T.O.P.

Қазір бізде болып жатқан «Айрис» сериалындағы киллер жігіт көздеріңізге түскен болар? Көзге түспеске болмайды, өйткені мұндай харизма екінің бірінде кездесе бермейді деп есептеймін. Жалпы осы сериалды қарау барысында мен бұл актер жайлы ешқандай мағлұмат білмеген едім. Актер ретінде өз рөлін шебер ойнап шыққан сияқты. Ал былайғы өмірде ол қарапайым Чой Сын Хён (Choi Seung Hyun), T.O.P. деген лақап атпен Big Bang атты корейлік топта рэп айтатын әнші.

T.O.P.-тың биографиясын білу барысында мынадай жәйтқа тап болдым. Ол топқа қабылданбай тұрып, біраз толықтау бала болған екен. Өзінің рэпперлік өмірі басталған уақыттан, және продюсерлердің көзіне түскенде, ол 40 күнде 20 кг-ға арықтаған көрінеді. Өте батыл іс деп ойлаймын. Өйткені, арманға жету жолында мұндай сабырлық пен өзін-өзі күштеуі басқаларға үлгі боларлық-ақ. Түрінің сұсты болып келгеніне қарамастан, T.O.P. өмірде өте сезімтал, көп сөйлемейтін жігіт екен. Оңашада отырып, өлең шығарғанды жақсы көреді. Жалпы, музыканы жақсы көреді, және музыка жайлы білімі өте терең дейді достары. Айтпақшы, осы «Айрис» сериалында саундтректердегі «Hallelujah» әнін Big Bang тобы орындаған. Ал сіздерге, T.O.P. жеке айтқан “Turn It Up” өлеңін ұсынамын. Айристің қаніпез киллерін басқа амплуада көресіздер.

Анықтама үшін:

Топтағы қызметі: рэппер/beat boxer

Шын есімі: Чой Сын Хён (최승현, Choi Seung Hyun)

Туған жылы: 1987.11.4

Бойы: 181

Салмағы: 65

Білімі: Сеул өнер академиясы (Seoul Art College), Дангук Театр және Кинематография Университеті (Dangook University in Theater & Film) – 2008 жылдан бастап.

Хобби: кітап оқу, жүзу

Ұнататыны: театр қойылымдары, музыка, киім үлгілері

Отбасы: ата-анасы және әпкесі.

10 thoughts on “T.O.P.

  1. T.O.P-ді мен 2 жыл бойы біліп келем! Ол Мен-ұстазбын деген сериалда Хи Мо Син болып ойнады! Ол Биг Бэнг тобының рэперы! Ал Биг Бэнг тобының тагы рэперы және лидеры G-Dragon менің ең суйіктім!

  2. Осы топ жайлы хабарлама оқып едім осыдан бір апта бұрын, бір аялдамада хабарламаны көріп суретке түсіріп алдым саған қызықты болар деп🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s