Жалықтырмайтын “Ыстық ұя”

Біздің елде осымен бесінші рет(!) «Ыстық ұя» телехикаясын ұсынып жатыр. Шынымды айтсам, мен де бірігіп, 4-рет көріп жатқан шығармын )) және де маған қазақша аудармасындағы нұсқасы көбірек ұнайды. Тәржімалағаны дәлме-дәл солай емес шығар, бірақ құлаққа жағымды. Әлбетте Күнсұлу Тұрғынбекқызының даусымен кейіпкер тіптен жандана түскендей. Сонымен қатар телехикаяның атының аудармасы да сәтті шыққан деп ойлаймын. Ағылшын нұсқасында – «Full house».

«Ыстық ұя» дорамасы мангалар желісімен түсірілген. Сериал екі адамның бірге тұруда туындайтын небір қызықтары мен қиындықтарын суреттейді. Басты рөлдерде Кореяға танымал актриса Сон Хе Ге, және де танымал әнші, әрі актер Пи ойнайды.

Жалпы,  сериал көрермендермен жақсы қабылданған, әрі рейтинг бойынша 30 пайызға дейін жеткен. Бұл өте жақсы көрсеткіш.

Сериал түсірілген үй, Инчхон қаласына жақын жерде орналасқан. Басқа сериалдардың түсірілімдеріне қарағанда бұл үй – шынайы. Оның құрылысына бір миллион доллар қаражат жұмсалған екен. Ағаштан тұрғызылған үй көлдің жағасында орналасқандықтан, терезесінен әдемі көрініс көрінеді. Қазір осы үйге фанаттар көп келеді екен. Жақын жерде Модо аралындағы мүсіндер паркін де аралап қайтуға болады.

Қонақ бөлмесі

Сыртқы көрініс

Жағалауға көрініс

 

 

2-қабат

Чи Ынның үстелі

Чи Ынның жататын бөлмесі

Ен Чженің жататын бөлмесі

Қонақ бөлмесі

Жуынатын бөлме

 

 

 

 

 

Сериал_жайлы мағлұматтар http://russian.visitkorea.or.kr/rus/index.kto сайтынан алынды.

21 thoughts on “Жалықтырмайтын “Ыстық ұя”

  1. Ыстық ұя сериалындағы басты рөлдегі жігіт пен қыздың арасындағы ұрыс пен төбелес ұнайды ))) Сондай, романтикаға толы, Эххх, бізде бәрі басқаша ғой.

  2. Қай арнадан көрсеткелі жатыр? Маған “Қысқы сонатадай” қатты әсер қалдырмады. Жеңілтектеу фильм сияқты, сосын актерлардың махаббаты да шынайы емес…бұл енді өз ойым, фанаттар, сөге көрмеңдер;)

  3. Анар, бұл сериалдың көздегені де сол, жеңілтек дорама шығару. Адамды қатты грузить етпей, ертегі іспеттес өмірді көрсету деп түсінемін ))
    Сериал күнде Хабардан, сағат 18/30-ға таман басталады. Және түсте 11/30-ға таман қайталайды.

    • упс, Жан, кешірші бірақ сол күйі жете алмадым мен сол үйге =( соңғы күндері тым қарбалас болып, жоспарлағанымнан аз нәрсені жасап үлгерген едім Кореяда. Әйтпесе бұл үйге қалай баруға болатынын (қандай автобус, қандай паром) бәрін-бәрін біліп дайындаған едім. Өкінішті-ақ.
      Кстати, бұл үй енді осы киноның музейі сияқты ғой. Сондықтан оған кіру ақылы – 5000 вон (5 доллар шамасында).

  4. кинонгы әр жеринен кордим теледидар арқылы қазақша аудармасымен көшіріп алуға қай сайтта бар? Айтып жиберсендер

  5. Pingback: “Ыстық ұя”. Қосымша. | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s