Қасиетті «14»!

Кеше көптеген елдер «Әулие Валентин» күнін атап өтті. Осыдан біраз жылдар бұрын, яғни біздің оқушы-студент кезімізде осы күнді тойлау кең белең алған еді. Қазіргі кезде оның теріс пиғылдарын көрсетіп, антижарнамалар жасап, шулап жатқандар көп. Романтикаға бөлінген бір күннің өзі бізге көп болып тұрса, Корейліктер әр айдың он төртін атап өтуге бар екен.

Әдетте 14-ақпан қыз бен жігіттер бір-біріне «валентинкалар» беріп, сыйлықтар жасап жатады. Қыздар осы күні аса құлпырып, жігіттердің назарына, махаббатына бөленеді. Жігіттер де кенде қалмай, көптен күткен махаббат сөздерін естуі де мүмкін. Ал Кореяда бұл күн біраз басқаша сипатта. Көбіне осы күні жердің басқа бөлігі қыздарды қолпаштап жатса, бұл жақта керісінше ерлерге көп назар бөлінеді. Қыздар сүйгендеріне өздері пісірген тәттілерді сыйлайды. («Жігіттің сарбаздары» сериалында Чан Ди-дің Чун Пёға суретін салып, пісіріп әкелген печеньесі естеріңізде шығар) Ал жәй дос, әріптес жігіттерге дүкеннен алынған кәмпиттер де жарай береді.

Ал жігіттерге арнайы 14-наурыз белгіленген, «Ақ күн» деген аты да бар. Осы күні ерлер нәзік жандыларды тәттілермен еркелетеді. (Тіпті ел арасында 14-ақпаннан қалған кәмпиттермен алмасу деп те қалжындайды екен ; ) ) (Осы кезде бізде болған «Iris» сериалы естеріңізде шығар. Басты рөлдегі қыз жігіттің пакетіне үңіле қарап, тезірек сыйласаңшы деп меңзейді. Ал жігіт түсінбей, пакетінен іш киімін алып шығады. )) Қыз бұртиып, ренжіп қалады. Кейін жігіт шығып кетіп, аузындағы конфетті қыздың аузына салады. Осы «тәтті сүйісу» («конфетный поцелуй») Корейліктерде танымалдылыққа ие болды )).

Егер осы екі күнде де сізге ешкім ештеме сыйламаса, онда жалғызбастыларға арналған 14-сәуір мейрамы тағы бар. Ел арасында «Қаралы күн» деген атқа ие болған күнде жалғызбастыларға қара лапшадан көже жасалып, бақытты жұптарға қызғанышыңды бас деген мағына білдіреді )).

Бағана айтып кеткендей, Кореяда әр 14-і қандай да бір мағыналы күндердің бірі болып саналады.

  • 14-мамыр – Раушан күні. Жұптар бір-біріне раушан гүлдерін сыйлайды.
  • 14-маусым – Kiss Day, өз махаббаттарының баянды екенін көрсету үшін бір-бірін сүйеді (қалған күндері сүйіспейтіндей )) )
  • 14-шілде – Күміс күні, жұптар бір-бірімен күміс зергер заттармен алмасады. Әдетте бұл сақиналар, олардың жұп екенін білдіретін және махаббаттарын дәлелдеу мақсатымен.
  • 14-тамыз – Green Day, Әулие Патрик күніне пародия ретінде жұптар жасыл киім киінеді.
  • 14-қыркүйек – Фото/музыка күні, жұптар бір-біріне компакт-дискілер сыйлап, әрі бірігіп түскен суреттер жасайды.
  • 14-қазан – Шарап күні. Әдеттегі соджуды қойып, осы күні қымбат қызыл шарапты төңкеруге бел буады.
  • 14-қараша – Кино күні, махаббаттары берік жандар кинотеатр жағалайтын күн.
  • 14-желтоқсан – Құшақтасу күні. Бұрындары егер жұп құшақтаспаса, кейін ажырасуы мүмкін делінген. Қазір символикалық күн ретінде қалса да, жұптар арасында бір-бірін құшақтап, «осы қыста сені өз жылуыммен қамтамасыз етем» деген нанымды ұстанады.
  • 14-қаңтар – Dairy Day, жұптар бір-біріне өз жеке күнделіктерін сыйлайды, не арнайы сол күнге жасалған күнделік болуы мүмкін. Онда олар бір-біріне айта алмаған сырларын, не мінездерінің олқылықтарын жазып, сыр бөліседі.

Сөйтіп, біздің ел бір күнді көп көріп жүргенде, Корейлік маркетинг жылдың 12 айында да ұйықтап жатпайтын көрінеді. Және де әрбір ай сайын өтетін аталмыш күн біздің бір «онтөртімізге» сыйып кетсе де, романтикалық тұрғыдан біз әлі «демалып қалатынымыз» жасырын емес.

(с) Кореяда оқитын бір қыздың блогынан аударылып алынды.

3 thoughts on “Қасиетті «14»!

  1. Мен ойлай да, бізде де осы 14-ақпанда өз сүйгендеріне өздері пісірген тәттілер сыйлағанды үгіттеу керек па деп. Бір жағынан қыздардың дәмханаға бетбұрысына жақсы мотиватор, екінші жағынан ұлдар да осындай сыйлық алса романтично болады ғой ))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s