Ким Юна және планшет

Біздің елде шенеуніктерге планшет ұстап жүру міндетті деген нұсқаудан кейін халықтың планшетке деген сұранысы артқан сияқты. Басқасын білмеймін, өз басым қызыға бастадым. Алайда, планшет түгіл, нетбукке қолым жетпей жүрген мен, ол ойымнан әсте айрылған болатынмын. Бүгін Кореяның Олимпиада Чемпионы Ким Юна сол планшеттің жарнамасына түскенін көріп, қызығушылығым тағы арта түсті.

Жарнама барысында ол планшетті алып шығып, ішінен рецептерді қарап, тез тамақ жасап жібереді. Ары қарай дүкенге кіріп, көйлектердің дизайнері кім, бір сөзбен айтқанда керек кезде планшетін дереу іске қосып, соған қатысты мағлұматты ала қояды. Тағы да басқа өмірінің қызықтарын планшетпен іске асырудағы көріністер. Отбасылы әйелдер үшін өте пайдалы ма деп қалдым ))

Ким Юна әлемге танымал спортшы, мәнерлеп сырғанаудан бірнеше дүркін чемпион. Осыдан біраз бұрын қысқы Олимпиада барысында біздің Жанна осы қыздың ойыны жайлы жақсы жазбалар жазған еді. Біздің Азия ойындарына да келіп қалар бұйыртса. Алматыда болса міндетті түрде баруға тырысамын. )

Сонымен назарларыңызға видео-реклама. Фонда ойнайтын ән Sistar тобының «Super Girl» әні.

11 thoughts on “Ким Юна және планшет

  1. Планшет демекші (отандық планшет дейді, осыған біртүрлі күмәнмен қараймын, сіріңкені Ресейден аламыз, кетпен, күректің өзі Қытайдан, планшет қайдан шығарылып қалды) 2011 жылдың екінші жартысында отандық ARTA Tablet планшеттік компьютері еркін сатылымға шығарылады екен. Бүгін Астанада өзімізде жасалған осы планшетердің таныстырылымы өтіпті. Астаналық әріптестерімнің ақпараты: «ARTA» планшет шығаратын 4 компанияның бірі. Біз дизайнын жасап, өзіміміздің операциялық жүйемізді құрдық. Таяу үш ай аралығында өзіміздің негізгі өнімдерімізді планшетке енгізуді жоспарлап отырмыз. Оның басты ерекшелігі IPad-пен бәсекелес болу емес. Өйткені IPad жеке пайдалану және көңіл көтеруге арналған болса, бұл өнім қажетті ақпарат әрқашан қолыңда болуы, яғни жұмыс үшін арналған», – дейді аталған компанияның бас директоры Болат Башеев.Оның атап өтуінше, компания планшеттің дизайны мен сызбасын әзірлеп, Ресей мен Қытай зауыттарына тапсырыс береді. Содан кейін ғана өнімді елімізде құрастырып, оған өздерінің операциялық жүйесін енгізеді.
    Отандық өнімнің тағы бір ерекшелігі веб-камера орнатылуында. Осы ерекшелігін пайдаланып, бейнеконференциялар өткізуге де мүмкіндік бар. Сондай-ақ USB-мен, SD-карта-мен, желілік карта үшін слотпен, динамикамен және Wi-Fi-мен жабдықталған.
    Планшетпен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істеуге болады.
    Компания 2011 жылдың наурызында аталған планшеттерді шығара бастауды жоспарлап отыр және сол жылдың екінші тоқсанынан бастап кез келген азаматтың сатып алуына болады.

  2. Ким Юна қысқы Азия ойындарына қатыспайтынын жазда хабарлап қойған. Ол тек үлкен Чемпионаттарға қатысуға шешім қабылдапты. Яғни, 2011 жылы наурызда Токиода өтетін Әлем Чемпионатына ғана барады. Так что, Анар оны Алматыдан күтпей ақ қой.. өкініштімін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s