«Маған тек махаббат керек еді…»

«Жігіттің сарбаздарын» («Лучшие парни», «Boys over flowers») біздің елдің 50 пайызы көрген шығар. Басынан бастап болмаса да, әйтеуір кәрістердің шырттай киініп алып, теледидар жаулап жатқанына құлағдар. Осы сериалды мен «Ел Арнадан» қаншама рет қайталаса да толық көре алмай жүргем. Бір күні жұмыстар шығып қалады, бір күні «свиданиеге» барасың деген сияқты…)

Осы жақында көрген адамдармен «в теме» жүрейін деп, интернеттен бәрін көшіріп алып, басынан-аяқ қарап шықтым. Бір сөзбен айтқанда – Ұнады! Әттең, студент кезімде, жоқ… cол бір махаббатқа қайғырған уақыттарымда көрсем-ші деген ойлар келді. Онда мен осы сериалдың №1 фанаттарының арасынан табылар едім.

Актерлер, жігіттер, бәрін қойшы, музыканы, саундтректі айтсаңшы… Осы сериалдың жапон нұсқасынан кейін барлық кемшіліктерді ескере отырып, қайта түсіргендегі ең үлкен артықшылығы осы музыкасы болар (Жанка ренжімесін, негізі мен онымен жақтасып жапондарды мақтап жүрген едім ))). Қай бір кезі «Hana Yori Dango»-дағы өлеңді мақтап едім, енді есім басқа жаққа ауды.)

Сюжетте естеріңізде шығар, Ку Чжун Пе Макаодан келіп, туған күнін жасайды. Сонда анасы Чан Ди-ді шығарып, өлең айтуын сұрайды. Жылаған жүрегімен батыл қызымыз шығып, фортепианода көңілсіз бір әнді шырқайды. Негізі бір шумағын, онда да жылап қалмай даусы дірілдеп айтса да, өлеңнің сазы бос дүние емес екені көрінді. Ал кеп, интернет ақтардым…

Айтқандай, ән Кореяда танымал туындылардың біріне жатады екен. Көптеген адамдар караокеде осы өлеңді айтуға құмар. Әлбетте, жауапсыз сезімнің мұңын сазды әуенмен жеткізетін бірден бір туынды. Бір ретте Clazziquai тобындағы Alex жайлы жазып едім ғой, міне, осы әнді айтатын Horan да (шын есімі – Choi Soo Jin) осы топтың әншісі. Осы әнді Dave Koz есімді саксофоншымен бірігіп жазған екен. Негізі саксофон көп әндерді лирикалық тұрғыда жақсы ашатын сияқты.

Бәрінен де осы әннің мағынасы мықты ұнады. Артық сөз жоқ, ішкі сыр, «Маған тек махаббат керек еді…»

Сол бір кездер қасымда болғаныңда
Қиыла қараған жанарыңды ұнатып ем.
Кеше мен жыладым, ал бүгін
сенің арқаңда
Мені бақытты болашақ күтіп тұр…

Түрің, қалпың, керек емес еді бәрі де
Тек сенің нәзік махаббатыңа зәру болғам
Өткенді ұмытамын деймін
Сенсіз қолымнан ештеме келер емес…

Махаббат қана, махаббатың маған керек…

Әлбетте көбі Чан Дидің орындауынан соң тани бастады. Сол себепті сол эпизодты және өлеңнің толық нұсқасын жариялап отырмын. Өзіме екіншісі ұнады. Сіздерге де ұнап жатса бағасын бересіздер.

23 thoughts on “«Маған тек махаббат керек еді…»

  1. Бұл киноны «Еларнадан» енді көріп жатқандардың қатарындамын. Расы керек, осы корей киноларын көре, күні бойғы шаршағаным басылып қалады. Өзіңдікі аздай,солардың поблемасына беріліп кететініңді айтсаңшы… Еһһһһһһһһһһһ, маған да керек еді…:)

    • Ия, барлығын ойластырып түсірілген сериалдардың бірі. Көбінің талғамынан шыққан сыңайлы. Әсіресе орыс қыздарының ішінде фанаттары көп екенін көріп, таң қалғаным бар. ))

