“Жаңбырды жасаған 7 адам”

Оңтүстік корейлік әнші, актер, биші, жалпы талантты жігіт Rain-ге арналған видеоны көргеннен бері сіздермен бөлісуге деген ынтам маза бермей қойды. Ал трекерге видеоны қосу, оның ішінде субтитрлармен кәдімгідей бір жыр екен )) Осы кезде онлайн сериалдар қосатын адамдардың еңбегіне тамсанып кеттім. Әлбетте ол сияқты әлемде таланттылар аз емес. Бірақ маған оның әрбір сөйлеген ақылды сөздері, еңбекқорлығы, жалпы адам ретінде тәнтті етті.

Өнерге бастау алар жолында анасы өмірден қайтып, көп азап шеккен екен. Сұхбаттың бір жерлерінде айтады: «Анаңның ауырып жатқанын көріп, оған еш шара қолдана алмайтындығыңнан басқа азап жоқ. Басқа неге болса да төзуге болады, бірақ анаң қиналып жатқанын көру өте қиын» деген. Осы сөздерін есіме алсам, шынымен өмірде болатын келеңсіз жағдайлар, күйзелтетін дүниелер жақындарыңның өмірімен салыстырғанда ештеме емес қой. Жақындарыңның, туған-туыстарыңның жайдары күліп, жаныңда жүріп, бақытты болғандарын көргенге не жетсін?

Сонымен қатар, Rain айтады, «Соңында неге жететінім белгісіз, бәлкім жеңемін, бәлкім жеңілемін, бірақ менің қолымнан келгенін бәрін жасаймын» деп. Алтын сөздер!

Пы.Сы. ҚЗ-да әрбір әнші осылай өнерді сүйіп, осылай тырысса деген ниет тағы бар.

(Видеоны осы берілген ссылка арқылы көре аласыздар. Екі бөлімге бөліп қойдым. Киви.кз-тен осында қойсам, осылай ссылка болып тұрады. Тағы бір уақыт болғанда Youtube-ке салып қоярмын. Әзірге осылай болып тұр.)

http://v.kiwi.kz/v/qysm5gy5871w/

http://v.kiwi.kz/v/wgwfrf0t0qtw/

Анықтама үшін:

Аты: Bi (Rain)
Шын есімі: Jeong Ji Hoon (Jung Ji Hun/ Чон Чи Хун)
Шет елде: Рейн (Батыста), Пи (Жапонияда)
Мамандығы: актер, певец, модель, танцор.
Туылған жылы: 25 маусым 1982 ж.
Туылған жері: Сеул, Оңтүстік Корея.
Бойы: 184 см.
Салмағы: 75 кг.
Білімі: Кён Хи Университеті.
Хобби: Киім мен аяқ киімдер коллекциясын жасайды.
Жақсы көретін спорт түрі: баскетбол, сноуборд.
Сүйікті актер: Чарли Чаплин, Сон-ху Хан.
Отбасы: әкесі және қарындасы Ханна.

Rain Оңтүстік Кореяда танымал әнші, актер, биші және дизайнер. Ол 6 альбом шығарған. Let’s Go To School дорамасы үшін жаңа актер ретінде, ал 2004 жылы Full House сериалы үшін Ең үздік актер атағын алған. Ол түскен I’m a Cyborg, But That’s OK фильмі Корей киномотографиясында бірегей фильмдердің қатарына кірген.

2006 жылы Time magazine вебсайтында жарияланған «Біздің әлемді құрайтын 100 адам» тізіміне қосылған.

28 thoughts on ““Жаңбырды жасаған 7 адам”

  1. ohhh Rain!

    негізі, Рэйн туралы көп айтуға болар еді.. просто Анар қыздың қолы тимеген шығар =)

    Видеоны бұрын көрмеппін. Рахмет, қызық болды мен үшін. Өкініштісі, 2006 жылғы ескі видео екен. Одан бері Рэйн едәуір өсіп, талай биіктерге жетіп алды. Сонысымен таң қалдырады бар ғой – не бары 10 жылдың ішінде.. расында, адамның жете алмайтын биіктігі жоқ – Рэйн айтпақшы – “Endless Efforts, Endless Endurance, Endless Modesty” болса болды. Бірде иманы болса ваще қатып кетер еді даш=)

