Аударма қиындықтары

«Сестра золушки» сериалын көрсетеді деп, бас киімді лақтырып жатқанда ондағы аудармадағы қателіктерді көріп, көңілім түсті.

Ең басты қазақша аудармасын «Күнекейдің әпкесі» депті. Осылай дұрыс та шығар, бірақ… құлаққа сондай жағымсыз. Бір жағынан редакторлық талқылау жетіспеген бе деп ойлаймын.

Екіншіден, Хе Сонның әкесі «Де Сон Чам Де Ка» деген зауыттың бастығы. Біздің аудармада, зауыт басында сакэ шығарады деді, кейін Ын Чжо презентация жасағанда «Біздің макголи» деді, ал қазір тіптен соджу деп жүр… Олар Макголи шығарумен айналысады ғой. Макголи – корейліктердің ұлттық алкоголь ішімдігі. Түсі ақшыл, 6-7% алкогольден тұрады, алайда құрамында спирт жоқ. Ал соджуда 20-40% аралығында спирт болады. Меніңше осы макголи аудармасын қалдыру керек еді. Бір жағынан жалған ақпарат кетіп жатыр.

Сериал түсірілген жер «Тэсон Чхамдога» макголиді зерттеу орталығы орналасқан

Сонымен қатар, кеше, 7 серияда Ын Чжо, өгей әкесін «Әке» деп қалды. Алайда ол сериал барысында, оны ешуақытта әке демеген. Тек әкесінен айрылған соң ғана, «Әке» деп бақырып жылайды. Сонда ғана осы сөзді неге айта алмадым деп өкінеді.

Бұның бәрі маңызсыз нәрселер шығар. Сонда да аударғанның жөні осы екен деп, көрерменді әсерінен айрылтуға, әрі түсінбестік тудыртуға болмайды ғой. Интернетте аударатын кәсіби емес редакторлар мықты ма деп қалдым, тым құрымағанда көрерменге жауапкершілікпен қарайды.

Пы.Сы. Осы сериалдағы рөлдері үшін KBS арнасының “Ең үздік актриса” ретінде Ын Чжо болып ойнайтын – Moon Geun Young, ал “Үздік актер” номинациясында екі қыздың әкесі болып ойнаған Kim Gab-soo танылды.

Мақала http://russian.visitkorea.or.kr/ және wikipedia, dramabeans.com сайттарының мәліметтері бойынша жазылды.

4 thoughts on “Аударма қиындықтары

  1. Макголи/соджуда менде кішене не понятка бов калып едім😉

    бұл кино несімен сізді елітті?
    Жанұя тақырыбындағы маған ең үздік деп табылған кинолар:
    1. Sorry, I love you!
    2. Women of the Sun 🙂

    • Білмеймін. Сценарийдің өзгешелігі шығар. Сосын актерлер әрине… )) Психикасынан кеткен қыздың соңына дейін не болары қызық. Сосын мыңқиған сіңлісі. Хи Кун кімді таңдар екен деген ой. Қосыла ма, қосылмай ма.. бәрі қызық болды.

  2. соңғы кезде сериалдар қарамай кеттім
    Сорри ай лав ю дыным ұстайтын сериалдар қатарынан.)
    бірақ ана Жұмақ ағашына қарағанда тәуір енд:))

  3. “Сори, Ай лавта” нандай диалог бар. қайта/қайта қарай бергің келеді:
    – Мен оның асырап алған баласы едім.., Неге айтпады дейсің бе? қорқытып, орнымды тартып аласың деп – айтқан кезде енді(((( майкамды қайта/қайта ауыстырып үлгере алмай қалам тура ше))))

    Сосын шешесінің өзінің баласын танымай
    – Осы баланы мен өмірі жақсы көрмей кететін шығармын деп…

    Туған баласының: – Ана маған рамен(лапша) жасап берші деп…
    Бұл кезде енді, ТВ алдында бірнеше “майка” қойып қою керек шығар))))) шылқылдап…🙂 көз жастан, дым қалмайд енді өзімде))))

    қыздың еріндері жасанды сияқтанып тұрад сондағы басты кейіпкер… сондай деймін/ау шынайы шыққан образ!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s