Жұлдыздар – әскерде!

Жазба, әрине, «Шіркін-life» жайлы емес. Алайда қатысы да бар шығар. Бұл реалити-шоуда біздің «жұлдыздар» он күнге барып, бір тал шашқа сонша шу көтеріп жүрсе, корей «жұлдыздары» оның ішінде жігіттер, міндетті түрде 30 жасқа дейін өз әскери борышын өтеуі керек екен. Яғни, дені сау, әскерге жарамды кез-келген корей жігіті Отан алдындағы борышын өтеуі міндетті, оның ішінде әртіс болсын, шенеуніктің ұлы болсын бәріне заң – бір.

Сондай міндеттемелермен актер, әншілер отызға тақағанда екі жылға әскерге аттанып отырады. Енді бұл жақтағы «дедовщина» дегендерден бейхабармын. Алайда орда бұзар шақта осындай шешім қабылдауларына қарағанда, қорқатын ештемелері жоқ сияқты. ) Керісінше өз аттарымен елінің әскеріне үлкен жарнама жасайды, жасөспірімдерге үлгі болады.

Lee Dong Wook ("My Girl") & Kim Jae Won ("Wonderful life")

Міне, осындай мақсатпен қазіргі уақытта бізге танымалдардан «My Girl» дорамасында басты екі кейіпкерлерді ойнаған Ли Чжун Ки (Lee Jun Ki) мен Ли Дон Вук (Lee Dong Wook) былтыр әскерге аттанып, өз борыштарын атқарып жатыр. Бір кездері екеуі әскери казармада кездесіп, фанаттардың сұрақтарына жауап берген де екен.

Жақында «Hello, God!» («Жаратқан ием, армысың!») дорамасында ойнаған Ю Гун (Yoo Gun)  да әскерге аттанатыны жайлы хабарлапты. Енді екі жыл шоу-бизнестен қол үзейін деп тұр.

Hyun Bin, Yoo Gun, Lee Jun Ki

Үлкен рейтингпен көрсетілімі аяқталған «Secret Garden» сериалынан кейін актер Хён Бин (Hyun Bin) де отан алдындағы борышын атқаруға шешім қабылдапты. Жаңалық пайда бола салысымен, фанаттар Хён Бинді әскерге шығарып салуға Сон Хе Гё келе ма деп талқылауды бастапты. Алайда, 7-наурыз күні екі жұлдыздың ұйымдастырушылары олардың қарым-қатынасы осы жылдың басында үзілгендігі жайлы хабардар етті. Алғаш екеуі 2008 жылы «The World That They Live In» («Мир в котором они живут») сериалында бірге түсіп, махаббаттары жанғанымен, кейін екеуінің де әртүрлі жобаларда қызу жұмыстар барысында, уақыттың жетіспеуінен қарым-қатынастарын үзуге бел буыпты. Сол себепті әскерге аттану салтанатында жақындар арасында экс-сүйіктісі Сон Хе Гё көрінбеді.

Сонымен қатар, осы жылы фильмге түсірілім біткен соң Рэйн (Rain) да өз елінің әскер қатарын толықтырмақшы.

Ақпараттар мен суреттер allkpop.com сайтынан аударылды.

10 thoughts on “Жұлдыздар – әскерде!

  1. Бұрындааа “Жас дәурен” деген дораманы көрген болатын, дорама емес комедия десе де болады. Сондағы басты кейіпкер жігіт әскерге кеткен болатын.
    Сериалдарда сән қуғыш көрінгенмен, реалда әскер өміріне төзімді жігіттер екен ғой. Енді “Жігіт сарбаздарының” әскер сарбаздарына айналуын күтеміз.

  2. – Әскерге бодым, ақша көп болды… келген соң соның буына зина жасап кеттім))))
    – ақшаны Кім өкімет береді ме?
    – әрине, сонда қалып жұмыс істесеңде болад… деді. менің бір сеулдік тансым. дед*тер жайлы сұрағым кеп еді, сол тұста ұмтып кетіппін. керек десен онлайн болған кезде сұрап алайн? )))

    бұл ел, жақсы қолға алған/ау деймін. Бір жерден жақында оқып қалып едім. Амал қылып, бір жұлдыз* әскерден қашып, шет елге тұруға шешім қабылдап, кетіп қалып, ел дауы басылды/ау деген кеде жайбарақат келіп, концерт бермекші болыпты. фанаттары қолына келгендерін лақтырып игнорға жіберіпті. сөйтіп масқара күйге көшіпті. корея өз елі дегенде шығарға жаны басқа дейді. өтірік/расын🙂

    саясатта: корея елі, кризиске кетіп, тығырықта болған кезде, жай қарапайым халық, қолындағы бағалысын беріпті дейді… ел артындағы аңыз))) оқиғаларды инетен үзіп алып үзінді істеуге болушы еді, ерніп отрымын🙂 ренжіме😉

    • бірінші оқиға өтірікке саяды =) өйткені, “повестка” келген сәттен әскерге шақырылған адамға шетелге кету үшін военкоматтан рұқсат қағазын алу керек. Бұл қатаң қадағаланады. Яғни, борышын орындамаған елден сыртқа оңай шыға алмайды. білуімше.

