“Бұл сериал бұрынғы сериалдан өзгерек…”

Алдында ойлануға дәрумендер тапқан сериалымды, яғни «Thank you» дорамасын көріп біттім. Бұл сериалды бірінші кезекте «Көруге міндетті» дорамалар қатарына жатқыздым. Мұндағы сюжет басқа  дорамаларға тіптен ұқсамайды. Ең басты себеп, мұнда ЖИТС, яғни СПИД жайлы әңгіме қозғалады, сонда да ересек адамдарда болатын ЖИТС емес, балаларға жұққан ЖИТС жайында.

Балаларға ЖИТС қалай жұғуы мүмкін деген сауал туындайды, бұл көбінде дәрігерлердің қателігінен болады. Естеріңізде болса, осы екі жыл бұрын Шымкентте бірнеше балалардың донорлық қаннан ЖИТС-ке шалдығуы жайлы елімізді шу болып еді. Сол кездері осы жәйт бәрімізді түршіктіндіргенмен, біз оның мағынасын түсінбеген сияқтымыз. Біріншіден, ЖИТС-пен ауыратын баланың ұзақ өмір сүруі екіталай, екіншіден араласатын ортасында ол ауруы жайында, жалпы өткені жайында ешкімге тыс жармауы керек.

Дорамада дәл осы қатарластарының және ата-аналарының кішкентай қыздан алшақтауынан көп қорлық көреді. Қаршадай қыз, сондай үлкен ауруға шалдыққанын қайдан білсін? Кімнен көрсін? Тек ойнағысы келеді, құрбыларымен кездескісі келеді, мектепке барғысы келеді, ал барлық жерде жол жабық. Өйткені бәрі ауру жұқтырып аламыз ба деп қорқады. Тіпті елестету де сондай қиын.

Біз кейде жанымызда біреу кішкене тұмауратып қалса оның дәрігерге қаралуын сұрап, алшақтана бастаймыз. Ал бұл сөздер ол адамның көңіліне келе ме, келмей ме оны біреуміз ойлансақ, екіншіміз ойланбаймыз да.

«Жүрегімде қалған күз» сериалынан кейін ең көп жылаған сериалым осы болған шығар. Мұнда тек ЖИТС мәселесі ғана емес, үйде отырып бала табу, махаббат, сүйіспеншілік, ауылдағы өсек деген сияқты өмірдің өзін суреттейтін керемет дорама. Музыка, актерлер, бәрі-бәрі жоғары деңгейде. Осы дорамамен жұмыс істеген барлық қызметкерлеріне үлкен “РАХМЕТ!”

P.S. ЖИТС ауамен, сілекеймен жұқпайды. Қанмен немесе жыныстық қатынастан жұғатын ауру.

3 thoughts on ““Бұл сериал бұрынғы сериалдан өзгерек…”

  1. Pingback: “Байлық – сынақ” немесе “Мидас” жайлы | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s