You must survive!

Сериалдарды қоя тұрып, өзіміздің өмірге оралсақ. Бұл жақта бәрі әрине сериалдардағы сияқты емес. Кеше інімнің бір сыныптасы қайтыс болыпты. Өзін-өзі өлтірген. Көңіл айтуға сыныптастарының бәрі жиналып барса, оқиға желісі былай болған деп баяндайды:

«16-17 жасар жігіт бір қызбен жүрген. Содан кейін ол қызы оны тастап кетіп, марқұм бала қайғырған. Тіпті оған «Өлем!» деп қорқытқан ұқсайды. Оған экс-қызы: «Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын» деп айтқан көрінеді. Осыны естіп, бозбала асыла салыпты». Ақылсыздық сияқты…

Соңғы кездері осы суицид жайлы әңігемелер көп естіп жүрмін. Тіпті алдыңғы кезде бүткіл әлем бойынша суицид жасаудан Қазақстан үшінші орында дегенге таң қалдым. Қалайша? Мүмкін емес деп. Статистика жүз мың адамнан бір адам деп шаққанда біздің елде адам саны аз болғандықтан, алдыңғы қатарға шығып кететініміз содан екен. Бірақ бұл да құтқармайды. Статистика болмасын, елде белең алып жатқаны шындық.

Алдында Оңт. Кореяда көп болатын өз-өзіне қол жұмсаудың басты себептерін айтқандай болатынбыз. Ол жақта олар тым сезімтал, әрі еріккендік десек, біздің елге не сор келді екен? Жапонияда суицид көп болатынын естігем. Бір жағынан ол елдің жетістігі көп, жағдайы жақсы. Жастары еріккен болса, еріккен шығар. Осыдан біздің елде де жағдайдың жақсарып, ештеме ойламайтын жастардың етек алғаны ма?

Алдын-алу керек сияқты осы проблеманың…

11 thoughts on “You must survive!

  1. ия, дұрыс айтасыз😦 бізге не жорық дейсіз бе? Бізде көбі жастар кетеді, себебі. 90 жж. не до воспитания болдық, әке/шешеміз базарда жүрді дегендей. т.б. Өзін*өзі ұстауы көп қайғыға түспеуі, бәрі тәрбиеден келеді ғой((( кейде тұқым қуалаушылықта деп жатады… құрсын беті аулақ…(((

  2. өзіне өзі қол жұмсау үшін үлкен жігер керек, батыр болу керек. Негізі, суицид жасайтындардың көбі психикасы нашарланған адамдар. Имансыздықтың тағы бір салдары.

  3. Өмірге шақыратын пікір жазып кетейін. Күзгі депресснягымнан шығып жатырмын :))) Қыс басталғаны әсер етті ме, или саммит так хорошо действует әйтеуір бүгін қастарымды (брови) теріп қойдым, алдында өсіріп өруге дейін жеткізіп едім ғо есіңде болса😛😀

  4. ММ, психикасы көтере алмай қалған болды ғой. Негізі бірін-бірі психикалық тұрғыдан сынайтын ғашықтар болады ғой, “өлем, құлаймын, балконнан секірем” деген.

    жатқан жері жайлы болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s