Сериал мен аңыз

Қазір біздің телеарналардың бірнешеуі корей сериалдарын көрсетіп жүр. Тіпті бас телеарна саналатын Хабарда да біраз болды жаңадан шыққан корейлік телехикаяларды көрсететін болыпты. Өкінішке орай, кешкі 18/00-да болатындықтан, жұмыстағы адамдар бақылай алмайды. Алдында бір байқап қалғанымды, Кореяда жақсы рейтингпен өткен «Хван Чжин И» сериалын көрсетіп жатыр екен. Мен үшін, бұл басты рөлдердің бірінде Чжан Гын Сок ойнағанымен таныс. Сериал 16 ғасырда өмір сүрген атақты куртизанка Хван Чжин И-дің қиын тағдыры жайлы сыр шертеді. Ол ақсүйек пен куртизанкадан некесіз туылған баласы. Анасы қызын қалай да қорғамақ болса да, тағдырдың өзі оны куртизанкалар үйіне алып келеді. Бойына бишілік, ақындық, сазгерлік өнер біткен. Алайда төменгі статусына байланысты қоғамға өзінің бірегейлігін көп дәлелдеу керек болады. Оның өмірінде маңызды рөл ойнаған 4 еркек болған…

Корейлердің тарихындағы фактілерге жүгінсек, Хван Чжин И, тағы да Мён Воль куртизанка есіммен танымал. Ол Чосон әулеті кезеңінде, Джунгджонг патша басқарған уақыттары аты аңызға айналған куртизанкалардың (корейлерше кисаэнг) бірі болған екен. Оның басқалардан ерекшелігі ерекше сұлулығында, асқан ақылдылығында және керемет интеллектінде. Оның жеке өмірі жылдар бойы аңызға айналып, өнер майталмандарына кино, телехикаялар, опера мен көптеген романдар жазуға шабыт берген. Көзқарасындағы тәуелсіздік пен табиғи қанағатшылдық қазіргі Корея жұртшылығын тәнтті етті.

Куртизанканың қызы болғандықтан заң бойынша Хван Чжин И-де куртизанка болуы міндетті еді. Ол кисаэнгтерге тән білім алды, сонымен қатар қытай классикасын, заң, философия, әдебиет және тарихты да меңгерді, соның ішінде өнерді терең оқыды. Тарихи жазбаларда оның геомунгода (корей муызкалық аспабы) ойнай алатын және өлең шығаратын табиғи дарыны болғаны жазылған. Сонымен қатар ол керемет биші де болған. Өзінің көз тартар сұлулығымен ол өз заманында ең танымал кисаэнг болған. Сол кездері біраз танымал тұлғалар, ақындар, философтармен жақын қарым-қатынасты болған деген де жазбалар бар.

Оның қайғылы жеке өмірі болашақта біраз аңыз-әңгімелерге, романдар мен кинофильмдер шығаруға арқау болды. Жазба-деректерге сенсек, он алты жасында ол жергілікті магистратура елшісіне ғашық болады. Сезімі жауапты болса да, шыққан тегіне байланысты олар бірге бола алмайды. Соның негізінде, жас жігіт жаралы жүрегімен өмірден қайтқан дейді. Басқа да деректерде есейген уақытында Хван Чжин И басқа бір ақсүйекпен көңіл жарастырады. Онда да махаббатта жолы болмайды.

Оның біраз өлеңдері Гезеонг өңірінің табиғатының сұлулығына, сол жерлердегі атақты орындар Манволдае сарайына, сарқырамаларына арналған. Басқа өлеңдері өмірінде болмай қалған махаббаттарына арналған екен.

Қосымша ақпарат:
Жыл: 2006
Жанр: Тарихи драма
Эпизодтар: 24
Кореяда трансляция: 11 қазан 2006 – 28 желтоқсан 2006
Рөлдерде:

Ha Jin Won – Хван Чжин И ( Мён Воль)
Shim Eun Kyung – жас Хван Чжин И
Kim Jae Won –  Ким Чжу Хана
Jang Geun Suk – Ким Ён Хо (Чжин И-дің алғашқы махаббаты)
Kim Young Ae – Im Baek Moo (Чжин И-дің мұғалімі)
Wang Bit Na – Бу Ён (патша труппасының куртизанкасы)
Ryu Tae Joon – Пёк Гай Су (патшаның ағайын інісі)

Сериалдардағы барлық саундтректерді мына сілтемеден көшіріп алуға болады.

Ақпарат alliance-fansub.ru сайтынан аударылды.

One thought on “Сериал мен аңыз

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s