«Күйеуге шыққым келеді»

Міне, осындай батыл лозунгпен 2010 жылы Корей режиссерлары әлемге тағы бір сериал сыйлады. Әрине, кәмелеттік жастан өтіп, білім алған соң, әрбір қыз баласының алға қояр мақсаты отбасын құрып, ана болу. Бізде ғана емес, бүткіл әлемде көпшілік осы жоспарлармен өмір сүреді. «City Lovers/Still, Marry Me» атпен аталған сериал жастары орда бұзар 30-дан асса да әлі теңін таппаған үш құрбы жайлы сыр шертеді.

Ең басты кейіпкерлер қатарында Ли Шин Ёң, 34-жасар репортер қыз. Өмірінде үлкен махаббаты болса да, шет елде оқысы келген үшін қарым-қатынасын бұзуға бел буады. Оқудан келген соң, бұрынғы жігіті үйленгелі жатқанын естіп, қатты уайымға салынады. Бірақ ол жігіт үйленбей қалып, қайтып келгенде, өмірде басқа махаббаты пайда болады. Бәрі де керемет болар еді, алайда жаңа келген махаббат одан 10 жасқа кіші болмаса…

Екінші кейіпкеріміз Чжон Да Чжон – атақты аудармашы. Қалай да болса тұрмысқа шығуды көздеген бұл қыздың бастан кешпейтіні жоқ. Жолын аштыруға шамандарға барады, біреудің айтуымен махаббат жайлы өлеңді караокеде 34 рет айтып шығады, танысады, іздейді, ақырында тапқанда, өмірдің мәні тұрмыс құру емес екенін біледі. Жалпы осы кейіпкердің рөлі өте терең. Өйткені көптеген құндылықтардың маңызын көрсетеді. Жасы үшін жігітінің әкесі оны қабылдамайды, тіпті ода бәрі бар, ол қаншама жұмыс істеген, ондай қыздардан береке жоқ деген де әңгімелерді естиді. Бір эпизод бар, Да Чжон аялдамада тұрып, жанындағы автоответчиктен келесі автобус мынанша уақыттан кейін келеді дегенді естіп, «шіркін осындай өмірде де болса ғой, автоответчикті қосасың, мынадай жігіт мынанша уақыттан кейін келеді, ол бай болады, бірақ мынадай проблемалары бар деген сияқты, немесе басқа жігіт ақылды болады, мінезі жақсы болады, бірақ 100 жылдан кейін келеді» – деп шошып кетеді. ))

Үшінші кейіпкеріміз тіптен күйеуге шығуды ойламайтын Бу Ки. Араларында ең ақылды, салмақты, өзі үшін ғана өмір сүретін құрбысы. Екі құрбысында проблема шықса екеуі де осы Бу Киге келіп көмек сұрайды. Бу Кидің барлық өмірлік жағдайларға кеңестері жетерлік. Ол 10 жыл жүрген жігіті ақырында үйленетін кезде қанша ақша әкелесін дегені үшін, осыдан кейін тек өзім үшін ғана өмір сүремін деп, барлық жігіттерді сызып тастаған. Ол үшін күйеудің түк пайдасы жоқ, өмір оларсыз да қызық дегенге саяды.

Міне, осы үш кейіпкердің арқасында режиссерлар әлемдегі “отырған” қыздардың проблемасын ашуға барынша ат салысады. Жалпы күйеуге шығудың бір формуласы жоқ шығар. Бәрін де уақыт пен мүмкіндіктер шешеді. Қандай да бір ережелерді үлгі тұтатын адам болған соң көштен қалмай, ережеге сай жасауды қалайсың, бірақ бәріне өмір бірдей емес қой. Сол себептен де егер бірі бұйырмай жатса, басқа толған қызықтардан ләззат алуға тырысу керек деп ойлаймын.

Айтпақшы, осы сериалда бізге танымал Ким Бом ойнайды. Бұл жолы оны есейген қалпын көруге мүмкіндік бар. Жалпы осы сериалда Жігіттер сарбазынан ол маған көбірек ұнады. Мүмкіншілік болса бір қарап шығуға тұрарлық сериал. Айтпақшы Көк базарда осы сериал да субтитрлармен сатылып жатыр. Таң қалдым )

17 thoughts on “«Күйеуге шыққым келеді»

  1. Ия, Бальз, қарап көр. Жалпы сериал ешқандай бұрынғы кездерді қазбаламай, сценарийі жаңашыл жақсы түсірілген. Бәрі өзіміздің Қазақстанда болып жатқандай ) Хотя Корея болса да, елдің бәрінде проблема бір екен ғой деген ой келеді.

    • //Хотя Корея болса да, елдің бәрінде проблема бір екен ғой деген ой келеді.//
      Әлбетте. Бұрынғыдай қыз бала 13 жасқа келді ме, еріксіз түрде біреуге беріп жібере салатын заман өткені қашан. Мектеп бітіре сала кеткендері кетті, ал қалғандары жүреді. Қыздар әуелі оқимыз, білім аламыз, тәуелсіз боламыз, карьера қуамыз деп (онысын құптаймын) жүреді. Бірінші сатыны сәтті өткерген соң, таным-талғамы өзгереді. Жасөспірім шағындағы “алаулаған сезім” артқы планға ығысады. Еркектің тек қана түрі емес, әмияны, жұмысы, көлігі, баспанасы және өзіндік МЕНІ болғанын қалайды. Содан барып қайшылықтар басталады. Әйелдер: “Барлық еркектер сбо…”, еркектер: “барлык әйелдер стервалар” деп ымырасыз майдан.

  2. Әбизөк көремін мынаны, ортада тұрған балашкі сондай сүйкімді именны сол үшін көргім келіп тұр ))) Жігіттің сабазында да ұнаған негізі

  3. Амандық болса, киноны тек “асқан көрікті” жігіт кейіпкерлері үшін ғана қарайтын қыздарға арнап супер-гипер фильм түсірткелі жатырмын. Басты рөлдерде өзім секілді түрі онша емес жігіттер ойнайды…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s