Қызыл жіп

Жапон аңызында адамдарды бір-біріне қосатын қызыл жіп болады деген әңгіме бар. Яғни адамның қолтығының (қателеспесем) астында қызыл жіптің бір шеті болады, ол сәйкесінше екінші жартының қызыл жібіне қосылуы керек. Осылай адамдар өз тағдырына жазылған адамды табады-мыс.

Корей, не жапон дорамаларында тағдырмен қосылатын қосағың бар деген тақырыптар жиі қозғалады. Сюжеттер көбіне тағыдрдың жазғанын қашпайсың деген сарында. Соңғы көріп жатқан «Родственные души» («Soulmate»), «Красная нить судьбы» («Akai Ito») осы жайлы сыр шертеді. Яғни, әр адамның өмірде өз теңі болады, мақсат сол адамды адаспай табу.

Екінші жартысын таппаған адамдар осындай тұжырымға сенуі орынды. Өйткені, жақсылықтан үміт үзбеу – адамзат баласына берілген үлкен жетекші күш, сый. Соған қарамастан, реалистер «өз бақытыңды құру – тек өз қолыңда» дегенді айтады.

Өз басым, реалистік өмірді анық суреттейтін дорама көрген емеспін. Бәрі тек таңғажайып ертегідей, адамның ішкі сезімі мен арманына сәйкес түсірілген дүниелер. Әр көрген дорамадан тек жақсылық пен армандарға жетелей түсесің. Дегенмен де, бір сәт шынайы өмірге қарап, әр адамның өз пешенесіне жазылған тағдыры болады деген жайлы көп ойланамын. Сірә, бәрі Жаратқанның қолында болса ешқандай күш салмай жүре беруіміз керек пе? Әлде бәрі өз қолымызда ма? Сіздер қалай ойлайсыздар?

8 thoughts on “Қызыл жіп

  1. осы сериал Нагасаки қаласында түсірілген деп айтқан еді Жанна. Қайдан тауып алдын бұл сериалды? Көрейін деп едім. Мен ұнататын парктен көріністер бар ме екен, интересно..

  2. Эльвира, қазір Киви.кз-те жөндеулер жүріп жатыр. Сондықтан бұрын салынған видеолар ашылмай тұр ғой деймін.
    Ал бұл сериалды алдында Жанна келгенде маған дискке жазып беріп кеткен. )

  3. “Өмірің өз қолыңда: қалауыңша қақпақылда, бір кезде орайын тауып, қолайыңа жағатын бағыт өзі-ақ белгілі болады…” деп жатады ғой…кім білсін… бәлкім,сол күш салған да дұрыс сияқты ма деп ойлайм кейде…

  4. Шынымен адамның қиналмай екі жартысын табу өте қиын ғой.
    Қызыл жіп қызық сияқтыбылай елестетіп көрсең🙂 Шыныменде кинолардың көбі арманнан туады ғо, шынайы өмірден бір сәт болса да серпілу шығар ….

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s