Іздегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар…

Естеріңізде болса, алдыңғы бір жазбаларымда “Сестра Золушки” атты сериалды көріп жүргенімді айтып едім. Сол сериалды бастап, аяқ жағын әрең көріп бітіп едім. Өйткені, аудармашылар бір себептермен аударманы тым кештетіп жіберген еді. Сөйтіп, қашан? қашан? деумен толық 20 сериясын көрдім. Ал енді алдында теледидардан біздің “Ел Арнада” 7-қаңтардан бастап осы сериалдың көрсетілімі болады деген жарнаманы көріп қалдым. Ой, бір күтумен кеткен уақытым-ай дедім ғой ))

Бір жағынан сол сериалды көрсететініне қуаныштымын. Менің ойымша Мун Гын Ёңнің (Moon Geun Young) актерлік шеберлігі, Чун Джун Мёңнің (Chun Jung Myung) харизмасы, әрі қазақ жігітіне ұқсастығы біздің көрерменнің көңілінен әбден шығатынына сенімдімін.

Жалпы Ел Арна басшылығына біз сияқты корей фанаты келген ба деп қалдым. )) Соңғы кездері Кореяда соңғы жылдары түсірілген, кілең жаңа, рейтингісі жақсы сериалдардың көрсетілімін жасап жатыр. Көрермендер риза болса керек.😉

Сондықтан, Let’s start! :))

11 thoughts on “Іздегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар…

  1. Ия, менде ойлап қойдым кеше Еларна мықты ғой жаңа сериалдар беріп деп.)) Қуанышымда шек жоқ. Сол сериалды алу керек еді деп жүргенмін, тіптен қатып кетті.

  2. Мен кеше көріп қалдым, өгей әкесінен басты рөлдегі қыз “мектепке жіберсеңіз болды” дегендей бірдеңе айтып сұранып отырғанын, көруге тұрарлық кино екен!!!

  3. “Ел арнаның” арт директоры Ержан Сүлейменов болуы керек. Жаңа медианың жілігін шағып, майын ішетін маман🙂

    “Ел арнаның” көңіл-көтеру форматындағы хабарларға көбірек мән беріп жатқанын сондықтан деп білемін.

  4. мен осы сериалды көріп жүрмін. неге екені белгісіз, аттары есімде қалмайды. суреті ілініп тұрған қыз суық, қатал болып көрінгісі келгенмен шын мәнінде олай емес. шешесіне тартпағанына шүкір дейсің. құдды, өгей әкесінің туған қызы сияқты. ал өгей әкесі сияқты адамдар өмірде сирек кездеседі (Мақпал де сериал көреді екен деп айтпаңдаршы, плз:))

  5. Кешегі сериясында әлгі жігіт қызды көтеріп алып жүгіргені ұнады🙂
    Осы кәрістің жігіттері қамқор келеді, арқалайды, көтереді молодцы!!!

  6. Менде бул киноны суйип коремин. Ар сериясын коргенше шыдай алмай отырамын. Сондыктан интернеттен сценарин окуга болама. Жане калай.

    • Арайка, алдын-ала бәрін біліп алсаң, қызықсыз болып қалады ғой. Сондықтан шыдамдылық танытып, соңына дейін көрген дұрыс деп ойлаймын. Ал сериал жайлы мағлұматтар алғың келсе Google.kz сайтынан Cinderella’s sister korean drama деп жазып, шыққан сілтемелерден оқи аласың.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s