Kim Seung Woo

«Айрис» сериалының актерлеріне шолуды жалғастырамыз. Сонымен келесі актер Ким Сын Ву (Kim Seung Woo), «Айрис»-те Солт. Корей агентін сомдайтын актер. Ол 1969 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Stone, MilkyBoy деп достары қалжындап атайды екен. Ең бірінші кинодағы дебюті 1990 жылы «Генералдың ұлы» фильмінде болған. Одан кейін 25-ке жуық фильмде, 10 шақты дорамада ойнаған. Былайынша айтқанда Корей кинемотографиясының ардагері десе де болады. Бірнеше фильмдері үшін үздік актер ретінде танылған.

Екі рет үйленген. 2005 жылы корейлердің танымал актрисасы Ким Нам Жумен (Kim Nam Joo) отбасын құрған. Балалары әлі жоқ. )

Ким Сын Ву сонымен қатар «Win, win» атты ток-шоуды жүргізеді. Шоуға көбіне танымал адамдар келіп, интернеттегі көрермендердің сұрақтарына жауап береді, (түсінгенім бойынша ) )  Ол жалпы шығармашылық жұмыстарға белсене ат салысатын ұқсайды, мысалы жақында бір топ корей актерлерімен адамдарды позитвке шақыратын өлең айтып, клипке де түскен екен.

«Айрис»-тің осы жылы фильм ретінде шыққан жалғасы бар, және 2011 жылы «Айрис 2» атпен тағы да жалғасы шықпақ. Осында да Ким Сын Ву өз рөлін жалғастырады.

Сонымен қатар, Ким Сын Ву «Айристен» кейін киллердің рөлін сомдаған Т.О.Р.-пен бірге «71-Into the Fire» атты фильмде ойнаған. Бұл 71 жас солдаттардың Корей соғысы жылдары бастан кешкендерін баяндайды. Осы жылдың басында жарық көрді.

Тағы бір қызық жәйт, Ким Сын Ву 2001 жылы бізге таныс Сон Хе Гемен «Hotelier» дорамасында ойнаған екен.

One thought on “Kim Seung Woo

  1. Уоу, тамаша! Тура мен ойлаған актер ғой, рахмет саған!
    Ана соңғы суретте екінші тұрған жігіт Сәд Лав Сторидегі Чжун Ю ғой, танып қалдым.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s