Тілек!!!

Осы жылдың басынан менде корей сериалдарына қызығушылық басталды. Осылардың бірінен соң бірін көрем дегенше жыл да аяқталып қалды. )))

Жалпы, осы жылы көргендерімнің ішінде ең ұнаған сериал City lovers/Still Marry Me және Thank you болды. Біріншісі өте көңілді болса, екіншісін керісінше бет орамалыммен қарадым. )) Жалпы корей сериалдарынан көп нәрсе өзіме аштым. Музыка, өнер, бір сөзбен айтқанда зиянымен қоса пайдасы да баршылық.))

Өмірім жайлы кішкене қорытынды жасасам, шын айтқанда осы жылы түк бітірмедім )) Тек спорт залға жазылдым. Басында жақсы нәтижелер болды. Кейін тастап кеткен соң, қайта қалпыма келдім. Енді соны басынан бастап жүрмін. Келесі жылға да жақсы бір ниетпен қадам баспақ ойым бар. Әлбетте ниет пен үміт болмаса өмір мәнсіз болып кетеді ғой.

Алдында бір «Обещать не значит жениться» деген фильм қарап, көрген болсаңыздар сонда бір күлкілі қыз бар. Жігіт іздеп, әуре болады. Ең соңында мынадай айтқан сөздері ұнады: «Әркімнің хэппи енд-і әртүрлі. Ең бастысы өзіңіз соны хэппи енд деп таныңыз. Не болса да хэппи енд болу үшін ешқашан, ешқашан үміттенуден жалықпаңыз» деп.

Сол мен де сіздерге айтарым, хэппи ендке жету үшін ешуақытта, ешқашан үміттен арылмаңыздар. Ал жалпы тіптен болмай жатса, біздің сүйікті Rain-нің де мынадай жақсы сөздері бар: «Соңында неге жетерім белгісіз. Бәлкім жеңемін, бәлкім жеңілемін. Бірақ қолымнан келгенін бәрін жасаймын» – деп. Меніңше өте сергітетін сөздер.

Ал жалпы үміттеніңіздер, ниет етіңіздер, алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер! Денсаулықтарыңыз мықты, жақындарыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын! Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!!!

4 thoughts on “Тілек!!!

  1. жаңа жылыңмен!

    Жаңа жылда блогыңда тек қана корей сериалдары туралы емес, жалпы Корей елі туралы көп қызық мағлұмат оқитынымызға сенемін! Сосын жеке саған тілейтінім – 2011 жылы Кореяға барып қайт! Сол ел туралы қызық әңгімелеріңді сонда тойып оқитынымызға сенімдімін!

    п.с: сериалдардың арасында өзіңнің де өмірін бір үлкен сериал екенін ұмытпа.

    • Рахмет, Эльвира! Негізі корей сериалдарын сүйіп көрсем де, блог ашып, мыжып жазбауыма да болар еді. Бірақ мен осы сериал мен өмірімді байланыстырып, әрі жалпы қоғаммен ұштастырып бір блог ашуды ұйғардым. Сериалдан бөлек қайнап жатқан өмірім бар. Одан ешуақытта қашып құтыла алмаймыз ғой ))) Сол күйбің тірлік жақын арада Кореяға мені апара қоятынына әлі сене алмаймын. Ал бірақ бір арман бары сөзсіз. Ал армандар кейде орындалып та жатады. Жалпы үмітті еш үзбейміз. ))
      Блогыма келіп, білгеніңмен бөлісіп жүргеніңе үлкен рахмет! Әйтеуір оқитын тұрақты оқырманым бар ғой деп, кейде шабыттанып кетемін.🙂 Жаңа жыл бәрімізге тек жақсы жаңалықтар алып келсін! )

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s