    Видеоның бірінші бөлімінде қонақүйде онымен болған репортер Рэйннің жақын досы. Ал, JYP құрамынан Рэйн осы видео түсірілгеннен кейінгі жылы шығып кеткен (2007), бірақ әлі де жақсы дос продюсермен. Ешқандай скандалсыз жақсы айырысқан. Кейіннен Рэйн өзінің жеке продюсерлік компанияны ашқан. Жеке өзі емес, біреулермен ортақтаса. Армияға (2011 жылдың екінші жартысында) кеткенге дейін ол компаниядан ақшасын шығарып жатыр Рэйн. Екі жыл бойы (кореяда армия екі жылдық) бәрібір ешқандай контроль жасай алмаймын деп сірә. Кстати, Рэйннің ақша мәселесіне толықтай әкесі қарайды. Әлі күнге дейін. Кезінде папасы ақша табамын деп Кореяның сыртына шыққан екен, сосын ғой мамасы барлық әрі нан табу (базарда істеген), әрі үй шаруаларына (нашар районда жай үйде тұрған олар ол кезде) қараймын деп қатты ауырып қалады. Содан Рэйннің папасынан қатты көңілі қалған еді. Бірақ кейіннен жақсы болды олар. Айтқанымдай, финанс жағын папасы басқарады. Рэйннің айтуы бойынша, бір жаққа инвест жасағысы келсе, папасынан рұқсат алады екен әлі де =)

    Айта берсе көп-ақ.. бір сөзбен, Рэйн – ол:
    – көздерді үлкейтетін операцияға келіспей, онсыз да атақты әнші болу мүмкін екендігін күллі Кореяға дәделдеген адам;
    – жеткен жетістіктерге қарамастан қарапайым әрі досжанды болып қала алған адам;
    – керемет биші, мега әнші, жақсы әртіс

    Рэйн туралы жасалынған көптеген сюжеттерден мынау ең соңғысы (қателеспесем) – http://www.youtube.com/watch?v=42qEAt4-nKg Дискавери каналының жасаған Рэйн туралы фильмі. 5 бөлімнен тұрады (сілтемеде тек 1 бөлімі ғана). Өте сапалы әрі толыққанды.

    Соңғы жаңалықтардан: Рэйн бас рөлде ойнаған Fugitive сериалы өткен аптада ғана түсіріліп болды. Көреяда көрсетіліп болды. Енді Рэйн 31 желтоқсанда Сеулда өтетін концертіне дайындалып жатыр. Сосын бір американдық киноға түседі, бас рөлде емес-ау бірақ (Рэйн бас рөлде ойнаған (2009) американдық киноны – Ninja assasin – көрген боларсың). Сосын армияға кеткен кезде екі жылдық үзіліс жасалынатын болады. солай.

    жазып отырып өзім де таңқалудамын – Рэйн туралы көп мағлұмат жиналып қалыпты миымда =)). Бұрын (http://aspazdik.wordpress.com/2010/04/02/rain-%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%85%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B-%D0%BF%D0%B5%D1%87%D0%B5%D0%BD%D1%8C%D0%B5/) айтқанымдай, Рэйн 50-ге толғанда онымен кездесіп интервью алып жатсам, алдын ала дайындалғаным шығар.. гыгыгы.

    • update:
      1- Рэйн компаниясының жартысын JYP-ке тапсырып кетті. Армиядан қайтып келгенше ескі продюсері, досы JYP басқаратын болды.
      2- Рэйн американдық емес корейлік киносында түсу үшін келісімін берді. Осылайша армияға кетпей тұрып ол тағы бір фильмде түсіп болады бұйырса. Соның арасында үлкен концерт ұйымдастырмақшы. Не деген тынымсыз/еңбекқор десеңш.

  2. соңғы екі абзацыңа қатысты P.S.:

    Рэйн Кореяда ғана емес, жалпы Азияның дерлік әр елінде танымал (ең жасты поклоницасы 83 жаста екен). сосын Рэйн былтыр түсіріліп болған Ninja Assasin фильмі үшін биыл MTV жүлдесін алған. Уот =)

    Рэйннің маған ұнайтын өлеңдері:


    және басқалары =)) btw, бұл бала көптеген өлендерін өзі жазғанын біліп пе едің? гипер-мега-еңбекқор бала!