  2. Осы сериалды Астанада жүргенде көруді бастап, кейін үйге барғанда сіңілім екеуіміз отырып көретін болдық. Сіңілім басында жаратпай, шо за сериал деп мұрнын тыжыртқан еді, былтыр барсам соткасында, дәптерінде, күнделігінде осы жігіттер жүр. Класында айтатындары осы сериал екен ұлының да, қызының да 🙂 Төртінші класта фанат болу дегенді білмеген екем деп қоямын сіңіліме қарап.
    Өкініштісі, аяғына дейін көре алмадым, сәті түссе көрермін деген сериалдар тізімінде тұр.
    Сөз аяғында, Ақзере, өзіңе рахмет айтқым келеді! Әдемі жазып қана қоймай, тың ақпаратпен әрлегенсің.
    Алла ізденуден жалықтырмасын сені! Ізденісіңнің жемісін біз осылай сүйсініп отырып оқылық 😉

    • Ой рахмет, Гульшат! 🙂 Айтпақшы, 4-сынып деген соң есіме түсіп отыр. Былтыр ма жұмыста бір әріптесім, Ф4 деген не? дид. Мен де түсінбедім, қалай эффо деп. Бір корейский сериал бар екен ғой сондай, менің 9 жасар қарындасым соны сұрап қоймай жүр дейді. Соны мен де айттым, ой қазір бәрі сонымен ауырып жүр ғой десем, ой тоғыз жаста қайдағы жігіттер деп қояд )) Соның дискісі бар ма деп, Көк базардан қара дегем.

      • Кіп-кішкентай болып махаббат туралы әңгіме айтады өздері 🙂
        Офф-топ болсын енді, он жастағы сіңіліме өз қатарлы балдардан жігітің бар ма деп келген смс-терді көргенде құлап қала жаздадым. Біз, қай бала ұнайды деген сұрақпен шектелетін едік :))

  3. басты рөлдегі қыз онша ойнамайды((( реалдан алшақтау, басын онды/молды қисайтып, басы қақпайтын қыз сияқты.(((
    4 жігітте әңгіме жоқ енді. 🙂
    скрипкада ойнайтын қыз бейнелі жігіттің бағы жанып-ақ тұр дәл осы кинода)))
    жапондардың версиясындағы қыз нағыз боевая енді)))) балтыр/санды айтыңыз берекелді)))) неге екені камераны сол жапон версиясында төменен көп алған, балтырға еріксіз көзің түсе береді)))) секілдеп секіретін тұсы енді шынайы.)))))
    ал мына корей версиясындағы қыз ғана ұнамады, былай жақсы кино шыққан!!!
    так что жапон версиясын көріңіздер 😉

    • Шынымен, жапон нұсқасында қыз жақсы таңдалып алынған. Кореяны бастап қарағанда осы қызға жыным келіп отыратын еді. Бірақ кейін үйреніп кетеді екенсің. Сериалда мынадай диалог бар: «Неге мен? Мен әдемі емеспін, түрім де, фигурам да жоқ. Бай да емеспін. Неге мені таңдадың?» деп. Соған қарағанда режиссерлардың басты мақсаты сол болған, әдемілік емес, кішкене бір «жындылау» қызды әкелу. ))

    • Корейліктердін версиясын коргеннен кеин, жапондыктардікі бір турлі болып корінеді…актерларына уйрене алмадым…

  4. Негізі жігіттер шаштарын бұйралап, сәнденбесе де әдемі еді ғой. менімше, оларды тым «жылтыратып» көрсетіп тастаған сияқты. Сосын үлкендердің әңгімесін айтып жүрген актерлардың ылғи мектеп оқушылары боп жүргені қызық көрінді. Бұл оғаш көрінген тұстары. Ал қалғанының бәрі керемет)))

  5. Ен алгаш коргенимде шынымды айтсам кинонын магынасын6 не жайлы екенине ман бермеппин….тусинбегендиктен интернеттен тауып алып кайтадан кордим…Чан ДИмен бирге жыладым..кулдим)))) 16 рет кордим…шаршаган кезимде коре беруден жалыкпаймын!!!!алі кунге деин корип келемин…МАган КАТТЫ унайды…

  6. Салем осыда ойнайтын шашы узын сары жігіт бар емес пе сол бір кызыкты отбасы туралы телешоу жургізеді деп окып калып едім бір жерден енди соны таппай журмін комектесіп жіберші өтініш!

Leave a reply to Inkar Жауап беруден бас тарту