“Айрис” жайлы

Бүгіннен бастап «Ел Арна», «Iris» немесе «Айрис» атты корей сериалын көрсетілімін бастайды. Мен бұл сериалды осыдан біраз уақыт бұрын көргенмін. Сериал үлкен бюджетке түсірілген. Сюжетте ең маңыздысы Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея байланысы болып табылады. Сериал барысында екі елді қосу жайлы тақырыптар қозғалады, сонымен қатар ядерлік қару-жарақ және екі ел арасындағы байланыс, жалпы адамдардың бір-бірімен байланысы да көрсетіледі.

Сериалда Корейлердің ең білікті актерлері ойнаған. Мысалы, бізге «Нар тәуекел» сериалынан таныс Ли Бен Хон, Корейлердің ең әдемі актрисаларының бірі саналатын  Ким Тхэхи (Kim Tae Hee), қоржынында 20 шақты дорамалар бар Ким Со Ён (Kim So Yeon), және корейлік жастар үшін жаңалық болған Big Bang тобының әншісі TOP киллердің рөлін сомдайды. Сериал экшн жанрында түсірілген, боевик, триллер элементтері де баршылық. Сонымен қатар махаббат пен достық, сатқындық, қызғаныш және т.б. өмірлік құндылықтарды қамтиды.

Ең бастысы бұл картинада – әдемілік деп ойлаймын. Әдемілік бар жағынан, актерлер, сьемка болып жатқан жерлер, музыка, сонымен қатар анық кадрлар. Бәріне тамсана қарайсың. Алайда менің ойымша сериал тым созыңқы, кейбір жерлерін тым созып жіберетін ұқсайды, маған дегенде бір 10 сериалмен тәмамдар едім. Бірақ бұл тек менің жеке ойым. Қарау барысында ойларыңызбен бөлісіп отырыңыздар, немесе сұрақтар болса сұрап дегендей…

Сериалға аннотация: Ким Хёнджун мен Чин Сау – айрылмас достар. Спецназға түскен соң, екеуі де Корей түбегін біріктіруді көздеген NSS жасырын ұйымың назарына ілігеді. Арнайы дайындықтан өтіп, NSS-тің агенттері болған соң, екі дос бір-ақ рет көрген, бірақ сол бір көргеннен ғашық болған қызды – Чхве Сынхиді кездестіреді. Екеуі NSS құрамында шпиондық күндер, махаббат бақыты мен қызғаныш азабын бастан кешіреді. Бұл уақытта АҚШ-та NSS-тің басқа келбеті, «Айрис» атты киллерлер тобы бұларды бақылауда ұстап жүргенін білмейді.


16 thoughts on ““Айрис” жайлы

  1. Мен де осыны Еларнада қарауды бастадым. Әсер жаман емес. Әсіресе, ана қыз бен ара-қатынасы қызық… Лифтіде кетіп бара жатып кисс жолдауы да әдемі шыққан. Ал досы ше? ол да қу болып шықты…әрине махаббат мәселесіне келгенде;)
    Қазір Sad Love Story ды дұрыс қарай алмай жүрмін, оны да жақын арада бітіріп қалармын деп ойлаймын.

  2. Кеше Хен Чжун қашып, самолетқа отырып, ұшып бара жатқанында досы Чин Сау лазермен атып, самолет аварияға түседі. Самолет теңізге құлап, Чин Сау оны өлді деп есептейді. Бірақ Хен Чжунды басқа біреу құтқарып қалады. Қызы Сынхи оның өліміне сенбей жүреді, өзінің НСС-тегі жұмысын тастап, бақша өсірумен айналысып кетеді.
    Хен Чжун авариядан кейін есін жиған уақытта, оған біреу телефон соғып, бірге жұмыс істейік деп ұсыныс тастайды. Ал Хен Чжунның мақсаты НСС-тің бастығын өлтіру.
    Сөйтіп, ол қашып, Жапонияға келгенде оның соңына Солт.Корея агенті түседі. Ол оны байқап қойып, өлтірмек болады, бірақ өлтірмейді. Екеуі достасатын болады.
    Сөйтіп, Солт.Корея агенті шекарада ұсталып қалып, НСС-тың қолына түседі. Чхве Сынхи оның Хен Чжунның қайда екенін сұрайды. Бірақ ол айтпайды.
    Ал Хен Чжун болса керісінше Жапон тыншыларының қолына түседі. Қазір оны жапондықтар сұрақтың астына алып жатыр.

  3. Басқа да актерлар жайлы ақпарат бар ма? Маған ұнайтын актер – суретте оң жақтан үшіншісі, ұсқыны қазаққа келетін сияқты. Сосын ана қысқа шашты қыз да ұнайды.

  4. Кеше ғана осы Айристің фильмін көрдім. Сериалдан қысқартылып жасалған фильм болғандықтан басында көп жерлері түсініксіз болды. Бірақ өте жақсы фильм екен. Қатты ұнады. Осы сериалды қысқартып 2 сағатқа сыйғызыпты. Соңғы кезде екі Кореяның ара-қатынасы туралы фильмдер қатты қызықтырып жүр.

  5. Pingback: Ким Со Юн (Kim So Yeon) | Корей толқыны

  6. маған бул сериал оте уайды,мені барі Ким хен жун деп атайды.мен соагн уксаймынмаган онын омір байаны туралы акпарат берулерінізді сураймын отініш Ли бен хонын

  7. мен бул блокта былай айтканда “новичок” богасын али коп затты тусинбей жатырмын. Фанатик сенен отинип сурайтыным мен ушин айрис сериалында болган саундтректерин тизимин жазып жибере аласын ба? Отинем

  8. menin de en suikti serialdarimnin biri!!!=) 2-sezoninin tusirilimi katelespesem
    osi jildin aiagina taman bastaladi degen (kuzde). Birak akter kurami baskawa bolmak. Aiagin tusinilsizdeu gip aiaktap tastadi =( Airistin bastigi kim ekeni belgisiz kaldi.2-sezoni tusirilse osilardi kamtidi dep oilaim. Serialga keler bolsam akterlik kurami da tamawa, sujeti unadi, ozim osi janrdi uunatam=)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s