    Ал мына сілтемеде жас Рэйн би билеуді үйретуде:

    Биылғы Гуанжоуда өткен жазғы Азиялық ойындарының жабылу салтанатында Рэйн 3 өлең орындаған болатын. (келесі ойындар Кореяның Инчон қаласында өтпек). айттым ғой Рэйн туралы айта берсең.. бітпейді =)

    Көп коммент жазып тастағанымды кешір.

  3. Эльвира, жазбамды толыққанды етіп, Рэйн жайлы мағлұматқа толтырып бергеніңе үлкен рахмет! )
    Шынымен, жазамын деп, сөзім жетпеді ма, былайынша сен сияқты тамсанып қараймын. Екеуміз ғана емес, кеше ғана Анджелина Джоли да Рэйннің өнеріне тәнті екенін айтып өтіпті ))

    • имхо былай – кәрістер (Рэйн в том числе) көптеген жақсы қасиеттерге ие: адамгершілігі, ар-ұят, намыс, адалдық, еңбекқор, тәрбиелік, ата-анаға құрмет т.с.с. Осының бәрі өте құнды қасиеттер, бір ғана кемшіліктері бар – имансыз болулары. Осыларға иман да қосылса, олар дүниенің ең мықты мұсылман елі болар еді. Деп ойлаймын.

  4. Pingback: Жұлдыздар – әскерде! | Корей толқыны

  5. Pingback: “Ыстық ұя”. Қосымша. | Корей толқыны

  6. Бұрын Рейнге тіпті қызыққан да жоқпын. Бірақ жақында сіздің блогыңыздан көріп, Рейнге деген қызығушылығым оянды. Сосын неге атын өзгерткен деп ойлаймын. Оның неге осындай сахналық есім таңдап алғанын білмеуші едім. Іздеп едім, интернеттегі бір сұхбатын көрдім. Сөйтсем, продюссерімен ақылдасыпты. Продюсер оған “сен ән айтып тұрғанда өте мұңды көрінесің” депті. Содан кейін Рейн қытайдың “Пи” деген иероглифіне тоқтапты. Мағынасы: “қайғы және мұң -жауып тұрған жаңбырмен бірдей” дегенді білдіреді екен.

    • Жақсы ақпарат екен. Сізді қызықтыра алғаныма қуаныштымын.🙂 Ал Чон Чи Хуға қайғы-мұң тек өлеңдерінде болып, өмірі тек бақытқа толы болсын деп тілейік! )

    • Билеген кезде жаңбырдың тамшыларына ұқсағаны үшін де осы лақапты таңдаған деседі. btw, Рэйннің фанаттары өздерін Rain Cloud дейді. Яғни, жаңбырсыз бұлыт болмайтындай, бұлытсыз жаңбыр да болмайды деп.

      update: Өткен айда Рэйн Time 100 тізіміне ілінген болатын. Осыдан екінші рет (2006, 2011). Кореяда Рэйннен басқа бұл тізімге ешбір әнші бұрын сонды ілінбеген болатын.

  7. Pingback: Wordpress.. Rain.. | .:: АСПАЗДЫҚ ::.

  8. Rainga uksaitin bir balani kezdestirdim katti uksattim menin korwim bolatin ol balamen bir kuni tanistik jaksi aralasip kettik bir mekteptede birge okidik.basinda oni n Rainga uksaitinin baikamap edim sodan onimen men jakin aralasip kettik ne bolsada.kandai kiinwilik bolsada menin janimda tapilatin men ogan katti bauir basip kalganim sonwa oni agamnanda kem kormedim agam dep atap kettim birak ol uzakka sozilmadi oitkeni ekeumizdin aramizda jkin karim katinas bolgan etin iagni ol magan meni suetindigin ernimnen suip bildirip edi sol satten bastap men oni unatip kalippin es tussiz gawik bolip kaldim ..bari magan;-senin algi unatatin akterin bargoi Rainwe sol ana senin aganna uksaidi ia?dep kobisi aitatin bir kuni onin suretin aniktap karadim jane RAIndikinde suitsem winimen katti uksaidi eken …..men tangalganim sonwa oni win suietinimdi sol RAIn arkili bildim….. BIRAK Okiniwke orai ol magan kop uakit karamai jurdi ernimnen suigenin ozi baikamai kalip edi magan karauga bet jok Sol kuii mende ogan ewtene demedim sol kuiii UNSIZ MAHHABAT bolip kaldikkkk……………………raining_94@mail.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s