Таңғажайып өмір

Негізі осы сериалды көру барысында өмірдің таңғажайыптығын көрсететіндей бәлендей ештеме таппадым. Сюжет қарапайым, сол «төрттік» (түсінген боларсыздар), үйленуге шарт, қызғаныш, содан барып махаббат туындайды. Бірақ бұл жерде ойда жоқта бала пайда болып, осы турасында оқиға өрбиді. Бір қызығы, «Ыстық ұяда» ортада қыстырылысып жүретін қыздың рөлі сияқты осы сериалда да сол актриса Хан Ен Жуң (Han Eun Jung) ойнайды.

Ал былайынша отбасында туындайтын проблемалардың басын жақсы ашып берген. Студент кездерінде үйленіп, ары қарай күн көрістің амалын қарастырған жастардың өмірін жақсы суреттейді. Кішкентай қыздың рөлі керемет. Жалпы корейлік балақайлар сондай тәтті бола ма, әлде сериалдарға сондайларды ала ма, әйтеуір әркез оларға тек тамсанып қана қарайсың. Әрбір сөйлеген сөздеріне жымиып, күліп… ))

Басты рөлдерде Eugene деген әнші қыз ойнайды екен. Өте әдемі, түрі де қазақ қыздарына келеді. Алайда бір өлеңі саундтрек ретінде алынған екен, содан байқағаным даусы сондай керемет деп айтпас едім. Ол жақта да біздердегі сияқты жартылай әртістер жетіліп артылатын ұқсайды.

Сериал бір демде көріледі, әсіресе соңғы сериялары тартымды. Бір көруге тұрарлық.

3 thoughts on “Таңғажайып өмір

  1. Ал маған өте қатты ұнады. Көп дәстүрлері қазақтікіне ұқсайды ғой, осы сериалдан байқадым. Әртістері де жақсыы аңдалынып алынған

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s