“Қазақ қыздары неге ерте тұрмысқа шығады?”

Интернетте Кореяда болып келген қазақ блогшыларын кездестіру қиын. Орысша yvision.kz-те Barkorn деген никпен қолданушы осы жазда Кореяда болып, жақсы фото-репортаж жасаған екен. Сонымен қатар, ол өзінің көрген, байқаған ойларымен бөліседі. Соның бірінде мынадай жазба жариялапты:

«Осы жылы Оңтүстік Кореяда өткен бір айдың бір күндерінде Каусар (корей қызы) маған мынадай сұрақ қойды:

– Қазақ қыздары неге ерте тұрмысқа шығады? – деген.

Мен корей қыздарының Гименейдің батасын іздеуге 30 жастарына таман кірісетінін білетінмін. Ал үйленгенге дейін бес-алты жылын таңдаған жұбымен қарым-қатынас құруға арнайды. Одан аз болса – көбіне құпталмайды. Сонымен қатар, өлім жайлы да тоқсаннан асқан соң ойлана бастайтынан хабардар едім. Оларда орташа өмір сүру жасы үлкен. Каусардың апасы да өзінің айтуы бойынша жүзден асқан кісі болған. Осындай мағлұматтарды білсем де, не жауап берерімді білмедім.

– Эх, Кәусар, егер біз де осылай ұзақ жасасақ, отызға дейін үйленуді де ойламайтын едік, – дедім мен. – Бірақ біздің алпыс жылдығымызбен сіздерге жету қайда…»

Осыдан кейін біртүрлі көңілім түсіп кетті» –

деп жазады біздің саяхатшымыз.

Шынымен, көптеген сериалдарда қыздар ерте тұрмысқа шығуды қаламайды. Алдында бір сериалда 24 жастағы қызға үйленуге ұсыныс жасағанда, “Мен әлі жаспын ғой” – дейді, тіпті ата-анасы да 24 жаста тұрыс құрғаны нес? – деп ұрсады.

Мен де кейде ойлаймын. Қазірі біздің нарықтық заманда ең қолайлысы 25-тен асқан соң тұрмыс құру сияқты. Өйткені, 4-5 жыл оқуға, кейін 2-3 жыл жұмыс істеуге кетеді. Бәрін көріп, білген соң асықпай тұрмыс құр. Соның есебінде отбасы, ошақ қасы, бала-шаға жайлы ойларың да кеңейеді. Жалпы көреген болу кімге артық болған? Осыдан баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керек, қандай білім беру керек, үйді қалай ұстау керек бәріне біраз түзу көзқарас қалыптасады. Осыдан барып, елге қалаулы, білімді азаматтарды тәрбиелеу мүмкіншілігі артады деп ойлаймын.

Пы.Сы. Осы жылы біздің сүйікті аспаз-блоггеріміз Эльвира да Корея мен Жапонияда болып қайтты. Саяхаты туралы фото-репортажы жақын арады өзінің Шетел блогында жариялаймын деп уәде еткен екен. Күтеміз.🙂

21 thoughts on ““Қазақ қыздары неге ерте тұрмысқа шығады?”

  1. Шынымен де ерте үйленген соң да ажырасулар көп болады. Көп нәрсеге төзбей кетіп қалу, түсінбеушілік…

  2. дұрыс – бұрыс деу әрине қиын, әркімнің пешенесіне қашан жазылған, сол кезде үйленеді ғой. Ал егер бәрі өз қолымда болса, 21-23 жасымда үйленуші едім:)
    Ерте үйленгеннің де пайдасы бар: 19-21 жасыңда бала туу, 25-26 жасқа қарағанда оңайырақ болады.

