Гол салмасаң, “Бякасың!” ))

Жанна айтқан Buzzer Beat-ты көріп біттім. Былайынша сериал жақсы, көруге тұрарлық. Өзіме ортасына дейін өте қызық болды. Сериалдан алған әсерімді қысқа етіп жазайын десем, сіздерге түк түсініксіз болып қалады, сондықтан қысқаша сюжеттің мазмұны, содан кейін алған әсер.

Наоки – кәсіби баскетболшы, былайынша жақсы спортшы болғанымен, шешуші ойындарда жолы болмай қалады, сол себептен өзіне сенімсіз. Баскетбол ойнау оның арманы болса да, осы арман жолында адасып келемін ба деген ойлармен өмір сүреді. Оның қызы – Нацуки, команданы қолдайтын жанкүйерлерінің бишісі және жалпы командада менеджер қызметін атқарады. Наокимен жүрген екі жылда, Нацуки біраз жетістіктерге жетіп, жалпы мінезі жағынан жігітінен біршама мықты.

Наокидің Кавасаки-сан деген тренері бар. Ол бірде Наокидің ұялы телефонын тауып берем деп, телефонды тауып алған Рико деген скрипачка қызбен танысады. Араларында біраз тартылыс болып, онда да Кавасаки-сан Рикоға қатты ғашық болып қалады. Кавасаки-сан, үлкен жігіт болғандықтан (32-де) енді махаббатқа қолым жетті ме деп, қуанып жүреді.

Осы кезде, Накоидің қызы Нацуки командаға жаңадан келген ойыншымен жігітінің көзіне шөп салады. Және де Наоки Кавасакидің қызы Рикомен танысады. Басында қызым бар ғой деп Рикоға аса мән бермей жүреді, алайда қызының адал емес екенін білгенге дейін ойы өзгереді.

Маған осы кездер қызық болды. Шынымен басқа біреумен төсектес болған қызын кешірмек пе, әлде реакциясы қандай болады екен деген. Шығыс елі болғандықтан осындай мәселе біраз сюрприз болды. Жалпы жапондықтар қарым-қатынас жағынан корейліктерге қарағанда ашық па деген көзқарас пайда болады.

Сонымен қатар, өзіңе сондай ғашық жігітті «отшивать» еткенде қалай болады екен деген қызығушылық болды. Бір жағынан Кавасаки-санды аяп қалдым. Сондай жасқа келіп, енді өмірлік жартымды таптым дегенде қыз жас жігітті таңдап алды. Әлбетте, жастық пен сүйкімділік әркез бірінші орында.

Наоки мен Риконың махаббатына онша сенбедім. Екеуі ғашық болуларың керек деген үшін ғана ғашық болған сияқты. Наокидің көздері жанып, жанында жарқын жүре алмайтын сияқты болды. Жалпы Рико мен Кавасаки-сан бірге болғанда жақсы болар ма еді деп ойлаймын.

Пы.Сы. Актерлер баскетболшыларды сомдағаннан кейін олардың дене бітімі біраз баскетболистерге келмей тұрған сияқты, денелері кішілеу, бойлары аласалау. Әсіресе Май-чанның жігіті. Бірақ Yamashita Tomohisa – красавчик! Сондай сүйкімдііі. Ал актриса Kitagawa Keiko скрипкачканы жақсы сомдады, бәлкім өмірде де скрипкамен айналысқан шығар.

Пы. Пы. Сы. Тақырыпты осылай таңдағаным, Наоки шешуші сәттерде гол салу керек болады. Сонда Рико өзінен-өзі тұрып кетіп, “Бар күшіңді жинап, гол сал! Өзіңе сенімді бол! Дұрыстап қара алдыңа, Бяка!” – яғни, дурак, біздіңше есалаң деп бүткіл залға айқайлайды. )) Үлкееен залда қалай оның ғана даусын естіліп, бәрі тып-тыныш бола қалады екен деген ой еріксіз келеді. Жанна, ренжімеші! (ұялған смайл)))))

4 thoughts on “Гол салмасаң, “Бякасың!” ))

  1. ОО Зере көөп рахмет сөзімді жерге тастамай жазғаныңа!!
    Бяка емес баака:)
    хехе қызық. Кавасакисанды қолдағаның қызық болған екен:)))). сол жеріне ғана қосыла алмайм:)))) да ну:))))))
    Маған қайта екеуінің қатынастары ұнады. Маған кәріс сериалдарының романтикасы ұнамайтыны да содан, тым нереально ғып түсіретіндері, әрине кинода бір арман болуы керек, бірақ кәрістер әйтеуір жоқ нәрсеге қуанып, бір жооқ, беталды нәрсеге қиналып, нереальный ғып жібереді. Ал мында как-то былайша алғанда спокойно, ну басқа ішкі проблемаларын алмағанда. Да и реальный проблемалар, ну жизненный былай сериал:).
    хаха ал ана баака деп бір айқайлағаны естілгені шынмен нереально хаха, но еститін адам естиді. Неге екені Ольга Шишигинаның бір әңгімесі есіме түсіп кетті. Алтын медаль алған кезде бәрі ушу болған стадионда бір танысы ма досы ма құттықмаймын, жарадың деп айқайлап, ал Ольга рахмет деп жауап қайтарып, сонда қаншама ушудың ішінде бір біріміздің даусымызды естідік қой дегені:) хехе не по теме нәрсе еске түсіп кетті:))))

  2. Жанка, осы Баака сөзі жақсы болды. Тез жатталады, және кейде өзінен өзі ауыздан шығып кетеді. Былайынша боқтауға да онша жатпайды ғой ))
    Шынымен, Кавасаки-сан ұнады. Ақыл тоқтатқан, өмірден алатынын алған, енді тек қыз керек, үйлену керек, үй бар, күйі бар дегендей. Сол дұрыс па деп ойлайм.
    Ал былайынша актерлерге респект. Бәрі сондай красавчик, жақсы ойнап шыққан.

  3. сериалды көрмедім, просто жалпы жапон сериалдары туралы 5 тиынымды қосайын. Менің байқауымша жапондарда қайткен күнде де бір мораль болуы керек деген принцип бар сияқты. Яғни, кино арасында міндетті түрде бір мораль үйретіп кетеді (еліне жақсы қызмет ету керек, істеген ісіңді адал істеу керек, жұмыста жақсы маман болуың керек іспетті). Бұрындары бразилияның сериалында әйтеуір бір священник болатыны сияқты. Кәрістерде болса бәрі сезім /достық / махаббат төңірегінде болады.

    п.с.: блогың қызық екен. қазір тыпырлатып коммент жазып тастайын =) спам деп өшіріп жүрме! =))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s