Ұлдар кімге ғашық, не, қыздар қандай болуы керек?

Құдайға шүкір, көп көрмесін, менің інілерім жетерлік. Туған екі інім, және де әкемнің інілерінің ұлдары. Ең тұңғыш немере мен болған соң, менен кейін бәрінде ұл туыла берді. Сосын мен айтатынмын, менің ойнайтын сіңлім жоқ болды ғой, неге ұл туа бересіңдер деп кәдімгідей ренжитінмін.)) Қазір қарап тұрсам, ұлдар болғаны қандай жақсы. Қыздар болса, ақыр аяғы ұрсысасың, сонымен қатар азғантай бәсекелестік те болар ма еді… Жалпы қыздар болса қалай болатынын елестете де алмаймын.

Алдында сол үйде отырып, Youtube-тен корей видеоларын қарап отырғам. Бір топ інілерім келіп қалып, бәрі менің Girls’ Generation (екінші атауы – SNSD) тобының қыздарын көріп жатқан видеома тесіле қалды. Одан кетті ғой дейсің, мынаусы әдемі, жоқ мынаусы, ал маған мынау ұнайды, мәә, жынды қыздар екен, т.б. Содан кейін әрбір клиптерін қарап, әрқайсы қыз таңдай бастады.

Бұл тоғыз қыздан тұратын Girls’ Generation тобында кілең даусы да, түрі де, фигурасы да керемет қыздар жиналған. Бір жағынан ойлайм да, кәрістер жасөспірім қыздарға үлкен планка қойды деп ) Өйткені көбі әлбетте еліктейтін болады, әрі жігіттер арасында да SNSD-дан кім ұнайды деп әңгіме арасында талғамдарын сынап алатын көрінеді.

Маған осы топтың «Run Devil Run» өлеңі ұнайды. Маған ғана емес, осы күнге дейін бұл өлеңге клипты ғаламторда жиырма миллионға жуық адам тамашалапты. Көбі клиптен эстетикалық ләззат алатын сияқты, әйтеуір өзіме сондай.

Бұл топ жайлы басында «We got married» ток-шоуының екінші сезонында топтың мүшесі Seo Hyun қатысқаннан білдім. Ол тағы да бір танымал «C.N.Blue» тобының әншісімен жұп құрады. Негізі екінші сезон біріншісіндей аса қызық емес. Өздері айтпақшы, айдолдарды қатыстырып қойған, ал олар жас жұбайлардан гөрі, қыз бен жігіт қарым-қатынасын ойнап жүр. Бірінші сезоннын бір қатысушысы айтқан екен, «Шоуды, «Біз үйлендік» емес, «Біз кездесіп жүрміз» дегенге ауыстыру керек» – деп, дұрыс айтқан сияқты. Жалпы бұл басқа әңгіме, сөзден сөз шығып жатқан соң. Ал әзірге сол өзіме ұнайтын Run Devil Run әніне клипты ұсынамын. Қарап, бағасын берерсіздер деген ойдамын.

Қосымша ақпарат:

Girls’ Generation (Hangul: 소녀시대; Hanja: 少女時代) – 2007 жылы SM Entertainment құрған тоғыз қыздан тұратын Оңтүстік Корейлік топ. Топтың мүшелері: Yoona, Tiffany, Yuri, Hyoyeon, Sooyoung, Seohyun, Taeyeon (лидер), Jessica, Sunny. Girls’ Generation фанклубы көбіне топты SNSD деп атайды – бұл абревеатура топтың корей тіліндегі атынан қысқартып алынған So Nyeo Shi Dae (қытайша топ Shaon Shidai деп аталады). Топтың қыздары топқа келгенге дейін шоу-бизнестің аймағында актриса, диджей, фотомодель ретінде еңбектеніп жүрген. Girls’ Generation Кореяда альбомдарының 100,000 данасын сатқан және де 2002 жылдан бері құралған ең бірінші қыздар тобы болып саналады.

Пы.Сы. Қыздар бәрі бір-біріне ұқсайды демеңіздерші. Бәрі әртүрлі. Макияж бен киім болмаса, сүйкімді индивид қыздар. ))

Мақалада koreanspace.ru аудармалары пайдаланылды.

29 thoughts on “Ұлдар кімге ғашық, не, қыздар қандай болуы керек?

  1. мәссаған! Мынаның бәрі топырлап бір ән айта ма? Қызық екен! Біз мұнда “Орда” тобын көп көріп жүрсек:) Әзіл,әрине! Әдемі-әдемі қыздар! Сұлулық, әсем ән!

    • Ия, мен де басында осылар бәрі топырлап бір әнді айта ма деп таң қалған едім. Қазір қарап тұрсам, әркім өзінің міндетін атқарады, бәрі керек сияқты, сырттан қарағанда да бірге қозғалғандары әдемі көрінеді. Жалпы көңіл бөлгеніңізге рахмет! )

  2. Менде осы өлеңді қатты ұнатамын. Видео/музыка бәрін қалтафоныма жазып алғам. Джынды өлең :)). Тағы бір өлеңі қатты ұнап жүр, тыңдап корсең болады ” Tell me your wish” деген. (бас бармағын көрсетіп тұрған смайлик).

  3. осы кәрістердің ұлы қайсысы, қызы қайыссы білмейсің. Бәрінің беттері үлбіреп, майысып тұрады. Нағыз жігіт-біздің қазақ жігіттері.

  4. Әлбетте ұлтжанды адамға өз ұлтыңнан асқан адам болмайтын шығар. Мен де кейде қанша тамсанғаныммен осы корейдің бір жігітінің қолынан ұстауға бармас едім деп ойлаймын. Кореяда оқитын құрбым да айтады, қаншама жігіттер жүр айналамда, бәрібір олар “не то” )) Қазақтың жігіттеріне жетпейді дейді. )

  5. Кәрістің қыздары керемет қой. Біреуін қатын қылсаң артықтығы жоқ. Бірақ, өзіміздің қазекеңнің қызларына жетпейді!

  6. Run Devil degennen karaganda Oh degen ani jaksy siakty.
    Jalpy Karis juldyzdaryn tyndau ushin football oiyndaryna jii baryp turu kerek. Klubtar olardy adeii akelip oinatady, half-time-da. Ulken derby matchlarda anshiler keledi. Kobinese kyz toby.

  7. мен казактын жигиттерынын баска улт кыздарына карап, кызыгып или гашык болып жургендерын унатпаймын! Быздын жигиттерымыз только бызге караса гой)))

  8. МАГАН КОРЕЙ ТОЛКЫНЫ КАТТЫ УНАДЫ МУНДА ТІРКЕЛГӘМ ТУР БАСЫНДА МУНДА ЖАЙ КІРЕТІНМІН ЕНДІ УНАЙ БАСТАДЫ ОСЫ БЛОГТЫ АШКАНЫНА РАХМЕТ КОРЕЙФАНАТИК

  9. ҚАЗАҚТЫН от жагып, бауырсақ пісіріп ыс пен май сасыған ҚЫЗДАРЫНА жетпейді го мыналардын біри де…………….. мен ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРНЫ жақсы көрем!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s