    • Айжан, 25-26 жаста бала туу қиын деп кім айтты? Бәрі де индивидуально ғой. 30-дан асқанда да қиналмай туған әйелдерді білемін. Сондықтан 25-26 жастан асқан қыздарды проф-непригодный етудің қажеті жоқ ))

      • Әрине әркімде әр қалай, алайда бұл медицинада дәлелденген факт. Бұл жерде не пригодный емес:)) оңайырақ (астын сызып қояйын) дегенім ғой

  3. Мені егер мектеп бітіріп ауызым аңқайып жүренде алып қашып кеткенде, қазір балалы шағалы болып бақытты болып жүрер едім. Балалықпен бәріне көніп, баларым да өзіммен өсіп қалар еді. Бірәқ қазір бір емес екі дипломым бар, жақсы жұмысым бар, жеке өмірім бар, ешкімнен тәуелді емеспін, енді мен асықпаймын да. Ақыры отырған соң, “плотно” отырып, жер көріп, ел көріп, қыдырып, әбден жалғыз басты өмірден жалыққанда ғана тұрмыс құрамын )))

  4. тез ұстап алу керек қой, лол
    қыз жас толған сайын жақсармайды (сырт-келбеті) ғо
    ал ерлерде керісінше, жақсарабереді деген сияқты, денсаулығын күтсе егер

  5. Осы қазақтар әркез тек жақсы, керемет, ең таза, ең көрікті, ең, ең… деген сияқтыларға құмар. Олар осындаймен мәңгілік өмір сүремін деп ойлайды ғой деймін. Сыртқы келбет, пішін, жас болсын, біреуден қалған деген сияқтылардың бәріне қарап қалған. Олар үшін Құдай тек кереметтерін ғана дайындауы керек сияқты.
    Сезім, парасат, ақылдылық қайда қалды?

  6. Менің Ақзерем, ойымды анық айтайын десем, анандай* )))
    сіздің блогта бірдеме артық жазуға да ұялып тұрмын.🙂

  7. керей елінде болмағанмын, бірақ телебзерден, инеттен көріп, және өзіміздің елдің керейлеріне да қарап бір нәрсені байқадым. керей қыздарының көпшілігі отыз жасында да жиырма жасар қыздай болып тұрады. сондықтан шығар олардың солай отызға дейін жүре беретіндері. ал қазақтардың табиғаты керейлердікінен өзгешелеу ғой.
    соларға еліктеймін деп жүріп, “плотно” отырып қалу ғажап емес…

  8. Әр ұлттың өз болмысы, керек десек тағдыры бар. Осы неге біреу бірдеңе деді екен, дер екен деп жалтақтай береміз?! Онсызда статистикамыз қуантарлық емес, демография ала-құла! Қаншама “отырып қалған” әпкелеріміз толып жүр. Сондықтан, кез келген нәрсені аз да болсын ойланып жазу керек!!!

  9. шыныңда да жақсы фото-отчет жасапты. линк үшін рахмет!
    бір ай кореяда тұрса да, қысқа-нұсқа жазыпты =)
    мен болсам 15 күнімімді тәлпіштеп әлі жазып келем, әлі.. елді де, өзімді де жалықтырып =))) қатты впечатлительный болғандығымнан, көрген-естігенімнің бәрі маңызды сияқты көрінеді.. деп ақталып кетейін. =))

  10. 25 жастан соң шыға ма, 30 жастан соң тұрмысқа шыға ма бәрібір, бірақ бір рет күйеуге тиген соң толық жауапкершілікті сезініп тигені дұрыс шығар. Әйтпесе 20-30 арасында 2-3 рет күйеуге барып келген қыздарды көргенде жаным ашиды…бәрі балалық мінездерінен болады. Ересек адамның мінезі қалыптасуы үшін адам көп нәрсені, көріп, сезінуі тиіс. Ата-анасы, туысқан жан-жағы түгел отбасының сүйікті еркесі кенже қыздарына қарағанда әкесі немесе шешесі жоқ, туыстары аз отбасының қыздары тез есейіп, ересек адамдарша ойлай бастайды…Бәрі қыздың тәрбиеленіп өскен әлеуметтік ортасына байланысты деп ойлаймын…

    • Ол да бар шығар. Алайда шын сөзім, 24-25-тен асқан соң жауапкершілікті сезіне бастайсың. Әрбір нәрсеге толыққанды көңіл аударып, басқалардың отбасындағы қателіктерді саралап, қайталамаудың жолын қарастырасың. Недегенмен ақыл тоқтататын кезең ғой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s