“Қазақ” – десе, сенерсің…

Кейбір дорамаларды көріп отырып, жігіт актерлері біздің қазақ жігіттеріне ұқсап кетеді. Ұқсап кеткенде де, танитын бір жігіттерге ұқсатып отырамын.

Мысалы, қазір бізде көрсетіліп жатқан «От любви до ненавести» деген сериалда ойнайтын актер Чон Гё Ун (Jung Gyu Woon) менің коллегама ұқсайды. Бойы да сондай ұзын, аузы да дүрдиіп қалған, денесі де сондай. Көрген сайын сол есіме түсіп кетеді. ))

Ал, осы жақында көріп біткен «Сестра Золушки» сериалында ойнаған актер Чун Джун Мёң (Chun Jung Myung) менің Англияда оқитын бір таныс досыма ұқсайды. Күлгені, денесі, түрі, бәрі.

Алдындааа бір рет «Кафе Принц» дорамасын көру барысында басты рөлдердің біріндегі актер біреуде қайта-қайта еске салып тұрды. Түсіне алмаймын, кімге ұқсайды деп. Сөйтсем, спорт залдағы тренеріме ұқсайды екен. Бірақ тренерім сары болғанымен, денесі, көздері ұқсайтын сияқты, әрі бір іс-қимылдары ма… Өкінішке орай, осы актер – Lee Eon 2008 жылы көлік апатынан қаза тауыпты. Расында талантты актер еді.

Бір қызық айтайын, жақында басталған «Мэри не было всю ночь» дорамасының бірінші сериясын қарап отырғам. Сосын теледидарда бір қызық көрсетіп жатып, паузаны бастым да жүгіріп бардым. Басылып тұрған паузаны көріп, інім «Мынаны сен деп қалдым ғой» деп қарқылдап күлмесі бар ма? )) Бәрі жүгіріп келіп, экранға қарайды, менің красавчик актерім Чжан Гын Сокты маған ұқсатып, ой бір күліп алдық )))

Аталмыш сәт

10 thoughts on ““Қазақ” – десе, сенерсің…

  1. өзі қызға ұқсайды екен.

    маған барлық корей фильмдерінен сол “ыстық ұя” ғана ұнайды.

    осын “200 пудовая красотка” деген толықметражды фильмі де керемет🙂

  2. уахахахаха шынмен мына жерде сенен аумай қапты:)))).
    ееее қойыңдаршы красавчик Рейнді Қайрат Нұртасқа мүлдем ұқсатып сендерде бір:(. Рейннің фанаты болмасам да ұқсатуларың мүлдем ұнамады:))))
    ммм кофе принцтегі жігіт қайтыс болған екен ғой, шынымен қазаққа қатты ұқсайтын еді

  3. Әлем желаяғы деитін көкшелік Н.Балғабай аға менің кореиадан келген досыма -әи кәріс-Көрей-Керей-Еврей бір туған- деиді біздің жақта деп кулдірген еді…

    Содан біраз уақыттан соң ..Монголяның гзетерін ақтарап отсам Кореиліктер арғы шыққан тегіміз Монголдың Сэлэгэ аймағы сол жақтың қазба жумыстарына қатысамаз деген өтініш білдіріпті деген әнгіме оқыдым газеттен ..

    Содан ойладым шынында кореианың көп салт дәстүрі қазаққа көп уқсас осы немелер кезінде жер қайысқан қол бастап бүгінгі Монгол даласында хандық қурған әигілі Керейдің түпкі бір бөлшегі емеспе деп…
    Содан ойлаимында енді қалғана қазақты кореиге уқсату еді деп ойласамда..көреидің көп сөздері қазаққа уқсастығы бар дегенді естіп шешімін тапай таң қалып қойып едім бүгін мына тақырыпты оқып бәрі есіме түсіп отыр..))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s