Кеудеге орамал байлау сериалдары

Корей жігіттері қыздарға ұқсайды деп көп пікір айтылатынмен, жігіттер қыздың рөлін ойнағанын көрмеппін (бәлкім ішкі намыс жібермейтін шығар). Алайда қыздар жігіттің рөлін сомдауға ықыласпен барып жатады. Бір-біріне ұқсайтыны рас болғандықтан, режиссерлар да мұны жақсы пайдаланып жүр.

Осымен қыздың жігіт болып ойнап, махаббат шытырмандарына ұшырайтын үшінші (!) дораманы бітірдім. Ең бірінші «A.N.Jell – Ты прекрасен!» сериалында егіз ағасының орнын уақытша алмастырамын деп, ұлдардың тобына ұл болып келген әнші қыз жайлы болып еді. Алғаш осы сериалдан бастап корей сериалдарына толықтай «отырып» алған едім.

Білмей жатсаңыздар, екіншісі жігіт болып ойнайтын қыз (актриса Пак Шин Хе)

Енді бұл қыз жігітке өте ұқсады (актриса Юн Ын Хе)

Қыздың – жігітке айналу шабытынан сондай типтегі «The 1st Shop of Coffee Prince» (Первое кафе принц) дорамасын тәмамдадым. Бұл жердегі махаббатпен аса ләзаттанбасам да, актриса жігіттің рөлін жақсы сомдады. Тіпті басында оның не қыз, не ұл екенін өзім де айыра алмаған едім. Алайда басты рөлдегі жігіт қызды ұл деп жақсы көре бастағанынан, біртүрлі гомосексуализмнің иісі аңқи бастады. Әлі де мұндайға анайылық ретінде қарайтын мен, кейіпкердің қыз екенін басынан білсем де, махаббат өрбіп жатқанын қабылдай алмадым.

Соңғы «Sungkyunkwan Scandal» (Скандал в Сонгюнгване) дорамасын да басында қыздың ұл болып ұлдар мектебіне түсетінін оқығанда, тағы да «киім алмасу» ма деп, жақтырмаған едім. Кейін бір жерден жақсы пікірлер оқып, көруге бел будым. Және де басты рөлдерде DBSK тобының экс-мүшесі, қазірде JYJ тобында өнер көрсететін Пак Ючон (Микки) (Park Yoochun) ойнайтынын біліп, көрейін деп шештім және өкінген жоқпын. Әлбетте, кейіпкер қыз ұл болып ойнағанмен түріне қарап, қыз деп бәрі айтуы хақ. Алайда, сериалдағы оқиға сонау Чосон дәуірінде, қыздарға оқуға болмайтын кезде, сонымен қатар ол тек ұлдар ғана оқитын ең үлкен оқу орны Сонгюнгванға түскендіктен, оның ұл екеніне күмән келтіргендерімен, мұндай заң бұзушылыққа бара алмас деп ойлайды. Сөйтіп, тағы басты кейіпкеріміз өзін қызтеке санап, ұлды сүйіп қалдым деп жүргенде жігітіміз а-ля қыз болып шығады. )))

Енді мұнда қайсы қыз екені айдан анық (актриса Пак Мин Йоң)

Негізі былай ойға қонымсыз сюжеттер болғанымен, былайынша қызық. Өйткені осы 3 сериалда да бір кейіпкер қыз екенін біліп жүріп, жақсы көрсе, екіншілері білмей жақсы көріп қалады. Орталарына тағы қыздар қыстырылсады, ақырын-ақырын махаббат өрбиді. Сөйтіп, ал кеп қиналады. Кейін білген соң, шок болғандарын көрсең… )) Осы моменттер үшін көруге болады негізі.

Жалпы «Sungkyunkwan Scandal» осы алдағы екі дораманың барлық тұстарын жақсартып, ішіне философиялық тұрғыда изюминка қосып, толыққанды етіп түсірген ұқсайды. Сериал барысында Конфуцийдің көптеген нақыл сөздерін естуге, яғни оқуға болады.

Басты рөлде ойнаған актриса Пак Мин Йоң (Park Min Young) өте әдемі. Микки Ючон да сериалдағы дебюты болса да өте түзу адамның рөлін жақсы алып шықты. Жарасымды жұп болды. Сондықтан махаббат ертегісі де өз миссиясын орындады деген сөз. )

5 thoughts on “Кеудеге орамал байлау сериалдары

  1. Сіздерден өтініш: интернетті ашып қалсам, каріс сериалдарының көптігі соншалықты, қайсысын көрерімбі білмей есім шығады. Қай сериал жақсы? маған кеңес беріңіздерші… (мен көрген сериалдар: “Ты прекрасен”, “Журегімде калган күз”, “Ыстық ұя” …) Сіздерден кеңес асыға күтемін!

  2. Pingback: Пак Мин Ён, Big Bang және т.б. | Корей толқыны

  3. Pingback: A.N.Jell: You’re beautiful жапонша қайта жаңғырды | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s