БоА мен Гакт Астанаға жиналып жатыр

2011 жылдың қаңтардың 30-ынан бастап бізде VII қыстық Азия ойындары өтетіні белгілі. Осы уақытқа шейін Азия елдерінен қандай әртістер келеді екен деген азия фанаттарында қызығушылық болып еді. Кімде болса жас талантты топтарды, не Rain келсе екен деген де армандарды естігем. Бірақ Rain Азия түгіл АҚШ-ты бағындырған белгілі әртіс, сондықтан бізге атбасын бұруға жәйдан келісе қоймас. ))

Десе де, осы алдыңғы аптада VII қыстық Азиада ойындарының мәдени шараларын ұйымдастырушылар, 31-і мен ақпанның 3-і аралығында «Voice of Astana» атты ән және би фестивалі өтетінін ресми жариялапты. Астананың «Қазақстан» ОКЗ мен Бейбітшілік және келісім Сарайында өтетін бұл шарада классикалық әндер кеші, би кештері және де Азияның белгілі поп-жұлдыздары өнер көрсетеді делінген. Ұйымдастырушысы болып, «Азия даусы» фестивалі естеріңізде шығар, соның бастамасын құрған Мурат Иргалиев тағайындалыпты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бізге келетін әнші-қонақтар тегін ән салып, би билеуге келісіпті. Сәйкесінше ұйымдастырушылар келіп-кету, тұру шығынын өз мойындарына алған екен.

Сонымен «Voice of Astana» фестиваліне Азия елдерінен өнер көрсететін жұлдыздар: Чжан Цзе (Қытай), Квон БоА (Оңтүстік Корея), Гэк Камуи [Гакт] (Жапония), Жетрин Уатанасин (Тайланд), Вахида (Малайзия), Диана Каразон (Иордания), Шабнами Сурайё (Тәжікстан), Хуан YIDA (Сингапур), Мик Джи (Филиппин), Мирбек Атабеков (Қырғызстан), Сэрчмаа (Монғолия), Согдиана (Өзбекстан).

Пы.Сы. Алматы тағы шетте қалды. (((( Эххх…

Толық жаңалықпен 2011 жылғы VII қыстық Азиада ойындарына арналған сайттан таныса аласыздар.

9 thoughts on “БоА мен Гакт Астанаға жиналып жатыр

      • сен енді жазайын деп тұрған мақалаңды қалай көріп тастар едім – түсінбедім. Рэйн – көп жақсы қасиеттерге ие, адамгершілігі мол бала. Мақалаң қазірден қызық маған.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s