Ким Со Юн (Kim So Yeon)

Осыдан біраааз жыл бұрын біздің телеарналардың бірінде «Все о Еве» (All about Eve) деген сериал болған еді. Енді ол да корей сериалдарының классикасына жататын шығар. Ең басты рөлдерде Кореяның беделді актрисалары Чае Рим (Chae Rim), Ким Со Юн (Kim So Yeon) ойнаған.

Сол Ким Со Юн ең алғаш “Айристе” (IRIS) пайда болғанда танымай қалдым. Өйткені «Все о Еве» сериалында оның шашы ұзын, және де жас болатын. Әрине, сериал барысында ол небәрі 20 жаста болатын. Жалпы актерлік өмірге ол 15 жасында келген екен. Басында тек қызығушылық үшін кастингтерге қатысса, кейін актерлік мамандыққа толықтай мойынсұнып кетеді. Түрінің суық, сұсты болуына орай, елдің бәрі оны жабық, мінезі ауыр деп ойлайтын көрінеді. «Все о Еве» сериалынан кейін көбі оны сондағы зұлым-кейіпкер қыз ретінде қабылдайтынын да айтады. Ең үздік рөлдердің бірі болып саналатын Айристе де Солт.Корей шпионы рөлі де салқынқанды, ауыр мінезді қыздың рөлі.

Міне, сол «Все о Еве» сериалынан кейін 10 жыл өткен соң «Прокурор ханшайым» (Prosecutor Princess) сериалынан кейін қайта өз жолыма келдім дейді. Осы сериалда прокурор Ма Хе Ридің рөлін ойнап, өзін басқа қырынан көрсетіп, “көңілді, ашық екенімді көрсете алдым және Йонг Мидің образынан құтылдым” – деп ризашылықпен айтады. Екі әпкесінен кейін ең кенже болып саналатын Ким Со Юн ата-анасының еркесі, әрі осы сериалдан кейін мақтанышына да айналыпты. Анасы да соңғы сериалын көріп, міне, осы сенің рөлің деп қатты қуаныпты.

Актерлік карьерасындағы 15 жылда жеңістер мен жеңілістерді басынан кешірген Ким Со Юн ешуақытта мойымауға, сабырлы болуға шақырады. Әрі осы «Прокурор ханшайым» сериалынан кейін өз мүмкіншіліктеріне сенімі артып, бастапқы жолға қайта келгендей күйімен бөліседі. “Мені көрермен әр қырымнан көрді, актерлік шеберлігіме сенді, енді ештемеден қорықпаймын” дейді.

«Все о Еве» сериалында дикторлыққа үйрену барысында біраз жаттығулар жасап, дикциясын түзеген ұқсайды. Болашақта осы дарынын да пайдаланып, мультфильм, деректі фильмдерді дыбыстауға, немесе концерт жүргізушісі болып та байқап көргісі келетін арманымен бөліседі.

Ал біз оның барлық бастамаларына сәттілік тілейміз! )

Қосымша ақпарат:

Есімі: 김소연 / Kim So Yun (Kim So Yeon)
Мамандығы: актриса
Туған жылы: 02 қараша, 1980 жыл
Туылған жері: Сеул, Оңт.Корея
Бойы: 167 см
Салмағы: 46 кг
Отбасы: Ата-анасы, екі үлкен әпкесі

Түскен сериалдары:

Athena: Goddess of War (SBS, 2010)
Dr. Champ (SBS, 2010)
Очаровательный прокурор (SBS, 2010)
IRIS (KBS2, 2009)
Гурман (SBS, 2008)
Да Кинг Уи Санг 大清徽商 (2007)
Осенний Душ (MBC, 2005)
Новый Человеческий Рынок (SBS, 2004)
Яркие Дни (SBS, 2004)
Как Красивая Летающая Бабочка (2004)
Трио (MBC, 2002)
Свет (MBC, 2002)
Все о Еве (MBC, 2000)
Матери и Сестры (MBC, 2000)
Клиника Soonpoong (SBS, 1998)
Вчера (MBC, 1997)
공룡선생 (SBS, 1994) дебют

Түскен фильмдері:

Семь Мечей (2005)
Изменение(Замена) (1997)
Босс (1996)

Марапаттаулары:

2009 Премия Драмы KBS: Премия Популярности (IRIS)
2008 Премия Драмы SBS: Екінші пландағы үздік актриса – Специальная Драма (Гурман)
2000 Премия Драмы MBC: Үздік актриса

Мәлеметтер wiki.d-addicts.com және 10Asia сайттарынан алынды.

7 thoughts on “Ким Со Юн (Kim So Yeon)

  1. мен бұрын ойлаушы едім. Кәріс сериалдары қызық, бірақ олардың аттары есіңде қалмайтын шығар деп. бірақ, жоқ үлкен-кішінің бәрі есімдерді қиын болғанын қарамастан жаттап алатын болды. ауылға барсам үйдегілер “тэсу”, “жумонг”, “сондок” деп зырылдатып айтып жүр

  2. Осы әртіс қатты ұнайды. Болмыс-бітімі ерекше сияқты. IRIS -тегі рөлі де өте сәтті шыққан. Қатты, суық адам ретінде ойнай жүріп, ғашық бола білетін, сырты салқын болғанымен, жүрегі жұмсақ адамның рөлін жақсы сомдаған.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s