Ең романтикалық клип

Қалдықыздың жазған жазбасын оқып, есіме бірнеше жылдар бұрын шыққан бір клип есіме түсіп кетті. Сол кездері ол ел арасында үлкен танымалдылыққа ие болған еді. Жігіттің кесірінен қыз соқыр болып қалып, кейін жігіт өз көздері оған салып беретін. Ұмытсаңыздар еске түсірейін:

Сол кездері оны қай топ айтады, актерлер кім деген сұрақтар туындамаушы еді. Ал қазір қызығушылығым артып, біраз ақпараттар жинадым.

Өлеңді 2001-2002 жылдар аралығында жұмыс жасаған, үш қыздан тұратын K.I.S.S. деген топ айтқан екен. Бұл топ ең алдымен осы хиттері үшін өте танымал болған, алайда топтың өмірі ұзаққа созылмай, бір альбом шығарып, кейін тарап кеткен. Алғашында «Because i’m a girl» деген атпен шыққан бұл өлең мен клиптің танымал болғаны сонша қытай, филиппин, жапон, испан, ағылшын, түрік, тіпті француз тілдеріне аударылып, өз әншілерімен көптеген елдерде шырқалған екен.

Сюжет бойынша фотограф жолда кетіп бара жатқан шаштараз қызды абайсызда суретке түсіріп алады. Кейін қыз істеп жүрген шаштаразға жігіт келіп, шашын алғызған соң шарфын ұмытыпк етеді. Шарфты қайтарып беруге барған соң фотограф қызды модель ретінде суретке түсіре бастайды. Алғашынды қыздың да мақсаты модель болу еді. Міне осындай қиылысқан жолдардың арқасында екі жас арасында махаббат маздап жанады. Бәрі де керемет болатын еді, егер қыздың көзіне жігіттің сурет шығаратын қышқылы құйылып кетпесе. Осы үшін қыздың көзі көрмей қалады. Жігіт өзін кінәлі сезініп, екінші жағынан қызға тағы жарқын өмір сыйлау үшін өз көздерін салғызады. Операциядан кейін қыз көріп кетіп, модельдік карьерасы басталады. Ал жігіт соқыр болып қалады. Соңында екеуі кездескен жерінде “Мұнда мен сүйетін біреу бар. Қазір мен онымен бірге бола алмаймын. Бірақ ол әлі менің жүрегімде” деген сөздер айтылады.

Басты рөлде корей моделі Goo Hye Jin ойнаған екен. Кейбір жерлерде оны 2000 жылы Мисс Корея болған дейді, бірақ олай емес. Бұл модель туралы интернетте ақпарат аз. Белгілісі – өте әдемі қыз.

Ал фотограф жігіттің рөлін Shin Hyun Joon сомдайды. Оңт.Корейлік танымал актер. Ол бірнеше фильмдерде, дорамаларда ойнаған. Ең соңғы ұтымды рөлдерінің бірі «Каин и Абель» сериалы болса керек.

Міне, осындай екі талантты арқасында осындай романтикалық туынды өмірге келген. Шексіз махаббат пен адалдықтың белгісі, әркімнің қолынан келе бермес деп ойлаймын.

3 thoughts on “Ең романтикалық клип

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s