Плэйбой-детективтер ))

Бізде көрсетіліп кеткен «Жігіттер сарбазы» («Boys over flowers») сериалы әлі де танымалдылығын жоғалтқан емес. Сериалда ойнаған актерлер жас бойжеткендердің арасында фаворит актерлерге  айналып үлгерген. Тек бізде ғана емес, Азияның көптеген елдерінде осы төрттіктің жігіттеріне қызығушылық әлі де жоғары деңгейде. Олардың әрбір қадамын, әрбір түсіп жатқан фильмін бақылап, күтетіндер бүткіл әлемде таралған.

Мысалы, осы төрттіктің бірі Ли Мин Хо (Lee Min Ho) өзінің соңғы кездері көптеген дорамаларда сомдаған плэйбой образдарынан шығып, енді «City Hunter’s» атты детективті дорамада бағын сынамақшы. Бұл жолы оны салмақты детектив ретінде көруге бұйырып отыр. Келесі жылы жарық көретін дорамасына Мин Хоның фанаттары әлден қызығушылығын білдіріп, тіпті оның салмақты образына пародия жасап, плакаттар да шығарып тастаған екен.

Қазіргі уақытта Rain түскен «Fugitive: Plan B» дорамасы көпшіліктің назарын өзіне аударып отыр. Дорамада Rain плэбой детектив арқылы өзінің актерлік шеберлігін жақсы көрсете алды деп жатыр мамандар.

Әлбетте дорама шыққан соң оны Rain-мен салыстыратындар көп болады. Бірақ фанаттары Ли Мин Хоның бұл образды да жақсы алып шығатынына, әрі ол ешкіммен салыстырылмайтын, өз көрерменін табатын сериалға айналатынына сенімді.

Мақала KoreanVibe жаңалықтар сайтынан аударылып алынды.

4 thoughts on “Плэйбой-детективтер ))

  1. Pingback: Пак Мин Ён, Big Bang және т.б. | Корей толқыны

  2. «City Hunter’s» бізге қашан келетіні белгісіз, ал бұған дейінгі “personal taste” дегенін интернеттен көргенмін. Рөлі ұнады.
    Осы кәрістер өмірде болмайтын “ертегіні” жақсы түсіреді, а? Сенгің келеді, солай болар ма деп.

    • Әлбетте, корей сериалдары ертегі ғой көбіне. Алайда ертегіге сену, арманға сенумен пара-пар. Ал армандар орындалып жатады ғой. ) Бұл да бір политика негізі. )

  3. Pingback: Сарбаздарда не жаңалық? | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s