      Ал екінші әңгіме рас сияқты – мен де естігем – тығырық кезінде ел асар етіп қаржы жинаған. Тіпті әйелдер алтын жүзіктеріне дейін өз еркімен тапсырған екен үкіметке. Тығырық біткен соң үкімет борышын халыққа 2 есе етіп қайтарған екен. яғни, халықтың үкіметке, үкіметтің халыққа деген сенімі мол. әлі де солай деп ойлаймын.

      Әскерлік өмір жайлы білетінім. Әдетте жастар университеттің бірінші курсында борыштарын өтеп шығады. Яғни, универге түсіп бірінші курстан кейін көбі армияға кетеді. Сол кезде өтемеуге себептері болғандар военкоматқа уақытылы өтініш жазып кейінге шегеріп тастайды. Әртістердің көбі кәсіптерін себеп қылып кеш барады армияға. Сосын біздің армиядан тағы бір ерекшеліктері – қай әскери күште болатынын таңдай алады деп білемін. Мысалға, жоғарыда аталмыш Hyun Bin теңіз флотқа жазылған естуімше.

      • өтірік расын кім біліпті, бірақ менде сол әскер жағдай болған соң есіме түсіп жазып жатқаным ғой🙂 Интернетте солай жазыпты, орыс тілінде… негізі қай елде болмасын ит/шошқа бір пенде болуы шарт тірлік ғой :)))
        жақында Азияда да болған сұмдықты да естіп, аузыма артық ауыз сөз түспей қалатын кездер болды))) сіз сияқты кәрістерді жақсы көретіндердің қатарынан едім менде😉 saken деген блоггердің өз көзімен көргені мына жерде: http://www.kerekinfo.kz/blog/326.html#comments

        түйгенім: шет елде жүріп масқара тірлік жасама, еліңді қаралайсың…

      • шорақ тілім мына дегеніңізді түсінбеді – “қай елде болмасын ит/шошқа бір пенде болуы шарт тірлік” – түсіндіріңізші =)

        сілтеме бойынша барып, Сәкеннің жазуын оқыдым. имхо – өз басым сол комменттегі “шамалыдан кейін досым айтады” дегенді, Сәкеннің “өз көзімен” көргендікке жатқызбас едім =) досының пайымдауы ғана сияқты. өзіңіз айтқандай “өтірік расын кім біліпті” =) жо, кәрістердің бәрі жаппай “белые и пушистые” дегенім емес бұл. әр елдің жақсысы да жаманы да болады әрине. дегенмен, сонааааау алыстан келіп 500 теңгеге қарап қалды дегенге сенбеймін. келмей қалған достардың билеттерін кассада қайтып алмағаны үшін, даладан сата салды деген версия сенімдірек сияқты өзіме.

      • жо/жоқ менің кәрістеріме тимеңдер)))) мен оларды сүйемін деп жата кеп ағыл/тегіл жылағым кеп кетті))))
        бірақ арасында КЗлық коменттерге де көңіл бөле жүрейік дегенім ғо…
        Шынымды айтсам, Азиядаға кеп бәленбай ақшаларын қиып отқан мәрт жәңкүйерге, сонау 800 т. билеті не қойшы дегім келеді іштей.

        Ортаға Сәкенді шақырамыз)))
        Сәкен, Сәкен…🙂

      • келісемін. авиабилетке 800 доллардан астам төлеп, 800 теңгені несіне қисын. мүмкін:
        (а) мәселе билетте емес – ойынды көбірек адам көрсін деген ниетте болар =)
        (b) 800 теңгенің долларға шаққандағы бағаны есептей алмаған шығар =)
        (c) т.с.с.

        Анар, армия туралы жазуыңды басқа арнаға бұрғанымыз үшін кешір. Айта берсең әңгімеден әңгіме шығады деген осы =(

  3. Мәссаған, сен айтқандай, “бір тал шашқа “бола шу шығарған, “жұлдызбын” деп кеудесін соққан біздің жұлдыздармен салыстырғанда мыналарың мықты екен. Шоу-бизнестен қол үзе тұратынына қарамастан, борышын өтеу деген әр азаматтың алдындағы парызға селқостық танытпағандарына қарағанда, талап күшті сияқты.

    • Ең басты отансүйгіштік қасиетті дұрыс қолға алған деп ойлаймын. Бір жағынан ол жақта бір ұлт басым, яғни корейліктер. Екіншіден, адам саны көп. Және де экономика тұрғысынан аса қиыншылық көріп жатқан жоқ. Осыдан барып неге әскерге бармасқа деп ойлайтын шығар. )

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s