Прокурор ханшайым

Кішкентай кезімде сотта істеуді армандаушы едім. Жалпы кішкене кезінде кім болуды армандамайсың, біреудің жақсы жақтарын көріп қалып, соның мамандығы бірден сені қызықтыра кететін. Сол сияқты диктор болуды да армандағам. Ол енді басынан бастап арман болған, ес жиған соң, қой, менен диктор шықпас деген реалистік ой келді. Келгені де дұрыс болды.

Сонымен алдында көріп болған сериалым – «Очаровательный прокурор», «Prosecuter Princess» деп аталады. Басты рөлдерде «Айристе» ойнаған Ким Со Ён (Kim So Yeon) ойнайды. Бұл жердегі рөлі тіптен сол рөліне қарама-қарсы, көңілді, ашық-жарқын қыздың рөлін сомдайды.

Сюжеттің басты мақсаттарының бірі жеңілтек прокурор Ма Хе Риден үлкен прокурор тудыру десе де болады. Мұның бәріне оның өткені, айналасы, ұжымы, басты – махаббаты көмектеседі.

Бәрінен ұнаған адвокат Со У болды. Оны сомдаған актер Пак Ши Ху (Park Shi Hoo) болатын. Енді сондай харизматичный актер екен. Жалпы сериал қарап, актерлерге ғашық болмау мүмкін емес сияқты осы. )) Сериал барысында адвокат неше түрлі киімдер киіп, небір жақсы образдар жасайды. Әрбір көрген сайын, аузың ашылып, қарап отырасың.

Айтпақшы, эпизодтағы рөлдерде біздің елде танымал болған «Жаратқан ием, армысың!» атты сериалда Харудің рөлінде ойнаған Ю Гунды (Yoo Gun) кездестіруге болады. Мында эпизодта ойнап жүргені қызық болды. Неге екені мен оны бұдан үлкен рөлдерде көрем бе деп ойлағам.

Негізі өте жеңіл қаралатын дорама. Біраз интрига да бар. Сол себепті соңына дейін көргің келіп, қызықтырып отырады.

6 thoughts on “Прокурор ханшайым

  1. ~Сериал барысында адвокат неше түрлі киімдер киіп, небір жақсы образдар жасайды. Әрбір көрген сайын, аузың ашылып, қарап отырасың.~
    корейліктер әдемі киінеді негізі. өте әдемі.

  2. Pingback: Ким Со Юн (Kim So Yeon) | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s