Корей дастарханынан дәм таттық

Кеше біз қыздармен «Чонгива» корей ресторанына бардық. Арбатта, тура Silk  way-дің жанында. Өте жақсы ресторан екен, қожайындары мейірімді, кірерде есік ашып қарсы алып, шығарда «Комапсымида», яғни Рахметін айтып шығарып салды. Біз әлде тамаққа аз тапсырыс бердік пе, әлде өзі арзан ресторан ба, былайша айтқанда аз шығындалып қайттық. Бірақ тағамдарі дәмді болды.

Корей асханасында бір тағамға тапсырыс берсеңіз, оның жанына түрлі дәмдеуіштер қоса береді екен. Сонымен үстел жайнап кетеді, яғни көп тамаққа тапсырыс бергендей болып қаласыз. (Суреттерді үлкейту үшін үстінен басыңыз және суреттердің сапасы үшін кешірім сұраймын )) ).

Мына дәмдеуіштің атын білмедік. Тек “Жапырақтарды да жей бере ма?” деген реплика болды. Дәмін татып көргендерге ұнамады.

Корейлердің ұлттық тағамы – кимбап.

Бәріне ұнаған кептірілген теңіз балдырлары (ұмытпасам) )) Дәмі чипсыға келетін сияқты.

Тағамның бәрін күрішпен жейді. Нан болмаған соң күрішті көбірек жеуге тура келетін сияқты. Не де болса ет пен қамырға үйреніп қалған біздің асқазан, 1-2 сағаттан соң қайта тамақ сұрап тұрады. :))

10 thoughts on “Корей дастарханынан дәм таттық

  1. Айжаннұр, сені кішкене разочаровать етейін.🙂 Негізі бізде сатылатын корей салаты ол Кореяда тіптен жоқ. Яғни, оны өзіміздің Совет корейлері ойлап тапқан ба сондай екен.🙂

  2. неге жоқ Автор бар🙂 мысалы кимчиді көріп тұрмын суреттен. кимчиді – бізде жай квашенный капуста или светной капуста дейді. сосын, жүгері ұрығы салатта тұр суретте, олда базарда сатылады😉 редко маринованный оныда үйде жасауға болады, сатып алсада болад көк базардан … фунчезаны арбир казак жасайды… ол да тур суретте. морской капустаны уйде сорпа кылып кайнатуга болады… олда көк базарда толып тұр… тагы не калды? сосус енді дайын соустар. Міне корей асы… Тбиде сырдын бир тури… жаксы белок. Мен осы корей емеспин бе а?🙂

    Пы.Сы: тек жапырактар гана тансык екен😉

  3. Біздің Қызылордада кәріс кухнясына спрос жоғары. Жазда барып бір тамақты апамыз екеуіміз тауыса алмадық енді, қосымшаларының көптігінен. Ұнады, дәмді болды))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s