Big Bang: Қайта оралу

Менің бір оқырманым Big Bang тобы жайлы жазуды сұраған екен. Негізінде өте танымал, талантты топтардың бірі екенін білемін, әрі топтағы әрқайсы шоу-бизнесте ойып орын ала алатын дарындылар. Яғни жеке өлең де айтады, кино-сериалға түседі, шоулардың қадірлі қонақтары, опшым өмірлері жаман емес. Топтың мүшелері бір жылға жуық әркім өз істерімен айналысып жүрген. Беделді мүшелері G-Dragon мен T.O.P бірігіп альбом шығарып, клиптер түсіріп, тіпті Жапонияны да жаулап қайтты. Стильдері көбіне рэп пен R&B болғандықтан, мен мұндай музыканы жақсы қабылдай алмаймын. Сол себепті өнерлеріне аса қызығушылығым болмады. Басқа мүшелері де құр қол жатпай жеке әндер жазып, шоу-жарнамаларға қатысып, ел арасында жүрді.

Қайта оралу барысында түсірілген фотосессиядан. Оригинал малақай ))

Міне, осы жақында Big Bang төртінші мини-альбомды шығаруға бастары бірігіп, бірнеше фотосессия жасап, концерт ұйымдастырған екен. Концертте өздерінің бұрынғы хит-әндерін, және альбомға кіретін «Tonight», «What Is Right», «Cafe» және «Somebody to Love» атты жаңа әндерін орындапты. Әрбір өлеңге би қойып, костюмдер тіктіріп, көрермендерін жақсы әсерде қалдырған ұқсайды. Және осы концертте жақында үлкен рейтингпен өткен «Secret Garden» сериалына пародия жасапты. Негізі Big Bang пародия жанрында да аса талантты деп оқығанмын. Соның ішінде біз білетін «Жігіттер сарбасына» да пародиялары бар көрінеді.

Қайта оралу концертінің басты көзірі болып «Tonight» әніне бейнеклиптің тұсаукесері болды. Сол бейнеклипті сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

4 thoughts on “Big Bang: Қайта оралу

  1. кезінде Жанна бір сілтеме беріп еді http://www.youtube.com/watch?v=RDqcD6P1yXk&feature=related соны тыңдап қатты ұнаттым. Солар кімдер екенін түсінбедім бірақ. Кәрістер екені анық. Сен айтып тұрған Биг Банг емес па? =) былай кісі ажырата алмайды екем, түрлері де ұқсайды екен бір біріне..

    • Эльвира, жоқ, бұл DBSK тобының мүшелері. Әлемге TVSQ деген атпен танымал. 5 әншінің екеусі жеке шығарған ғой дим бұл әнді.
      Осы топтың мүшесі Микки Ючун ойнаған дораманы көріп жүрмін қазір. Сериалдағы дебюты деп жатыр елдер. Сол сериал туралы пост жазатын шығарм жақында.

      • мде, шоубиз профані екенімді білдіріп қойдым ғой масқара =) топтың атын бұрын естігенімен, түрлерін білмейді екем. рахмет ликбез үшін!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s