Періштелерден келген хат

Оңтүстік корейліктердің шоу-бизнесінде әрбір жұмыс істеп жатқан адам, соның ішінде әрине әртістер, қоғамның өмір-тынысына да жақсы әсер ете алатынға ұқсайды. Жалпы, қандай да бір сериалдар көрермен жұртшылықтың санасына оң, не теріс әсер етуі әбден мүмкін емес пе? Корей әкімшілігі де қоғамда өзекті проблемаларға осы танымал жұлдыздардың әсерін пайдалануға тырысады.

Соған орай, әр жыл сайын Оңтүстік Корей жетім балаларды асырап алу қауымдастығы, жұлдыздардың көмекке зәру балалармен бірге түскен сурет көрмесін ұйымдастырады. Бұл қоғамның үй-күйсіз балаларды асырап алу жайлы көзқарастарын қалыптастыру, сонымен қатар күйеуге шықпаған әйелдердің жетім балаларды асырап алуына жол ашу сияқты проблемаларды қамтиды.

Осы жылғы сурет көрмесін фотограф Jo Se Hyun өткізген екен. Оған осы кездегі атақты жұлдыздар: Lee Byung Hun, Lee Seung Gi, Jang Keun Suk, Kim Jung Eun, Han Hyo Joo, Lee Min Jung, Kim Ok Bin, Yoo Ji Tae, Yoon Si Hyun, Bae Jong Ok, Kim Min Jung және Wang Ji Hye ат салысқан екен.

Астында көөөп күшті суреттер ))

Алдыңғы жылдардағы көрмелерде біздің елде танымал корей актерлері де қоғамның проблемаларына бей-жай қарамаған, соның ішінде Rain:

Rain

Yoon Eun Hye

Chae Rim

Tae Yang (меніңше екеуі бір-біріне ұқсайтын сияқты, ұнаған соң қойдым )))

Кредит: KoreanVibe.сom

10 thoughts on “Періштелерден келген хат

  1. en birinshi suretterden on jakta turgan bala kazir tanimal jurgizushi, kop show’lardi jurgizedi. koreyada korgem. sonin anshi / artis ekenin bilgen jok edim, sol kezde elder aytti.

    Raindi de ilip koyganina rahmet =) bul fotosessiya kezinde Rainnin kolindagi bala Rainnin ustin buldiripti =) birak Rain ‘eshtene etpeydi, kayta bagim ashilatin boladi” dep irimdap fotosessiyani jalgastiripti. Rain sonday endi =)

    • Strong heart бағдарламасын жүргізеді ғой дим. Сол бағдарлама ұнайды маған. Әртістерді шақырып, небір каверзный сұрақтар қойып, жауаптарына прикол ұстап, жақсы бағдарлама. Орысша аудармалары аз, өкінішке орай.

      • мүмкін ол да бар шығар. мен көрген передачада неше түрлі шетелдіктер корейше сөйлеп отырған. Әртүрлі елдерден жиналған адамдарды қатыстырып жасалынған бір бағдарлама еді. Не туралы екенін түсінбедім әрине. Бірақ елдің бәрі күле берген соң күлкілі бір бағдарлама деп жобаладым. Жалпы корей мен жапон (негізі басқа да азия елдері де) бағдарламаларын күлкілі ғып жасайтындары ұнайды.

        Есіме түсіп тұрғанда бір бағдарлама жайлы айта кетейін: атақты кісілерді универлерге шақырып, студенттерге “наставления” немесе басқаша айтқанда “өмірлік тәжірибелерімен” бөлісуді сұрайды. Өте жақсы бір жоба сияқты. Адамдар да доклад форматында емес, қызықты/күлкілі етіп түсіндіреді барлық нәрсені. Мен Қытайдан қарағам бұл бағдарламаны. Корейдің халықаралық каналынан.

        Ақыры көшіруге мастер екенбіз, неге осы сияқты пайдалы бағдарламалады көшірмеске? Әй қайдам бірақ, біздің адам елдің алдында ашыла алмайды. Сондықтан болар, бәрі шынайы болмай қалады.

        Анар, осы саған келсем көп сөйлеп қалатын боппын. Кешір, жаным.

  2. Эльвира, керісінше осылай коммент жазғаның бізге де қызық.🙂
    Сол мен де соны ойлап жүргем, неге осындай бағдарламаларға қарап ұқсас бірдеме жасамайды екен деп. Бірақ корейлерде қандай бағдарламалар болып жатқанын бірі білсе, бірі білмейді ғой. Әйтпесе жұлдыздармен жасалатын ток-шоулар әркез актуалды меніңше.

  3. Тәп-тәтті-ау. Бірінен бірі өтеді.
    Бірақ жалпы алғанда, Ли Бен Хен мен Рейннің суреті сәтті шыққан. Хеннің қолындағы өзіне ұқсайды екен. Қолын көтеріп қояды-ау.

  4. Иә, шын айтсам бізге орыстардың “уятсыз, арсыз, бетсіз” ^_^ сериалдары мен фильмдерын, бағдарламаларын “Дом-2” сияқтыларды көрсеткенше тәрбиелі, әдепті кәрістерді көрсетпейді ма?! Бәрін орыстардан қайталағанша, кәрістерден қайталасын! Кәрістер көбіне күлкілі, тәрбиелі және әдепті қылып түсіреді. Адамдарға тәрбие мен әдепті үйретеді, жақсылыққа баулиды, мына орыстарға қарағанда. Орыстардың менталитеттері бізге көп және өте әсер етті. Бізге қытайдың менталитетінің әсер еткені жақсы еді, дәл жанымызда тұр ғой, мына орыстардыкы әсер еткенше! Совет үкіметінің әсері көп тиді! Өкінішті…😦

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s