Біз білмеген бір нәрсе

Менің блогымда кейбір Корея жайлы жазбаларыма Эльвира өте құнды (мен үшін) пікірлер жазып кеткен еді. Латиницамен жазылғандықтан, әрі көп әріптер болғандықтан )), кейбірі оқымай кеткен шығар. Бәріміз біле жүрейік деген мақсатпен, осы блогқа жариялауды жөн көрдім.

Солтүстік Кореяның Португалиядан 7:0 болып жеңілуі хақында:

«Солтүстік Коряға шын жаным ашыды. 7:0 деген сұмдық қой. Чемпионатқа қай жылдан бері алғаш келулерін есіме алсам, екі есе аяймын. Олардың капитаны әнұран айтылып жатқан кезде тебіреніп жылағаны – қайсы болсын жанкүйердің бәрін тебірентті (сол құраманың капитаны Оңт.Кореяның азаматы, Жапон елінде туылып, Оңт. Кореяда жастық шағын өткізіп, кейін өз еркімен Солтүстік Кореяға көшкенін біліп па едің? Көшіп қана қоймай, сол елдің футболын көтеріп жатыр – молодец жігіт).

China Daily газетінде бір мақала жазылыпты, сонда – Бразилиямен болған ойыннан кейін Солтүстік Корея өз жетістігімен (2:1 болса да Бразилияға қарсы тұра алу үлкен жетістік!) мақтанып, Солтүстік Кореяның барлық теле арнасынан Португалиямен болған ойынды тікелей эфирде көрсетіпті… 7-ші голдан кейін, ел басшылығы осы бір шешіміне бір өкінген шығар деп жазыпты.

«Солтүстік Корея деген ел жоқ, барлығы бір Корея деген пікір Кореяның екі жағалауында да бұрыннан қалыптасқан. Бір кездері Солт.Корея мен Оңт. Корея жеребенің нәтижесінде бірге ойнайтын болып қалыпты, Пхеньянь жерінде. Сонда әр матч барысында ойнайтын елдердің әнұрандары қойылады емес пе? Солт.Корея, Оңт.Кореяның әнұранын қоймай қойыпты – біз ондай елді мойындамаймыз деп. Кейіннен матч нейтралды зонада (Қытай ма, Жапония ма, есімде жоқ) ойнатылған екен.

Бірақ байқауымша оңтүстіктегілер солтүстікке қарағанда әлдеқайда толерантты. Осы жылғы Солт.Кореяның ойынын Оңт.Кореялықтар да шын уайымдап қарады. CNN Оңт.Корея жанкүйерлерін көрсетіпті – 7:0 нәтижесі болған соң, елдің бәрі көңілсіз, біреуі жылап, біреуі «әлі бәрі алда» деп пікірлерін айтып жатқан екен.

Солт. Корея жеңілген соң, жаттықтырушылары айтқан екен: «Бұл түгелдей менің кесірімнен. Барлық футболшыларым ғана емес, күллі ел жеңісті армандаған еді. Бірақ бір арманмен жеңіске жете алмайтынымыз анық болды» – деген екен.»

* * *

Кореяда көп орын алатын суицид хақында:

«Корейлерде өз-өзіне қол жұмсаудың бірден-бір себебі – олардың тым сезімтал болуында деп ойлаймын. Осы қасиеттері арқасында да олардың сериалдары күшті болып шығады. Қайсы болсын корейлікке сәл бірдеңе айтсаң – тез жылап қалады екен. Еркегі де, әйелі де – өте сезімтал.

Суицид себептері қатарына тағы – еріккендікті жатқызар едім. Оңт.Корея 90-жылдары өте тез дамып кетті. Сол кездің адамдары кедейшіліктің дәмін әлі ұмытқан жоқ, сондықтан олар қазіргі күннің несібесіне шүкіршілікпен қарайды. Жастар болса (80-жылдың аяғы, 90-жылдар) өмірлерінде ешбір қиыншылықты көрмей өсті да, өмірдің қадірін білмей келеді. Сондықтан да барлық дамыған елдердегідей Оңт.Кореяда да «еріккендіктен» өз-өзіне қол жұмсау кеңінен таралған деп ойлаймын.»

* * *

«Корейлер кездескен кезде бір бірінен “тамақ іштің ба?” (күріш жедің ба) деп сұрайды екен. Дұрыс тамақтанбаған адам, еліне дұрыс қызмет атқара алмайды мағынасында».

Осындай білімімен бөліскеніне үлкен рахмет. Әлі де құнды пікірлерімен бізді қуантады деген сенімдемін.🙂

8 thoughts on “Біз білмеген бір нәрсе

  1. оха! қатырасың! өзіне памятник қойылған ұлы ғұламалардағыдай бір сезім жаулап алды басымды көкке жеткізіп =) бәрінен де – ерінбей кирилл әріпіне ауыстырып әуре болғаның қызық болды =)

  2. күріш жедің ба деп разве кәрістер де сұрай ма екен не??
    Мысалға қытайдың Ланджоу провинциясындағы амандасы сондай әліде бар, күріш жедің бе тамақ іштің бе деп, ал кәрістерде ондай әдет ьарын алғаш рет естіп тұрмын.

  3. Білуімше, “Күріш жедің бе” қытайлар амандасады. Сосын оларда Тамақ пен Күріш – бір сөз. Үнемі күріш жей бергендіктен ол тамақ деген мағынада қолданып кеткен деп ойлаймын.
    Қытайда бұрын болған аштық кездерінен қалған сәлемдесу түрі деп түсіндірген еді оқытушымыз. Сосын жас буын бұлай сәлемдеспейді екен.
    Біздегі ескіше амандасу түрі – “Мал-жан аман ба?” деген сияқты ғой. Яғни малың аман болса, өзің де амансың. Сол сияқты күріш жегенің, амандығыңның белгісі.

  4. Pingback: You must survive! | Корей толқыны

  5. Жолдастар, шын айтамын бір жерден кәрістердің солай айтатының өз көзіммен оқығанмын. Бірақ Кореяға барып адамдардың Анниенхасио (+ осы амандасудың түрлі вариацияларынан) басқа түрлі амандасқандарын естімедім. Оны айту парыз енді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s