гын Сошам ұмытыла басталды. Одан басқа да керемет актерлер, әншілер бар екеніне көзім жетті. Содан кейін мен оның сериалдардағы образдарына ғашық болған екенмін мен деп ойладым. Өйткені, сериалдан тыс өмірдегі Гын Сок маған онша ұнамай кетті. Кейін бір «Мой любимец» анимесіндегі корей нұсқасын түсіруге ол шашын өсірді, содан барып, інілеріммен келіспеске шарам қалмады. Шынымен қыз сияқты болып кетті түрі. Ал қазақ қыздары болғандықтан бізге әрдайым жігіттік қасиеттер, босаңқы, қызтекелік қылықтар біраз ерсі ғой. Сөйтіп, қазір актерлерге “крыша кету” дегенді қойдым. Бәрі уақытша құбылыстар. ))

Анықтама үшін:

Есімі: Чжан Гын Сок / Jang Geun Seok / Jang Keun Suk
Кәсібі: Актёр
Туылған күні: 4 тамыз 1987 жыл
Бойы: 182 см
Туылған жері: Оңтүстік Корея
Білімі:
Ақпан 2000 – Seoul DongYi Primary
Ақпан 2003 – KwangJang
Қаңтар 2003 – New Zealand Nelson College
Шілде 2003 – Bangsan High School First
Ақпан 2006 – Hanyang University Enrollment

Қызығушылығы: аң аулау, шаңғы тебу, би, ән айту
Отбасы: әкесі, шешесі
Сүйікті түсі: көгілдір, ақ
Жақсы көретін жемісі: ананас
Сүйікті тағамы: ащы тағам, GeJang (маринадталған шикі крабтар)
Жақсы сыйлайтын адамы: Kim Gu
Ұнататын актері: Ahn Sung Ki
Өмірлік ұстанымы: “Мүмкін емес нәрсе жоқ”
Жақын достары: CSJH Stephanie, MC Mong, Moon Geun Yong, Yoo Ah In, Choi Si Won

Гын Сок сегізқырлы, бір сырлы жігіт. Ол МС, VJ де болған, мультфильмдегі кейіпкерлердің дауысын салған, актер, әрі модель де. Гын Сок жарнамаға көп түседі, шақыртуды да көп алады. Сонымен қатар Гын Сок гитарада ойнай алады, рэп оқиды, жақсы ән салады және жақсы билейді.

Дорамалары:

You’re Beautiful (2009) = A.N.JELL: Ты прекрасен! =

Beethoven Virus (2008) = Вирус Бетховена =

Hong Gil Dong (KBS2, 2007) = Хон Гиль Дон =

Rainbow Romance (2007)

Hwang Jin Yi (KBS2, 2006)

Alien Sam (2006)

Lovers in Prague (SBS, 2005)

Nonstop 4 (MBC, 2003)

King and I / Ladies in the Palace (SBS,2002)

Orange (SBS,2002)

School (SBS,2002)

Daemang / Great Ambition (SBS, 2002)

Four Sisters’ Story (MBC, 2001)

Women’s World (SBS, 2001)

Hug (SBS, 1998)

Фильмдер:

Itaewon Murder Case / Itaewon Salinsageon (2009)

Niko & The Way to the Stars (2008) – Нико (бұғы) кейіпкерінің дауысын салды (мультфильм)

Do Re Mi Fa So La si Do (2008) = До Ре Ми Фа Со Ля Си До =

Baby and Me / Baby and I (2008) = Малыш и Я =

Happy Life (2007) = Счастливая жизнь =

Crazy Waiting (2007) = Сумашествие ожидания =

One Missed Call Final (2006) = Один пропущенный звонок . Финал =

Treasure Planet (2002) – кейіпкерді дауыстау (мультфильм)

13 thoughts on “Өткен махаббатым

  1. Pingback: Жақсы жаңалық | Кореяны армандауда…

  2. бұл актер туралы хабарым жоқ екен, бірақ ана вирус Бетховена болашқта көргім келеді деген дорамаларға жатады. біраз жерлерден кездестірген едім соны көріңдер деп елдер..

  3. Pingback: Сериал мен аңыз | Корей толқыны

  4. Pingback: “Көркем жігіттің” махаббаты + “A.N.Jell – Still as ever” аударма | Корей толқыны

  5. GEUN SUK менин ЖАААААААНЫМ гой!тап-татти!малыш и я деген кино да вообще кушти!!!кызга туги де уксамайды!корей актерлерин унатпасандар неге бул сайтка кирип коммент тастайсындар?тусинбейм!сендерге унамаса да маган букил корейцтар унайды
    !

  6. қызға ұқсайды деп неге айта бересіңдер?ап-адеми менин жаныма тисе берип!актерлық таланты кереееееемееееееееет!даусы барлығы кушти!тек Ты Прекрасенга түсу ушин ол 8кг-ға арықтаған…

  7. Pingback: “Көркем жігіттің” махаббаты + “A.N.Jell – Still as ever” аударма | MASSAGET WORLD

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s