“Big Bang” Алматыға келе ма?

Келесі жыл Кореяның Қазақстандағы жылы екені белгілі. Осыған байланысты Қазақстандық бір арт-группа Big Bang тобына Қазақстанда концертін ұйымдастыруға ұсыныс тастапты. Өз орайында Big Bang тобының продюссерлік орталығы концертте кем дегенде 5000 адам болуы қажет дегенді айтқан екен. Ал одан аз адамға келмейміз деген көрінеді.

Сол үшін Орыстілді корей форумы біраз да болсын ориентир жасау мақсатында сұрақнама жасаған екен. Ол үшін осы берген сілтемемен басып, тіркеліп, дауыс беруге болады.

Жалпы, Big Bang тобы бізде аса танымал емес. Бірақ келіп жатса, жергілікті корейліктер үшін, жалпы кореомандарға үлкен сый болар еді. Сонымен қатар, біздің елді де Шығыс Азияда біраз тани бастайтын еді, плюстері көп. Алайда қойып отырған шарттары да оңай емес сияқты. Билет құны да жазылмаған.

Өзім Big Bang тобының фанаткасы емеспін. Бірақ жалпы корей мәдениетіне қызығатындықтан, әрі концертке баратындар санын толықтыру үшін келіп жатса барар едім деп ойлаймын. )) Алайда әзірге келетініне сенімім аздау…

Жақында бізде көрсетілген “Iris” сериалында осы топтың мүшесі T.O.P басты рөлдердің бірінде ойнаған. Және де осы Big Bang тобы айтқан “Tell Me Goodbye” әні саундтрек ретінде алынған. Ән жартылай ағылшын, жартылай жапон тілінде. Жалпы байқауымша корей әртістерінде жапонша ән айту үрдісі қатты дамыған сияқты. Бұл да бір пиар-ход, менеджменттің арқасы ғой деймін.

Корей әртістері әлбетте мұңды мелодиядан алыстап қайда барсын? )))) Сол себепті Big Bang тобының өнерімен танысу мақсатында аталмыш өлеңді ұсынып отырмын.

6 thoughts on ““Big Bang” Алматыға келе ма?

  1. нанта концерттері жайлы не айтасыз?😉 Астана/Алматыға қай уақыттарда келеді екен? сол қызық болып тұр🙂

      • Асхана жабдықтарымен(пышақ, ыдыс/табақпен т.б.) әуенмен жұмыс істеп, билей жүріп өнер көрсету🙂 қызық ия, тек постерлерін көрдім бұрындары. Ақшам болмай бара алмай қалып едім, соны асыға күтіп жүрмін. Алдағы уақыт еншісінде енді бәрі.😉

        Астанадан Айдос ағайдан сұрау керек, неде болса сол кісі біліп қалар нанта жайлы😉 я болмаса Абай/Розабақи көшелеріндегі корей отралықтан тел. арқылы сол нантаның қашан болатынын білу керек шығар…

  2. Бұл топ енді былтырғы жылдың хиты болды ғой Азияда, бірақ Жапонияда аса популяр болмады. Тайваньда мықты таралды былтыр деп бір оқыған едім қытайлық Таймстан:).
    Бұл топтың айтатын негізгі әндерінің стилінен бөлек ән екен:). Арнайы сериал үшін жақған шығар шамасы, әйтпесе бұл дэнс топ қой негізі.
    айтпақшы әннің жапон версиясын іліпсің ғой, Айфоныма көшіріп қойдым, мүмкін арасында көріп жүретін шығармын.

  3. Шынба егер келсе керемет болар еді.Бұлардын Кореядағы концеттері керемет өтеді.Big Bang туралы көп жазындаршы.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s