Аудармашыларға RESPECT!!!

Алдында Көк базардың жанынан өтіп бара жатып, пиарттық дискілерді сататын орыннан корей сериалдарын көзім шалып қалды. Жақынырақ барып қарай бастадым, сөйтсем ол жерде тек Қазақстан телеарналарынан берілген сериалдардың көшірмесі ғана емес, сонымен қатар соңғы шыққан корей сериалдары субтитрларымен сатылып жатыр.

Әлбетте субтитрларын өздері аударып, жазған жоқ. Оның бәрін интернеттен алуға болады. Интернетте субтитрларды аударатын адамдар бәрін тегін, өздеріне ұнаған үшін аударады. Олар осы аудармалары үшін ешқандай ақша алмайды. Осы еңбектерін пайдаланып, басқалары ақша тауып отырғандары дұрыс емес іс. Әлбетте, оның бәрін ойлап, ешкім басын қатырмайды. Бірақ, өздеріңіз ойлаңыздаршы, біз бір сериалды 1 сағат ішінде тез-ақ көріп бітеміз. Ал осыны аударған адам, 10 күннен артық еңбектенуі мүмкін. Өзім қазақша мен орысшаны жетік меңгерсем де, кейбір аудармаларға күмілжіп қаламын. Ал ағылшыннан аударған одан да қиын деп ойлаймын.

Жалпы осындай керемет туындыларды бізге аударып, көрсін, түсінсін деген аудармашыларға мың алғыс. Өз уақыттарын бөліп, тек алғыс үшін ғана жұмыс істеп жүрген адамдардың жүректері кең, адамгершіліктері мол деп сенемін. Сол себептен қайда болса да бақытты болып, еңбектерінің жемісін жесін деп тілеймін. Олар басқа адамдарға пиарттық дискілерді сатып, нан табуына да көмектесіп жүр. Бұның өзі өмірде үлкен сауап деп ойлаймын.

3 thoughts on “Аудармашыларға RESPECT!!!

  1. өзім Альянс тобының аудармаларына респект дейм. Кәріс сериалдарын аудара ма білмедім, жапоншаларды өте жақсыға аударады.
    Одан басқа да бір екі аудармашы ғана аударатын топтарға мүлдем таң болам. Онымен қоймай лозунгтары Дорамы в массы деп:).
    Ал бізде пиратизм дамыған, бірақ ол болмаса тағы көре алмас еді дорамаларды..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s