Жи Хьен Ву (Ji Hyun-Woo)

Қазір бізде болып жатқан «Рождение богача» («Вirth of a rich man») сериалында ең басты рөлдердің бірін жас актер Жи Хьен Ву (Ji Hyun-Woo) ойнайды. Ол 1984 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Қазіргі таңда актер, музыкант, әрі модель (бойы 185 см) ретінде түрлі шараларға қатысады.

Жалпы Хьен Ву актерлікке 2003 жылы радиостанцияда жарияланған кастинг арқылы жол тартқан екен. Бір жылдан кейін «Old Miss Diary» сериалына шақырту алып, бағы ашылады. Сериал да, актерлер де көрерменнің ыстық ықыласына бөленеді. Сұраныс жоғары болғандықтан «Old Miss Diary» 2 жылдан кейін фильм ретінде де жарыққа шыққан.

Нәзік жандылар арасында жақсы танымал бола бастағанмен, ол өзінің актерлік шеберлігін барынша пайдалануға, әртүрлі образдар жасауға талпынады. Тіпті кішкентай рөл болса да мінезін ашуға барынша күш салатынын айтады. Осындай ізденістер қатарында «Over the Rainbow», «Merry Mary», «The Invincible Lee Pyeong-gang» дорамаларында ойнаған.

«Old Miss Diary» сериалы мен фильмнен бері Хьен Ву жайлы «бозбала жігіт» образы қалыптасқан. Алайда ол осы образдан шығуға тырысып бағатын көрінеді. Және де соңғы ойнаған «Вirth of a rich man» дорамасында осы ойы іске асқан сияқты. Көп-көрім есейгені байқалады. Көптеген көрермендер оның түрін бейкүнә жас сәбилердікі сияқты деп айтады, әрі келбетті жігіт деп есептейді. Бірақ Хьен Вудің өзі қарапайымдылығынан бәлкім, өзін әдемімін деп есептемейді екен.

Сонымен қатар Хьен Ву актер ғана емес, сонымен қатар жақсы ән де айтады. Актерлік карьерасына дейін ол «The Nuts» тобында бас гитарист болған екен. Топ, 5 альбом шығарып үлгерген. Музыка, не актер болуды бөле жарып қарамаймын дейді, өмір бойы істейтін ісім осы болатын шығар деп топшылайды.

Міне, осымен 7 жылдан бері Жи Хьен Ву өнер саласында қызмет етіп келеді. 26 жасар жігіттің шығар биігі әлі де алда, әрі Кореяның ең танымал актерлерінің біріне айналарына көптеген көрермендер сенеді.

Маған ғана емес, көбіне Хьен Вудің “Рождение богача” сериалының бір сериясында Falling Slowly әнін айтқаны ұнаған шығар. Сол үзіндіні сіздерге ұсынып отырмын. Әдемі өлең, талантты актердің орындауында.

Қосымша ақпарат:

Аты-жөні: Ji Hyun Woo (Ji Hyeon Woo) / 지현우
Мамандығы: Актер, музыкант, модель
Туылған жылы: 29 қараша 1984
Бойы: 185 см
Салмағы: 65 кг
Отбасы: ағасы Ji Hyun Soo (әнші)
Тобы: The Nuts (гитарист)
Білімі: Университет Sung Gyoon Gwan

Ойнаған сериалдары:
Birth of a Rich Man (KBS2, 2010)
Invincible Lee Pyung Kang (KBS2, 2009)
My Precious You (내사랑 금지옥엽 – 2008)
My Sweet Seoul (달콤한 나의 도시 – 2008)
Me Ri, Dae Gu’s Attack and Defense Battle (MBC, 2007)
Over The Rainbow (오버 더 레인보우 – 2006)
Banjun Drama (SBS, 2005)
Golden Apple (KBS, 2005)
You’ll Find Out (KBS, 2004)
Old Miss Diary (KBS, 2004)

Фильмдері:
Attack the Gas Station Part. 2 (2010)
Old Miss Diary – Movie (올드 미스 다이어리 – 극장판 – 2006)
Fly High (사랑하니까, 괜찮아 – 2006)

Марапаттаулары:
2008 SBS Drama Awards, Best New Star
2006 MBC Drama Awards, PD Award
2005 KBS Entertainment Awards, Netizen’s Choice

Ақпарат arirang.co.kr, wiki.d-addicts.com сайттарынан алынды.

5 thoughts on “Жи Хьен Ву (Ji Hyun-Woo)

  1. Тоқтап тыңдайм кейде осындай музыканттарды. Поддержка ғой оларға:)
    Фукуокада вокзал алдында болатын бір спот ылғи да сол жерге музыканттар кеп ән айтатын. Қазір атақты боп кеткен Юй деген әнші қыз да алғашында сол жерден бастаған деп айтады:).

  2. ММ, бұл менің фаворитім, ана қызы екеуі күшті және әдемі жұп!
    Бәәәсе, ана қолына гитара алып ән шырқай жөнелгенде тегін еміс екенін ұққанмын. Айтпақшы, сериал соңы немен бітті? Мен “Ғашық жүрекке” барам деп соңын өткізіп алыппын.
    Жалпы осы актер тартымды және харизмасы бар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s